Семинар №4 Тақырыбы: Термодинамика заңдарының биологиялық жүйелер үшін қолданылу мүмкіндіктері Тексерген : Қайрат Б.Қ



бет1/5
Дата27.09.2022
өлшемі3,56 Mb.
#40425
түріСеминар
  1   2   3   4   5
Байланысты:
БТ-07 биофизика 4н


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Биология және Биотехнология факультеті
Биотехнология факультеті
Семинар №4
Тақырыбы: Термодинамика заңдарының биологиялық жүйелер үшін қолданылу мүмкіндіктері
Тексерген: Қайрат Б.Қ.
Топ: БТ-07
Орындағандар: Гаппарова А., Кульниязова А., Құрманәлі Б.
Жоспар:
  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім

  • 1. Термодинамиканың бірінші заңы
    2. Термодинамиканың бірінші заңын биологиялық жүйелер үшін қолдану
    3. Термодинамиканың екінші заңы
    4. Энтропия ұғымына сипаттама
    5. Термодинамиканың екінші заңын биологиялық жүйелер үшін қолдану
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе:
Термодинамикалық жүйе ұғымының астарында біршама шектеулі кеңістікте қамтылған макроскопиялық дене бар. Бұл кеңістіктің шекарасы ретінде жүйені қоршаған əлемнен немесе қоршаған ортадан бөліп тұратын математикалық жазықтық алынады. Бұл анықтамада қолданылған кейбір ұғымдарды нақтылап алайық. Кеңістіктегі шектеулілік жүйе денесімен толтырылған біршама көлемнің бар екендігін білдіреді. Математикалық кеңістік деп соңғы қабаты болмайтын кеңістікті атайды. Мұның нақты шекараларды идеализациялау екендігі анық, бірақ ол модельдік түсініктерді елеулі түрде қарапайым етеді. Макроскопиялық дене деп көптеген бөлшектерден (молекулалар мен атомдардан) тұратын денені атайды. Классикалық термодинамика оқшауландырылған жəне тұйық
жүйелерді сипаттаумен айналысады. Ашық жүйелер теориясы
(теңсіздік термодинамикасы) ХХ ғасырдың 30-жылдарында пайда болды.
Негізгі бөлім
  • Термодинамиканың бірінші алғышарты тарихи тұрғыдан механикалық жұмыс пен жылу эквиваленттілігінің анықталуымен байланысты. Бұл Р. Майер жəне Д. Джоуль есімдерімен байланысты.

Р. Майердің өз идеяларын түгелдей жəне жүйелі түрде дамытқан негізгі еңбегі 1845 жылы жарияланды жəне биофизика тұрғысынан «Зат алмасумен байланыстағы органикалық қозғалыс» деп аталды. Майер бірден термодинамиканың бірінші алғышартын табиғаттағы қозғалыстың кез келген формасы бағынатын қағидат ретінде алға тартты.
Джоуль механикалық жұмыс пен жылу эквиваленттілігін 39 индуктивті жолмен, яғни механикалық қозғалыстың жылуға айналуын тікелей тəжірибелік түрде өлшеу арқылы анықтады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет