Семинар-5 Тұрақты тіркестерді тауып, астын сызыңыз да, қайсысы идиома, қайсысы фраза екенін ажыратыңыз



Дата14.10.2023
өлшемі17,4 Kb.
#114464
түріСеминар
Байланысты:
cem 5


Семинар-5
1. Тұрақты тіркестерді тауып, астын сызыңыз да, қайсысы идиома, қайсысы фраза екенін ажыратыңыз

  1. қас пен көздің арасында - лезде, жылдам, тез

  2. төбе шашы тік тұрды - қорықты, шошыды

  3. ит арқасы қиянда - алыста

  4. ит өлген жер - алыс, шалғай

  5. қой аузынан шөп алмас - момын, жуас

  6. қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман - бейбіт, тыныш уақыт

  7. жүрек жұтқан - ержүрек, батыр

  8. жерден жеті қоян тапқандай - қуану

  9. тақырға отырғызып кетті - алдап кету

  10. қолы жеңіл - ісі сәтті

  11. қолы ашық - жомарт.


2. Жаутаңдап қарап дала тұр, көз жасын сүртіп жаңа бір. хабарсыз ұлын сұрауға, жолыңды тосып ана жүр. қанша үйдің ұрлап , қанша үйде сөніп қалды оттар. көрдің бе ұлын ананың, соғыстан қайтқан солдаттар?
3. Фразалық тіркестерді тауып, қандай мәнде айтылып тұрғанына түсінік беріңіздер. 1. Адассаң, өзім бармын. Жарғақ құлағым жастыққа тимейді, іздейтін боламын (С.Шайм.) Жарғақ құлағы жастыққа тимеу – тыным таппау. 2. Сүттен ақ, судан таза адамды балағаттауға ұялсаңшы (М.И.). Сүтке тиген күшіктей болу – сүмірейіп қалу3. Мұндайда аузын бағатын күзетші Мәмет қарт та сөйледі (Ғ.Мұст.). 4. Келіні оның құлақ аспаған түрін көрсе де, тоқтайтын емес. 5. Ақбалаға үйленгеннен бері ғана, Еламан өзіне туыс тауып, қайын жұртына кәдімгідей арқа сүйейтін болды (Ә.Н.).

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет