Семинар жұмысы Тақырыбы: «Қарым-қатынас психологиясы. Қызметтік қатынастар мен байланыс»


Адамдардың бірін-бірі қабылдауы мен түсінуі



бет2/3
Дата17.10.2023
өлшемі87,25 Kb.
#117031
түріСеминар
1   2   3
Байланысты:
қызметтік қарым-қатынас

Адамдардың бірін-бірі қабылдауы мен түсінуі.

Адамдар арасындағы қатынастардың қалыптасуы , әдетте олардың бірін-бірі қабалдай алуы, түсінуі және бағалануына байланысты, яғни тілдесу нәтижесінде бір адамның екіншісінің образы жөнінде топшылаған ой-пікірі.
Кейде кездейсоқ ұшырасқан адамымыз көптен таныс сияқты болып көрінеді.Ал тілдесе келе, оның әрекет-қылығына мән бере, тіпті басқа біреу екеніне көз жеткіземіз. Кейде, керісінше, алғашқыда танымасақта,адамның мінез бітістерінен, әрекет-қылығынан бұрыннан бізге таныс белгілерді байқап, жақындасуға тырысамыз. Осыдан, біздің санамызда бекіген адам бейнесінде үлкен рөл ойнайтын- мінез бітістері, екінші орында — адамнын сырт көріністері.
Уақыт ағымына берілмей, ұзақ мерзім сақталатын белгілер — адамның қажетсінулері әрекет-қылық мотивтері мен қызығулары. Бұлар бойынша біз адамды тануымыз мүмкін, бірақ бұл үшін аталған белгілер сол адамның сырт көрінісі мен мінезінен біраз байқалуы тиіс.
Жоғарыда бөгде адамды тану, білу мүмкіндігін әңгімеледік, ал енді адам өзін-өзі сарапқа сала алама, жоқ па деген сұраққа жауап ізделік. Бұған оң да, кері де жауап айту мүмкін. Егер адам өзін-өзі түк танымаса, онда оның қауым ортасындағы әрекет-қылықтары алдын ала өзіндік болжастыруға келмей, тұрақсыз кейіпке енер еді. Сонымен бірге, мұндай адамның қатынас қылығы мен іс-әрекеттері ақыл оралымынан алшақ төңірегіндегі ісімен сәйкестік таппайды. Егер адам өз әрекетін сырт көзбен бағалай алмаса, оның іс-қадамдары кейбір жағдайларда оған көрінеді. Егде адам бала сияқты былдырласа немесе бала жасына келмей үлкеннің ұстамдығын танытса, төңірегіндегілер мұндайларды не жай күлкіге алады не сайқы-мазаққа телиді.
Екінші тараптан, егер адам өзі жөнінде бәрін біле берсе, онда өмірге деген қызыгушылыктың да қажеті болмай қалары сөзсіз, себебі саналы адамның бар өмірлік болмысы осы өзін тануға деген жоғары ынта-ықыластан нәр алады. Адамның қалыпты өмірі үшін өзін-өзі біле ал-мастықта, аса көп білу де сиыспайтын құбылыстар.
Адам өзінің шындыққа келетін сырт көрінісінен басқа өзінің мінез бітістері жөнінде де азды-көпті мәліметке ие, бірақ бұл мәліметтер көбіне адамның өзі жөніндегі ұнамды пайымдауларды қамтиды. Сонымен бірге, адам өзінің кейбір әлеуметтік талапқа сай қажетсінулері мен әрекет-қылығының түрткілерін тануға бейім.
Іс-әрекетте нәтижеге жетсе, мақтау алып, не сәтсіздікке ұшырап сырттың жоғары немесе ұнамсыз бағасына кезігумен де жеке адам өзінің қабілет деңгейін сезеді. Өмірде жетіскен ісіне қанағаттануын болмаса қанағаттанбауын ішкі, ниетсіз психологиялық бейнемен салыстыраалса, адам өз қажетсінулері мен мотивтерінің оң не теріс бағытын дұрыс та толық тани алады.
Есге ұстайтын жәйт, өз бағаңды қорытындылауда-толығымен басқалар пікіріне құлай түсу болмайды. Себебі өзіңіз ұнамды қатынастағы адамдар сізді асыра мақтауға дайын тұрса, қалай да жек көретін адамдар сізде бірде-бір ұнамды қасиет көре алмауы мүмкін. Сонымен бірге, әр адам өзінің афферент жағдайындағы әрекетін тіпті де білмеуі мүмкін, себебі мұндай саналық басқарудан айрылғап кезде, адам өзіне, басқалар реакциясына обьектив баға беріп, әрекетін байқастық қабілетінен айрылады.Алғашқы әсер тәсілі бөгде адамды біріншікөргеннен қалыптасатын образды бекіту үшін қолданылады. Бұл құбылыстың болуы адамға байланысты алғашқы әсердің кейінгі әсерлерге қарағанда күштірек сезілуінен. Назарға алынған адам жөнінде көп, әртүрлі ақпаратты бірінен кейін бірі бір ізді қабылдау кезінде біздің санамызда ең алғашқы мәлімет тұрақталып қалатыны ғылымда дәлелденген.
Ал енді жеткізіліп жатқан ақпараттағы адам қасиеттерінің тізімі молдау болып, мәлімет бөліктерін хабарлау барысында біршама уақыт үзіліс болса, алғашқы ақпарат соңына қарай ұмтылады.
Ықтималды болжай әсерлену деп келесі құбылысты түсінеміз: адам миы болашқ оқиғаларды алдын ала болжастыру қабілетіне ие. Осыдан тұлға басталған іс-әрекеттің бағдарын, қарқындылығы мен ақырғы нәтижесін күні бұрын жоспарлайды.
Асыр сілтеу әсері адам жөніндегі алғашқы бағанығң кекйінгілеріне күшті ықпал етуінен пайда болады. Мұндай әсерден бірінші берілген мінездеме қатып қалған , өзгермес күйге түседі.
Психологиялық бейне жасауда ең күрделі де маңызды тәсіл жеке адамның бітістерді біріктіре әсерлену құбылысы.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет