3.А)Макроэкономикалық тепе-теңдік.Б) Экономикалық теорияда экономиканың құбылыстар - «экономикалық толқулар», «экономикалық цикл» кезеңдері. А) Макроэкономикалық тепе-теңдік - жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдік көрінісі. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс сызықтарының қиылысуының мағынасы – бұл баға дәрежесінің теңдігі мен ұлттық өндірістің тепе - теңдігі. Мұнда, Р - бағаның жалпы дәрежесі, Q - тауардың жалпы көлемі, Ре - баға дәрежесінің тепе-теңдігі, Qе - өндіріс көлемінің тепе-теңдігі.
Б) Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және ол төрт кезеңнен тұрады.
Циклдың кезеңдері:
Дағдарыс (құлдырау, рецессия).
Тоқырау (стагнация).
Жандану.
4.Өрлеу (бум).
4.Цикл кезеңдеріне сипаттама беру.
Дағдарыс кезеңінің сипаттамасы келесідей:
Артық өндіріс себебінен өндірістің көлемі қысқарады, банктер мен кәсіпорындар күйзеліске ұшырайды.
Жалақы төмендейді, жұмыссыздық өседі.
Бағалы қағаздар нарығы құлдырайды, акция курстары төмендейді.
Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлемесі өседі.
Экономикалық өсу түрлері және себептері.
Экономикалық өсуді өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:
Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.
Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.
Экономикалық өсудің типтері мен факторлары.
Интенсивті типі
Экстенсивті типі
Аралас типі
Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз өндірістің нақты көлемін және оның тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына мен процестер. Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей факторларға бөлінеді.