3-семинар.Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы Ерекше білім беру қажеттілігі (ЕБҚ) – бұл көптеген дамыған елдер-де кеңінен таралған түсінік, өйткені инклюзивті білім берудің принципіне сәйкес әр оқушының жемісті білім алуы үшін барлық жағдайларды жасауға мектептің назарын аударады.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес (бастау-ыш, негізгі орта және орта) оқуда қиындықтарға тап болған оқушылар үшін арнайы жағдайлар жасалады. Қазіргі уақытта еліміздің білім алуында қиындықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мен білім беру жүйесінде оқытудың арнайы жағдайын құру барысында келесідей құжаттарды басшылыққа алу ұсынылады: оқу жоспары мен оқу бағдарламасын өзгерту;
оқыту нәтижелерін бағалау әдістерін өзгерту (оқушылардың оқу үлгерімі);
оқытудың арнайы, вариативті және альтернативті әдістерін қолдану;
оқулықтарды, оқу әдістемелік құралдарын, жеке оқу материалдарын таңдау;
оқыту формасын таңдау
компенсаторлық және техникалық құралдарға мұқтаждық;
арнайы психологиялық- педагогикалық көмек (психологтың, логопедтің, арнайы педагогтың (олигофренопедагогтың, сурдопедагогтың, тифлопедагогтың);
педагог-ассистентің көмегі;
әлеуметтік – педагогикалық көмек.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастырудың негізгі бағыттары: білім беру процесіне қатысушылардың қызметін анықтау;
мектептің ағымдық жағдайын талдау және бағалау;
мектептің педагогикалық ұжымын кәсіби дайындау;
мектеп қауымдастығын дайындау;
одақтастар мен әлеуметтік серіктестерді іздеу.
Мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысы келесі принципте құрылады: а) бағалаудың кешенді (пәнаралық) тәсілі:медициналық мәліметтер мен баланың әлеуметтік-психологиялық даму тарихының зерттелуі, әр түрлі мамандардың (психолог, логопед, арнайы және әлеуметтік педагогпен) тексеруі;
б) жүйелі және біртұтас тәсіл: оқыту қиындықтарының пайда болу себептері мен механизмдерін белгілеу, табысты оқытуға кедергі келтіретін бастапқы (жетекші) және қайталама қиындықтардың арақатынасын белгілеу;
в) оқушылардың өзгеріп отыратын қажеттіліктерін динамикалық зерт-теу: оқыту процесінде жаңа қажеттіліктерді қанағаттандырудың және олардың пайда болуының мониторингі;
г) командалық жұмыс негізінде:
Аутизм - бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Симптом ретінде аутизм көптеген психикалық ауруларда кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда ерте жастан байқалып, бала дамуына кері әсерін тигізеді. Ерте балалық аутизм психикалық дамудың зақымдалуының бір түрі ретінде қарастырылады.
Аутист бала өмірдің бірінші айларынан бастап ерекше дамиды: бәрінен бұрын бұл балалар айналадағы адамдармен әрекеттестіктің барлық түрлерінен алшақтайды. Көзге қара- майды, қолға сұранбайды, тамақ сұрап мазаламайды, жөргек суланса не бір жері ауырса сезбейді. Аутист балалардың назарын адамға, басқа нысанға аудару және бірнәрсе үйрету қиын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
https://images.app.goo.gl/pACr6JMYE6V6vTjA9