7. Әр балаға ортаның ашықтық-жабықтық принципі: қоғамға,
табиғатқа, мәдениетке, өзінің «Мен»-іне ашықтық.
8. Ортаның компоненттерін қалыптастырғанда және оны толтырғанда жыныстық және жас айырмашылықтарын ескеру принципі.(гендерлық) 1. Баланың сұранысына сыйластық принциптері (қозғалыстағы,
қарым-қатынастағы, танымдық, қолдаудағы, өз беттілігіндегі сұраныс):
- еркін кеңістіктің болуы;
- жабдықтың қолжетімділігі және оның көптүрлілігі;
- топтық орындардың аймақтарға икемді (қатаң емес) бөлінуі.
2. Баланың пікіріне сыйластықпен қарау принципі: ортаны құрғанда,
оны өзгерткенде, байытқанда балалардың пікірлнрі мен ұсыныстарын
ескеру.
3. Заттық-кеңістіктік ортаның функционалдылық принциптері:
- балалар талап еткен және әртүрлі дамытушы функциялар орын-
дайтын материалдар мен жабдықтарды жинақтау;
- уақыттың ағымына сәйкес материалдардың өзара ауыстырылымдығы;
- құралдар көпфункционалды, комбинаторлық, нұсқалы болуы
тиіс.
Қысқаша айтқанда Заттық-кеңістіктік дамытушы ортаға қойылатын жалпы талаптар: - қауіпсіз;
- қолжетімді;
- әртүрлі;
- мазмұнды;
- көп атқарымды;
- өзгермелі;
- тартымды.
Балабақшада заттық дамытушы ортаны ұйымдастыру ерекшелігін талқыламас бұрын осы тақырыпқа қатысты терминдерге шолу жасайық.
2.Глоссарий Глоссарий – қандай да бір білім саласына арналған терминдердің түсіндірмелі сөздігі. Заттық дамытушы ортаға байланысты сөздерге сипаттама беріңіздер (глоссарий құру)
Жүргізуші слайд арқылы ойнап жүрген балалардың суреттерінен 2-3 үлгі көрсетеді; ойыншықтардың; үлкен-кіші қуыршақтардың суреттері, қуыршақ театрының бір көрінісі – үзінді сурет; Сюжетті-ролдік ойын – ойын сәтінен үзінді сурет; пирамида мен шахматтың және доптың суреті; Ойыншық – баланы алдандыруға, жұбатуға арналған зат; баланы дамыту, тәрбиелеу және білім берудің маңызды құралдарының бірі.