Дауыссыздардың дауыстың (салдырдың) қатысына қарай жiктелуi
Екпін және оның түрлері
Силлабикалық талдау жасаңыз: Күш кемiдi, айбынды ту құлады,
Билет
Қазақ тiл бiлiмiндегi буын туралы көзқарастар
Қазақ алфавитiнiң қалыптасуы мен даму кезеңдерi
Сала сөзіне Қ.Жұбановтың теориялық негізі бойынша және қазіргі кезде бекітілген теориялық білім бойынша буындық талдау жасаңыз
Билет «Е» фонемасының сипаттамасы.
Жақтың қызметiне байланысты дауысты дыбыстардың жiктелуi.
Берілген мәтіннің ішінен интонацияның компоненттерін табыңыз. Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын! Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.
Билет Орфография мен орфоэпия ілімі
Қазіргі қазақ тілінің интонологиясы
Төмендегі өлең жолдарын орфоэпиялық норма бойынша жазып шығыңыз
Күш кемiдi, айбынды ту құлады,
Кеше батыр – бүгiн қорқақ, бұғады.
Ерiкке ұмтылған ұшқыр жаны кiсенде
Қан суынған, жүрек солғын соғады.
Билет Сөз басындағы дыбыстық құбылыстар
Қазақ орфографиясының принциптері
Сөздердің бірге және бөлек жазылуына байланысты тілдік фактілерді келтіріңіз
Билет Әуеннің сипаттамасы
Интонологияның негізгі бірліктері
Сөйлемге интонологиялық талдау жасаңыз. Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ болады.
Билет Қазақ орфографиясының қалыптасу тарихы.
Фонологиялық мектептердің айырмашылығы
Қазақ тіліндегі екпінге бағынбайтын қосымшаларды қатыстырып мәтін құраңыз.
Билет Дауысты дыбыстарды атаңыз (вокализмдер)
2. Жуан дауысты дыбыстардың жасалым жүйесін атаңыз
3. Берілген сөйлемді синтагмалық топқа бөліңіз. Кез келген халықтың тарих сахнасына шығуы жүйеге бейімделген біртектес өмір салттың ғана нәтижесі емес сонымен бірге қасиеттік деп саналатын арман-аңсардың (идеал) да біртұтастығына айғақ. Олай болса Абай сынының тәлкегіне түскен еріншектік дарақылық жалқаулық күншілдік өтірікшілік өсекшілдік, мақтаншақтық жағымпаздық жікшілдік сияқты қасиеттер қазақ баласының кейбірінің бойындағы туа біткен кемшілік емес сол Абай өмір сүрген қоғамдағы саяси әлеуметтік қатынастардың нәтижесі екеніне ден қою қажет. Сонда Абай бұрынғы бабаларымыздың бойынан көрген «кемшіліктерді» себеп ретінде емес, сол замандағы саяси-әлеуметтік қатынастардың салдары ретінде қарастыруға жол ашқан. .