7 семинар. «Философиядағы адам мәселесі».
А) Адам мен әлем. Көне дәуір философиясындағы
адам мәселесінің
қаралуы: Үнді, Қытай, Грек философиясы. Қазақ философиясы тарихындағы
адам мәселесінің қойылуы: жыраулар, Абай, Шәкәрім және ХХ ғасырдағы
қазақ зиялыларының философиясы.
Б) Жаңа заман және классикалық неміс философиясы адам туралы.
Механикалық антропология. Ф.Ницше және А. Шопенгауер, К.Маркс және Ф.
Энгельс. Л.Фейербахтың материалистік антропологизмі.
С) Қазіргі заманғы философия адам туралы: Э. Кассирер, И. Хейзинга,
Г. Маркузе, М.Шелер, --А.Гелен, М. Хайдеггер, Н.Бердяев, Карл Ясперс, Жан-
Поль-Сартр. Адам, кісі, тұлға ұғымдары.
Адамның ой-сезімін, мінез-құлқын тәрбиелеп, жетілдіру арқылы бақыт
жолына салу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін
тікелей арнаған орта
ғасырдағы Шығыстың ойшыл философы, біздің әйгілі жерлесіміз әл-Фараби
болды. Әл-Фарабидің айтуынша, бақыт – әр адамның көздейтін мақсаты. Сол
мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін адамның үш түрлі тамаша табиғи қабілеті
болады: 1) ерекше жасалған дене құрылысы; 2) жан құмарлықтары; 3) ой-
парасаты. Бұл қабілеттер өзінен-өзі табииғат
берген қалпында бақытқа
жеткізбейді. Бірде жақсылық толық нәтижесін берсе, енді бірде керісінше
болуы мүмкін. Мұндай кездейсоқты жеңуді жолы – аталған үш
қабілеттің
әрқайсысын дұрыс жолға бағыттап тәрбиелеу, сол арқылы адамның мінез-
құлқы мен ой-парасаты оларды саналы түрде үнемі дұрыс нәтиже туғызатын
дәрежеге жеткізу. Мұны іске асыру: адамға және мемлекет басындағы саяси
қайраткерлердің міндеті. Әл-Фараби былай деп үйретеді: қандай болса да іс-
қимылын
жасағанда адам біржақтылықтан, үшқаралықтан сақтану керек.
Себебі әрбір жақсы қасиет бір-біріне қарама-қарсы екі жаман қасиеттің
аралығынан туады. Оның бұдан мың жылдан астам уақыт бұрын айтылған
ойлары бүгінге дейін маңызын жойған жоқ.
Қазір Бүкіл адамзат алдында бұрын
болмаған ауқымды мәселелер
қойылуда. Олардың ішінде бейбітшілік пен қарусыздану, қоғамдық және
әлеуметтік даму, кейбір мемлекет пен
аймақтардың артта қалуын жою,
ғылыми-техникалық жағынан алға басу, халық ағарту және мәдениет
мәселелері,
халық санының өсуі, денсаулық сақтау, адамның жаңа
биологиялық және әлеуметтік жағдайларға үйренуі,
материалдық қор мен
энергетика, азық-түлік пен табиғат және т.б. сияқты күрделі мәселелер бар.
4. Адамның әлеуметтік тәртібін қалай түсінесің, ол қалай қалыптасады?
5. Әлеуметтік бақылау дегеніміз не?
7.2 Баяндамалар мен рефераттар тақырыптары.
1. Еңбек құндылық ретінде.
2. Жеке адамның дамуындағы табиғилық пен қоғамдық.
3. Шоқан адамның құқығын қорғау және қоғамдық құрылысты өзгерту,
Оның негізгі бағыттары туралы не айтты?
4. Абай, Ыбырай шығармаларында адам тақырыбы қалай сөз болған?
5. Шәкәрім,
Сұлтанмахмұт, Жүсіпбек және т.б. адамның адамдық
мәртебесі туралы пікірлері қандай?