Семинар 5 Мотивтер және қажеттіліктер. Мотив түрлері


) Зейіннің шоғырлануы мен ауысуын зерттеу



бет2/2
Дата15.11.2023
өлшемі24,64 Kb.
#123770
түріСеминар
1   2
6) Зейіннің шоғырлануы мен ауысуын зерттеу.
Зейіннің айтылған психикалық үрдістерден айырмашылығы өзіндік іс-әрекеттік нәтижесінің болмауында. Сонымен бірге зейінсіз ешқандай іс-әрекеттің тиімді орындалуы мүмкін емес. К.Д. Ушинскийдің айтуынша «сыртқы әлемнен санамызға бәрі біздің рухымыздың жалғыз есігі — зейін арқылы енеді».
Психологиялық сөздіктерде зейін — адам санасының белгілі бір объектіге бағытталып, шоғырлануы деген анықтама берілген.
Белгілі мерзімде оқушының зейінді болуы немесе болмауы біршама қылықтарынан, жүріс-тұрысынан көрінеді. Мысалы, зейіннің кейбір қасиеттері әр адамда әр түрлі дәрежеде көрінеді. Зейін мынадай ерекшеліктермен сипатталады: көлемі, бөлінуі, шоғырлануы, тұрақтылығы, ауысуы.
Зейіннің көлемі — адамның бір көргенде-ақ қабылдаған объектілер саны. Зейін көлемін анықтау үшін тахистоскоп аспабы қолданылады.
Зейін көлемін анықтау үшін уақыттың 1/10 секунд ішінде 10-12 бірліктерден тұратын сандар, әріптер неше түрлі кескіндер жиынтығы көрсетіледі. Осы уақыт ішінде көріп қабылдау әбден жеткілікті, бірақ, көрінген барлық кескіндерді саналы түрде бейнелеуге уақыт аздау.
Сыналушы адам тек бірнеше объектілердің ғана атын атап, өзгелерін жөнді байқай алмайды. Ересек адам зейінінің көлемі өзара байланыссыз 4-6 бірлікке тең.
Егер әріптерден мағыналы сөз құрастырсақ, онда көрінетін әріптердің саны едәуір көбейеді. Бірақ бұл жағдайда сөздің өзі тұтасқан бір объект болады да, сыналушы сөз әріптерінің орны ауысқанын, кейбіреуінің түсіп қалғанын аңғара алмайды. Объектілерді топтастыру арқылы зейіннің көлемін ұлғайту топтың жеке қасиеттерін байқап, аңғара білуге кедергі болмауы керек.
Зейіннің бөлінуі деп адамның кез келген іс-әрекет кезінде зейіннің бір мезгілде бірнеше объектіге бағытталуын айтады. Бір мезгілде өлең жаттап, әрі қарапайым қосу мен азайту амалына есеп шығарып көрсек, мұның оңай емес екенін бірден байқаймыз. Мұндайда бір әрекет екінші әрекетке кедергі болады. Іс-әрекет үрдісінде зейін бір-ақ нәрсеге ауады. Себебі оның физиологиялық негізі-ми қабығындағы оптимальдық қозу ошағының жалғыздығы. Күнделікті өмірдегі іс-әрекетінде адам өзінің зейінін бөле білуді жетілдіріп, тәрбиелеуі қажет.
Мысалы, жас ұстаз өз зейінін бірнеше объектіге бөле алмағандықтан, сыныптағы оқушыларды жекелеп көре алмайды. Сабақ айтып тұрып, қате жіберуі де, оқушылар жауабындағы қателерді де байқамай қалуы мүмкін.
Мұғалім назары өзі айтып тұрған материалға ғана ауады. Дегенмен, ұстаздық тәжірибесі біртіндеп жетіле түскендіктен, оның оқу материалын меңгеруі мен түсіндіруі жеңілдей түседі, зейіннің оған бөлінуі де ширап, сыныпты толық меңгеретін болады. Әрбір нәрсеге зейін аудару іс-әрекет үстінде дамып, бірті-бірте адамның жеке басының маңызды сапасына айналады.
Зейіннің шоғырлануы — адам санасының белгілі бір объектіге айрықша бағытталуы. Зейіннің шоғырлануы оның көлемімен, бөлінуімен де тығыз байланысты. Зейін бағытталған объектілер саны неғұрлым аз болса, шоғырлану соғұрлым күшті болады. Іс-әрекетті дәл және ойдағыдай орындау үшін зейінді күшті шоғырландыра білу қажет. Мәселен, математикадан есеп шығарып отырған оқушы зейінін тек есептеуге, таңбаларға ғана аудармаса, онда ол есепті дұрыс шығара алмайды. Зейін шоғырлануының физиологиялық негізі – қозудың оптималдық ошағы туғызатын, бір уақытта пайда болатын теріс индукция. Индукция тудыратын тежелу есебінен ми қабығының аз ғана бөлігінде күшті пайда болады.
Зейіннің тұрақтылығы деп оның объектіге бағытталып, ұзақ уақыт бойы шоғырлануын айтады. Зейіннің бұл қасиеті жүйке үрдістерінің күшіне, әдеттерге т.б. жағдайларға байланысты. Зейіннің алаңдауы тұрақты зейінге қарама-қарсы сипат. Ол зейін толқуынан көрінеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет