Семинар "Балабақшада заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру"



бет2/7
Дата25.01.2023
өлшемі35,57 Kb.
#62854
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
семинар дамытушы ортаны жобалау

1. Кіріспе. Құрметті әріптестер! Бала тұлғасын дамытудың, танымдық
қызығушылығын қалыптастырудың маңызды факторларының бірі қоршаған орта – бала өмір сүретін, ойнайтын, дем алатын орта болып табылады. Балаға сезім мүшелері арқылы әсер ете отырып, оның әсемдік, талғам, құндылық бағдар туралы түсініктерін қалыптастыруға болады. Осының барлығын балабақшада балаға жағдай құру барысында ескеру қажет.
Соңғы уақытта «заттық дамытушы орта» ұғымы пайда болдыЗаттық дамытушы орта дегеніміз не? (тәрбиешілердің жауабы)
«Заттық-дамытушы орта – бұл баланың рухани және дене дамуының функционалдық үлгідегі мазмұны, оның іс-әрекетінің материалдық обьектілерінің жүйесі»
Олай болса, біздің бүгінгі теориялық семинарымыздың тақырыбы «Балабақшада заттық дамытушы ортаны ұйымдастыру ерекшелігі» деп аталады.


ДАМЫТУШЫ ОРТАНЫ ҚҰРУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ МАЗМҰНЫ 


1. Арақашықтық принципі – үлкендер мен баланың өзара 
әрекетіндегі позициялар:
- қарым-қатынастағы серіктестік;
- оңашалану мүмкіндігі.
2. Белсенділік, өзінділік және шығармашылдық принциптері:
- балалар іс-әрекетінің өзіндігі мен шығармашылдығы үшін жағдай;
- баланың іс-әрекет нәтижелерін сыйлау.
3. Тұрақтылық принципі – қоршаған кеңістіктің 
динамикалылығы: топтық орындарда ортаны жайлы етіп өзгерту 
мүмкіндігі.
4. Комплексиялау және ыңғайлы аймаққа бөлу принциптері:
- белсенділіктің қиылыспайтын сферасын құру;
- функционалды орындар дайындауды ұйымдастыру.
5. Әр бала мен үлкен адамның эмоционалдық жағдайының 
жақсы болу принципі: оңашалану бұрыштары, әр бала үшін жеке 
кеңістік.
6. Ортаны эстетикалық тұрғыда ұйымдастыруда үйреншікті 
және ерекше элементтерді үйлестіру принципі: өнердің әр түрінде 
эстетика санаттарын үйлестіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет