Семинар жұмысы Тақырыбы: «Қарым-қатынас психологиясы. Қызметтік қатынастар мен байланыс»



бет1/3
Дата17.10.2023
өлшемі87,25 Kb.
#117031
түріСеминар
  1   2   3
Байланысты:
қызметтік қарым-қатынас


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және саясаттану факультеті


Семинар жұмысы
Тақырыбы: «Қарым-қатынас психологиясы. Қызметтік қатынастар мен байланыс»

Тексерген: Бердибаева Света Кыдырбековна
психология ғылымдарының докторы, профессор


Орындаған: Магистратура 1-курс студенттері:
Қожахан Е,. Рахымғалиқызы Д
әлеуметтану мамандығы,
Советалы А – педагогика және психология мамандығы


Алматы, 2023

ҚАТЫНАСТАР ПСИХОЛОГИЯСЫ
Адамаралық қатынас дегеніміз — қарапайым да күрделі проблема Күнделікті тұрмысымызда осы қатынассыз жасауымыз мүмкін емес. Адам арасындағы қатынастардың түрі келесідей; жеке және қызметгік дара және топтық тең құқықты және тәуелді, қарама—қарслықты және дау-дамайлы. Жеке қатынастар екі адам арасындағы сүйіспеншілік пен жек-көрушіліктен, сыйластық пен араздықтан, сенімі мен көдіктенуден тұрады. Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы әр жеке адамның қоғамдағы орны мен міндетіне тәуелді емес. Мысалы, бала өз ата-анасын сыйлауы да, жек көруі де мүмкін; өз қызметін ойдағыдай атқарып жүрген мұғалім бір шәкіртіне үлкен сүйіспеншілік танытса,екінішсін көргісі келмейді.
Егер ара қатынастар әрбір аданның меншікті қажеттері сипатында қаралса, олар жеке қатынастар атанын, ал ара қатынас тұтастай жүйелікке сүйеніп, екі, одан да көп адамдардың сипаттамасы ретінде қабылданса, топтық қатынастар деп аталады.
Тең құқықты қатынастар — катынас мүшелерінің құқықтары мен міндеттері теңгерілген жерде, ал тәуелді қатынастар құқықтары мен міндеттері бірдей болмаған жағдайларда қалыптасады.
Қоғамдық-әлеуметтік жағдайларға байланысты бір ортаға түсіпр қалған адамдардың бірі екіншісіне өзін алшақ ұстау қажеттігі де туындап қалады. Мұндай кезде адамдар бір-біріне тікелей жек көрушілік танытып, арадағы мәселе бойынша ешбір келісім мүмкіндігін таба алмайды да, іздемейді де. Мұның бәрі ортадағы жанжалды қатынастың ушығуынан.
Адамдар арасындағы және бір ерекше қатынастар түрі- бұл екі ұшты, амбивалентті қатынастар. Мұндай ара байланыстың себебі бір адамдағы екіншіге деген өзара тікелей қарсы екі бірдей эмоцияның : жек көрушілік мен құрметтің қосарлана жүруі.
Адамдар арасындағы қатынастар сол қатынастардың нақты адам өміріндегі маңызына қарай да бағаланады. Қарым-қатынас адам үшін неғұрлым маңызды болса, оның бағалануында соғұрлым дәлсіздіктер жіберілуі мүмкін. Өзінің төңірегіндегілермен байланысына аса үлкен мән берген адамдар, арақатынастарының ұнамды тараптарын асыра мақтауға бейім келеді. Керісінше, кім де кіммен ұнамсыз қатынаста болса, адам ондайда қарсыласын түбін түсіре жамандауға ниеттенеді де тұрады.
Әрқилы адамдардың өзара қатынастарын тануда көптеген жеке дара ерекшеліктер бар. Кейбір ой-сезімі толысқан, парасатты адамдар өзара қатынастарды жан-жақты пайымдаумен, дұрыс қабылдауға қабілетті, екінші біреулердің жалпы оң пікір айтуға тіпті өрісі жетпейді, ал үшіншілер төңірегіндегілердің өзіне дегем бағасын бірде дұрыс түсінсе, бірде оған сана-сезімі жетпей қалады.
Адам аралық қатынастар толық қалыптасып, орныққаннан былай біркелкі тұрақты қалыпқа келеді. Егер де қатынасғарға тән осы қасиет болмағанда, адамзаттық қауымдар: мемлекет, мекеме және топтар түзілмес еді. Себебі қауымдық бірлестіктердің негізі жалпы адамдардың өзара қатынасының тұрақтылығымен біртекті болжамға келуінде. Ал жеке тұлғалар арасындағы өзара байланыстар тұрақтылық дәрежесінің біршама кемдігімен ерекшелінеді.
Үлкен әлеуметтік топтардағы қызметтік, ресми қатынастар өзінің күшті мызғынастығымен байқалады, кіші топтағы байланыстар да біршама осылай. Ірілікішілі қауымдастықтардағы қарым-қатынастар
көптеген өмірлік маңызы зор факторларға тәуелді, сондықтан адамдар мұндай жағдайдағы қатынастарды өзгерте бергенді онша құптамайды.
Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастар өте нәзік те үзілгіш келеді, себебі нақты тұлғалар арасындағы қатынастар сол қатынас иелерінің құбылмалы көңіл-күйіне тәуелді. Уақыттын өтуімен, жастың егде тартуымен аралық қатынастар тұрақтала түседі, балалық пен жас өспірім шақтағы адамдар арасындағы бұрқасын жол таңдау бұл кезде сабасына келе бастайды, адамның ішкі дүниесі сабыр тауып, кездейсоқ қатынас, байланыстарға құлаи түспей, өз қалауын таңдай алу қабілетіне жетеді. Қатынастардың тұрақталуының және бір жөні адамдар бірін бірі жете танып, бірінің қылығына екіншісі көнігіп, өзара үйлесімге бейімделуі.
Адамдардың алғашқы танысуынан олар арасындағы бұдан былайғы қатынастардың қай сипатта боларын аңғара салу өте қиын. Көп жағдайда, тым жақсы басталған таныстық қапелімде үзіледі, ал кейде тіпті басқаша да болады: алғашқысында әйтеуір бірдеңеден ұнатпай жүрген адамынабара-бара үлкен құрметпен қатынас көрсеткендер де аз емес. Мұндай жағдайлар адамдардың бір біріне алғашқы танысуда берген бағалары мен қабылдауына байланысты психологиялық заңдылықтарға орай туындады.
Нақты мезеттегі адамдар арасында болатын қатынастардың сипаты көптеген шарттарға тәуелді, мысалы, адамның денсаулығы мен психологиялық кейпі. Ден сау, көңіл көтеріңкі болса, төңірегіндегілермен қатынаста әп-әдемі, үйлесе түседі. Көңіл-күйге жайлы жағдай болса, қатынасың одан әрі беки түседі, ал қандай да әбігер күйде түзілген қатынас көбіне баянды болмайды.
Адамдар арасындағы қатынастар олардың жеке мінез-құлығына да байланысты. Әрдайым ұнамды арақатынастардың орнығуына адамдағы қайырымдылық ақ көңілдік, үйіршендік, достық пен ұжымшылдық қасиеттер пайдалы. Ал сенімсіздік, күмәншілдік, өшпенділік, тұйықтық пен өзімшілдік- қалыпты қатынастар орнығуына кері әсерін тигізеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет