А)Ұлттық экономикалық жүйенің зерттейтін мәселелері. Б) Ұлттық шоттар жүйесі (ҰШЖ)
А)Нарық жағдайындағы ұлттық экономикалық жүйе қоғамдық өндірістің динамикалық өсіп-өркендеуіне экономикалық категориялар микро және макроэкономикалық талдау жасайды.
Б) Ұлттық шоттар жүйесі экономиканың дамуын және халық шаруашылығының балансын жалпылама сипаттайды. БҰҰ-ның статистикалық комиссиясы жасаған ҰШЖ әлемдік тәжірибеде 1953 жылдан бастап қолданып келеді.
А)ҰЕЖ мынадай негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге негізделеді: жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ.), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), таза ұлттық өнім (ТҰӨ), ұлттық табыс (ҰТ) және жеке табыс (ЖТ).
Б) Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) – белгілі уақыт кезеңінде қоғамның қарамағындағы ұлттық өндірістік факторлармен өндірілген барлық игіліктер мен қызмет түрінде анықталады. Басқаша айтқанда жалпы ұлттық өнім ЖҰӨ – бұл ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бір жылдық нарықтық құны. Экономикалық теорияда ЖҰӨ номиналды және нақты деп бөледі.
Номиналды (атаулы) ЖҰӨ- тауарлар мен қызметтер өндірісінің ағымдағы бағалармен есептелген көлемі.
Нақты ЖҰӨ - тауарлар мен қызметтер өндірісінің тұрақты бағалармен емептелген көлемі.
ЖҰӨ дефляторы бағалардың салыстырмалы өзгерісін сипаттайды.
ЖҰӨ дефляторы номинальды жалпы ұлттық өнімнің нақты жалпы ұлттық өнімге қатынасы арқылы анықталады.
ЖҰӨ-нің өсу факторлары: