Семинар: Бақбергенова Роза Қожабайқызы Алматы, 2022 Аралық бақылау уақыты наурыз, 2022 жыл Пән



бет3/3
Дата15.10.2022
өлшемі79,5 Kb.
#43221
түріСеминар
1   2   3
Байланысты:
ФУНКЦИОНАЛДЫ ФОНЕТИКА АБ 1-курс 6B01701

Билет

  1. 1930 жылдардағы кірме сөздердің орфографиясы

  2. Транскрипция мен транслитерация

  3. Ы, і, ә әріптері емлесіндегі ерекшеліктерді көрсетіңіз және олардың сөз басында, ортасында, аяғында жазылу тәртібіне тоқталыңыз.



Билет

  1. Әріп мен дыбыстың айырмашылығын және ортақ белгілерін көрсетіңіз

  2. Дауыссыз дыбыстардың жасалымы

  3. Мәтін ішіндегі буын үндестігіне бағынбайтын сөздерді табыңыз.

Байдікі күзек алады десіп жүрді. Бір күні таңертең тұрсақ, байдың үйінің алдында қойлар көгендеулі тұр. Үлкендер белдеріне ескі шапан, жаман-жұман киім байланып алған. Біреулері қырықтық қайрап отыр. Біреулері қой жығып жатыр. Біреулері қой қырқып отыр. (А.Байтұрсынұлы).


Билет

  1. Тiл қатысына қарай дауыстылардың жiктелуi.

  2. Интонологияның негізгі компоненттеріне байланысты теориялық білімдер

  3. Адам болам десеңіз...

Бес нәрседен қашық бол...,—
Бес нәрсеге асық бол, - деген жолдарды акцентологиялық талдау жасаңыз


Билет

  1. Инвариант, вариант, вариация ұғымдарының арақатынасы

  2. Қазақ тіліндегі дыбыстық құбылыстар

3.Берілген сөйлем ішінен тіркес екпінді ажыратып жазыңыз.
Ата-ана қызығы.
Ыдыс-аяқ сылдырламай бола ма?
Бәріне кінәлі сен ғой өзің.
Өзің жақсы еңбек ет.
Қара теңіз жағасында болдым.


Билет

  1. Қазақ тіліндегі буын және олардың түрлері

  2. Қазақ тіліндегі екпін түрлері

  3. Өлең үзінділеріндегі сөздер ішінен дауысты фонемаларды теріп, олардың әрқайсысына акустика-артикуляциялық мінездеме беріңіз.

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Билет

  1. Қазақ тіліндегі монофтонг дауысты дыбыстар

  2. Қазақ тіліндегі логикалық екпін

  3. Сөйлемге сегментологиялық талдау жасаңыз. Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік.



Билет

  1. Қазақ орфографиясының принциптері

  2. Қазақ тіліндегі сөз ортасындағы дыбыстық құбылыстар

  3. Берілген сөздердің қанша дыбыстан, қанша әріптен тұратынын дәлелдеңіз және де дыбыс пен әріпке анықтама беріңіз.

Жұмыс, тіл, сызығы, домбыра, совхоз, кезек, зерттеу, туралы, ми, ит, институт, университет, ою, қоян.
Билет

  1. Фонология және фонетиканың қарастыратын мәселелері

  2. Редукция және ол туралы пікірлер

  3. Қазақ тіліндегі аффрикат дауыссыз дыбыстарды көрсетіп, олардың «аффрикат» деп аталуының себебін түсіндіріп, аффрикат дауыссыз дыбыстар қатысқан сөзді жазыңыз

Билет

  1. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың зерттелімі

  2. В.Радловтың қазақ тілі дыбыстары туралы айтқан пікірлері

  3. Төмендегі сөздерге мына үлгі бойынша талдау жасаңыз:

дыбыс саны–
әріп саны –
буын түрлері –
екпін түсіп тұрған буын –
тасымалға бөлу –
транскрипциясын жазу –
Өлең, дифтонг, жұмыс, клуб, рахмет, ажырат, мерей, қолғап, кітап, инелік.


Билет
1.Қазақ тіліндегі ұяң дауыссыз дыбыстардың жасалымы
2.Екпін категориясын қазақ және орыс тілдері бойынша салыстырыңыз
3. Төмендегі өлең жолдарын орфоэпиялық норма бойынша жазып шығыңыз
Күш кемiдi, айбынды ту құлады,
Кеше батыр – бүгiн қорқақ, бұғады.
Ерiкке ұмтылған ұшқыр жаны кiсенде
Қан суынған, жүрек солғын соғады.


Билет

  1. Фонеманың мәнi мен қызметi, аллофондар.

  2. Фонетиканың салалары

  3. Түбір мен қосымша аралығындағы үндестік заңдылығын түсіндіріңіз.

Туған елім, қазір сенің арман қуған балаң көп,
Бәрі өзіңді армандайды асылым деп, анам деп
Бәрі бірдей алқынғанмен, талпынғанмен мұратқа,
Сенің қатал талғамыңнан шығу қиын бірақ-та (М.Шаханов).


Билет

  1. Ә.Жүнісбектің қазақ тіліндегі екпін туралы пікірі

  2. Қазақ тілі фонетикасының зерттелуі

  3. Өлең жолдарын буынға бөліңіз және де оның тасымалдану жүйесін түсіндіріңіз

Бұлттарын түйдек алып кеп,
Жасаулап туған мекенін,

Сары мақпалмен әдіптеп

Келінтөбенің етегін;

Шүрегейлері асығып,

Күз жетсе қоңыр самал боп,

Шүберек сөмке асынып

Билет

  1. Қатаң және ұяң дауыссыз дыбыстарды атаңыз

  2. Сингорманизм, вариант, вариация, инвариант терминдеріне сипаттама беріңіз

  3. Берілген мәтіннің ішінен интонацияның компоненттерін табыңыз. Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын! Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.

Билет

  1. Қазіргі қазақ тілі фонетикасының зерттелуі

  2. Дауысты дыбыстарды атаңыз

  3. Ана сөзіне фонологиялық талдау жасаңыз



Билет

  1. Суперсегментті фонетиканың негізгі ілімдері

  2. Орфоэпиялық норма

  3. Берілген өлең жолдарына интонологиялық талдау жасаңыз

Еркiн ырғып шыққам асқар Алтайға,
Қырда тұрып садақ тартқам Қытайға.
Талай тайғақ, тар кешуде таймаған
Батыр жүрек, қайрат ендi алдай ма?!


Сараптама қорытындысы: _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Сараптама жасаушының аты-жөні: ___________________________________

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет