Семинар материалдары №1 45minut kz Республикалық ұстаздарға



Pdf көрінісі
бет16/25
Дата22.12.2016
өлшемі2,47 Mb.
#46
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25

Терминдермен жұмыс   
Король..................................................................................
Жасақшылар ....................................................................
Граф.....................................................................................
Аллод............................................................................
Колондар..............................................................................
Франктердің христиан  дінін қабылдауы. Хлодвиг  498жылы өзінің жасақшыларымен  христиан 
дінін қабылдады .Христиан   діні франктер мен римдіктерді жақындастырып , бір халыққа 
айналдырды . Шіркеу  басшылары  оның кеңесшілеріне айналды .
Жаңа сабақты  бекіту сұрақтары :
 1.Рим империясының  әлсіреу себептері ?
 2..Халықтардың ұлы қоныс аударуын кімдер бастады?
 3.Құл иеленуші   қоғам қашан жойылды ?
Үйге тапсырма : §1. Ежелгі герман тайпалары  және Рим империясы
-------------------------------------------------------------------------------------------------------
Оңтүстік Қазақстан облысы  Шымкент қаласы
 №25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясы
  Шукурбекова Сәуле Боранбековна                
Сабақтың тақырыбы:     ‹‹ Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті››
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:   Орта ғасырлардағы    Қытай мемлекеті, саяси құрылысы, діннің таралуы
                      жайлы  , оқушыларға тарихи мағлұмат беру
 Дамытушылық:  ой пікірін , көзқарасын     қалыптастыру, өз ойын еркін айтуға ,тарихи 
                              оқиғаны талдай білуге үйрету
Тәрбиелік:          еңбекке, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі:   интерактивті тақта, XI-XVIғасырлардағы    Қытай,   Жапония елдерінің   
                        саяси  картасы,  тірек -схемалар т.б
Әдісі:        кім жылдам, картамен жұмыс,  цифрлар   сөйлейді,
Түрі: саяхат    сабақ
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеп , олардың зейінін сабаққа аудару
    
Бүгінгі   сабақта  ‹‹ Орта  ғасырларға   саяхат ›› жасаймыз. Сынып    екі  топқа  бөлінеді.  
 Сұрақ- жауап  сайысы  ( өткен тақырыптардан.)
                ‹‹  Ойлан тап››
1.Жапонияда  мұрагерлік  жер не деп аталады?   (сеэн)
    2.Жүз  жылға  тең келетін  уақыт  өлшемі?  (ғасыр)
   3.Славян  алфавитінің  негізін  салушылар?  (Кирилл мен Мефодий)
      4.Көшпелі  арабтарды  қалай атаймыз? (бәдәуилер)
    5.Орта ғасырлардағы    шіркеу соты ?  (инквизиция)
   6. Христиандардың  қасиетті  қаласы? (Иерусалим)
    7.Мұсылмандардың  қасиетті  қаласы? (Мекке)
   8.Рим Папасының  иелігі қалай  аталады? (Ватикан)
     9.Орта ғасырлардағы салық түрі? (барщина)
     10.Томаға тұйық  шаруашылық  қалай аталады? (натуралды.)
  Үй тапсырмасын сұрау. Жапониядағы феодалдық құрылыс.
    Сәйкестендіру  тесті  1.  Самурай         ......................А).ең жоғарғы билік                    
                                          2.Дайме....................................Ә)..әскери адамдар                      
                                         3.Сеэн........................................Б) жаңа әлеуметтік топ
151

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
                                          4. Микадо...................................В)..ең ірі феодалдар
                                          5.  Сегун........................................Г.) мемлекет иесі,мұрагер
                                          6.  Император................................Д) жер иеліктері  
                                         ‹‹Цифрлар  сөйлейді.››
  1192 ............1428 ........1199...........36..........67..........1532......1483.......1573......1592......265.
     Үй тапсырмасын қорытындылау.
  Жаңа сабақ:  Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті 
     Жоспар: 1 Қытай- ежелден  жер шаруашылығымен айналысқан   ел.
                                     2.Қытайдағы  жер иеліктері
                                 3.Орта ғасырлардағы Қытайдың  саяси құрылысы
                  4.Діннің  таралуы.
Қытай жерінде  құлдық  қоғам ыдырағаннан  кейін феодалдық қатынас орнай бастады.
Қытай  жері Ұлы Қытай қорғанынан Оңтүстік Қытай  теңізіне  дейін, сол кездегі шаруа-
 шылығы жақсы дамыған аймақтар-Хуанхэ,Янцзы өзнедеріне және Сычуань,Шаньдань 
аймақтарына  дейінгі  жерлерді алып жатты.  (картамен жұмыс)  . Қытайда   суармалы егіс 
кең етек алды. Қытайды әлі күнге дейін Жібек елі деп атайды.  Себебі:Қытайда  ежелден 
 жібек құрты  өсірілді.  
Қытай мен Батыс Еуропа  арасындағы сауда жолы Ұлы Жібек жолы деп аталады.
Қолөнер өте жақсы дамыған,әсіресе қыштан жасалған ыдыстар,қола  және темір бұйым-
дар  шетке шығарылған.
Қытайда  жер иелігінің екі түрі болды.  Император қолындағы жер мемлекет меншігі деп
 есептелді.  Императорға қызмет атқарған адамдарға жер берілді.Шаруалардаың да  үлес-
тік жерлері болған. Әр шаруаға 120му жер берілген. 1му-0,06га .
Феолалдық  бытыраңқылықты пайдаланып,IV-ғ.басында Қытайдың солтүстігіндегі
 көршісі-ғұн тайпалары шабуыл жасайды.
 311Ж-Лоянды  басып алды.
316ж-Чанъанды 
                                      Ұлы Қытай қорғаны
589ж Қытайда біртұтас феодалдық  құрылды.Янь Цзянь елдің императоры  болды.
616жылға дейін –Суй әулеті басқарды.
618ж Тан әулеті 907ж дейін ел басқарды.
960ж-1279ж Сун әулеті елді біріктірді.
Орта ғасырлардағы Қытайдың саяси құрылысы:      
                                                                                                      Император              ←кеңсе
                                                                                 ↓              ↓                    ↓                       ↓
                                                                Басқарушы             әскери           сарай         тексеруші
                                                               Шенеуліктер          басшылар    қызметшілері   палата
Діннің  таралуы. IV-Vғ. Будда діні кең тарады.  Дінді уағыздаушы және таратушы Будда 
храмы болды. Адамдарды шыдамды болуға шақырды.           
Будда            храмы                                                              С  .  Гаутама   бейнесі
Жаңа заманның   І-ғ. даосизм діні    тарай бастады. Негізін салушы  Чжан Лин .
                                          ‹‹  Ойлан  тап››
  1.  Қытайлықтар    өз  елін -  ‹‹ аспан асты елі›› дейді   ,ал   өзге  халықтар   қалай атайды? 
            (  ағылшынша  CHINA)
Мемлекеттің астанасы..................Пекин 
 3. Мемлекеттің  туын     тап                                                                          
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
152

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
 Оңтүстік Қазақстан облысы
 Шымкент қаласы
  № 25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясы
    бастауыш сынып  мұғалімі  Қаратаева Майя
Кіріспе
Қазақ халқының дүниетанымында, ділі мен тілінде жылқыға қатысты өзгеше философиялық және
мәдени   жүйе   қалыптасқан.   Соның   ізі   адам   мен   жылқының   қатар   өмір   сүре   бастаған   байырғы
заманнан   байқалады.   Ежелгі   дәуірлерде-ақ   қазіргі  Қазақстан аумағы   жылқының   қолға   үйретілген
мекені   болғандығын   археологиялық   қазбалар   дәлелдейді. Солтүстік   Қазақстандағы   Ботай
мәдениеті энеолит дәуірінде   (б.з.б.   4   –   3-мыңжылдық),   Арқайым   ескерткіштері орта   қола
дәуірінде (б.з.б.   2-мыңжылдық),   Қазақстанның   барлық   аймақтарынан   кездесетін арий, сақ, ғұн
кезеңдерінің   ескерткіштері   (б.з.б.   1-мыңжылдық   –  б.з.   2   ғ.)   ежелгі   Қазақстанда   жылқының  қолға
үйретіліп қана қоймай, бұл малдың ерекше қастерленіп, әдет-ғұрыптық рәсімдердің ажырамас бір
бөлігіне айналғанын көрсетеді.
Жылқы – малдың патшасы
1.1. Қазақ халқындағы жылқы маңызы
Қазақ халқының дүние-танымында, ділі мен тілінде жылқыға қатысты өзгеше философиялық және
мәдени   жүйе   қалыптасқан.  Қазақтар   адам   мен   оның   жан   серігі   атына   біртұтас   әлем   ретінде
қарағанын. Адамның азамат қатарына қосылуының өзін “ат жалын тартып мінді” деп бейнелейді
қазақ   халқы.   Жас   баланың  алғаш   атқа   отырғанын  атап  өту  рәсімі   – тоқым   қағар тойынан  бастап,
адамның   бұл   өмірден   өткенінің   белгісіат   тұлдауға дейінгі   бүкіл   пәнилік   тіршілікті   жылқымен
байланыстырған.   Сыйлы   қонаққа   ат   мінгізу,   күйеу   жігіттің   қалыңдық   алуына   алғаш   барғанда   ат
байлауы, ұрыс кезінде жау қоршауында қалған қолбасшыға ат сүйек беріп құтқару, т.б. дәстүрлер
жылқының   қазақ   халқының   шаруашылығында   ғана   емес,   әлеуметтік   өмірінде   де   үлкен   мәнге   ие
болғанын білдіреді.
Қазақ   халқы   жылқыны,   ең   алдымен,   ел   қорганы   ердің   жан   серігі   деп   дәріптеген.   Ұлттық
мифологиядағы иесі қысылғанда тіл бітіп, ақыл айтатын тұлпарлар (мысалы, “Ер Төстік”, “Алтын
сақа”,
 
т.б.
 
ертегілерде),
 
батырлық
жырлардағы 
Қобыландының
 
 Тайбуырылы
, Алпамыстың Байшұбары, Қамбардың   Қарақасқа   аты,
бергі   заман   батырлары   Исатайдың   Ақтабаны,   Амангелдінің  Шалқасқасы   иелерімен   бірге   жыр-
аңызға айналып, ел құрметіне бөленген. Қазақ халқының әскери жорыққа төзімді жылқы тұқымдарын
көптеп   өсіретіні   туралы   деректер Ресей   және   Еуропа   зерттеушілері   Н.   Бахметьевтің (1870), С.
Вогактың (1873), А.   Гердердің   (1875),   А.   Вилькинстің,   т.б.   еңбектерінде   жазылып   қалған.   Қазақ
даласында өсірілген жықлылар 1-ші, және 2-ші дүниежүзілік соғыс майдандарына көп алынған.
Екіншіден,   қазақ   халқы   жылқыны   спорттық   ойын-сауықтарда   (қ. Аламан   бәйге, Бәйге, Құнан
бәйге, Жорға   жарыс, Көкпар,  Аударыспақ, Ат   омырау-ластыру, Ат   үстінен   тартыс, Қыз   қуу, Салма
ілу, Күміс   ілу,   т.б.)   азаматтың  мерейін  асыратын,   сал-серілік   пен  сәнділіктің   шырайын  келтіретін
текті жануар деп есептеген. “Жылқы сәндік үшін, түйе байлық үшін” деген мақалдың мәні осыны
мегзейді. Қазақ халқының алыс қашықтыққа шабатын аламан бәйгелер ұйымдастыратыны туралы
орыс   саяхатшылары   тамсана   жазады.   Мысалы,   А.   Вилькинистің 1885   ж. “Журнал   коневодства   и
коннозаводства”   басылымында   жарық   көрген   “Заметки   о   лошадях   Туркестана”   деп   аталатын
мақаласында   мынадай   пікір   айтылады:   “Орта   Азия   халықтарының   ішінде   атты   алысқа   шабуға
машықтыратын қазақтар мен түрікмендер 25-тен 40 верстке  (1 верст – 800 м) дейін ат шабысын
ұйымдастырған.  Ал Әулиеата  қазақтары қашықтығы 100 версттік  бәйге  ұйымдастырып отырған”.
Осы мақалада тағы бір қызғылықты пікір бар: “...Ташкент пен Орынбор арасына қосарға бір ат алып,
18 күнде барып қайтқан. Дәстүрлі қазақ қоғамында жүйрік жылқы тек иесінің ғана емес, бүкіл рудың,
аймақтың мәртебесін өсірген. Олар туралы әндер мен күйлер шығарылып, есімдері халық жадында
ұзақ сақталған. Жылқы тұқымын асылдандырудың, сәйгүлік болар жылқыны тай күнінен ажырата
білудің,   ат   баптаудың   қыры   мен   сырын   жетік   білетін   мамандарды   халық
арасында атбегілер немесе атбаздар деп атаған (қ. Атбегілік).
Үшіншіден,   дәстүрлі   қазақ   қоғамында   байлық   мөлшері   тек   жылқымен   ғана   өлшенген.
Жылқысының саны 5000-нан асатындар ғана бай санатына жатқызылған. Халықтың жылқы малына
қатысты ерекше ықыласы, кең байтақ жайылымдардың болуы, жылқының қыста тебініп өзі жайыла
153

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
алатындығы,   т.б.   факторлар   қазақ   даласында   бұл   түліктің   көп   өсірілуіне   себеп   болған.   1880   ж.
Австрия-Венгрияда   3,5   млн.,   Германияда   3,3   млн.,   Францияда   3,0   млн.   Ж.   болса,   1879   ж.
Қазақстанның   бір   ғана   Орынбор   облысында   1,8   млн.   жылқы   болған.   20   ғ-дың   басындағы
нәубеттерден кейін 1920 ж. Қазақстанда 8 млн-нан астам жылқы қалғандығы туралы ресми дерек бар.
Шын   мәнінде,   ұлттық   байлық   саналған   осыншама  жылқы  Кеңес   үкіметінің   солақай   саясаты
салдарынан 20 ғ-дың 30-жылдары қырғынға ұшыраған (қ. Ашаршылық).
Қазақ халқы жылқы малын 3 топқа бөлген. Қазақтар бәйгеге қосатын жүйрік жылқыларды тұлпар,
арғымақ,   сәйгүлік деп   әлпештеп,   ерекше   күтімге   алған.   Ал   ауыр   жүк   артуға,   алыс   жолға   төзімді
жылқыны қазанат деп   атап,   оны   да   ерекше   бағалаған.   Ал   еті   мен   сүті   үшін   өсіретін   қалған
жылқылар жабы деп аталған.
Атбегілік
Жылқы   тұқымын   асылдандырудың,   сәйгүлік   болар   жылқыны   тай   күнінен   ажырата   білудің,   ат
баптаудың қыры мен сырын жетік білетін мамандарды халық арасында атбегілер немесе атбаздар деп
атаған (қ. Атбегілік), Атақты Толыбай сыншыдан бастап, Оңт. Қазақстанда ғұмыр кешкен Мақұлбек,
Жетісуда ғұмыр кешкен Бақай сынды атбегілер туралы аңыздар әңгімелер халық жадында сақталып
қалған.
Танымал жылқылар
Дәстүрлі қазақ қоғамында жүйрік жылқы тек иесінің ғана емес, бүкіл рудың, аймақтың мәртебесін
өсірген.  Олар   туралы   әндер   мен   күйлер   шығарылып,   есімдері   халық   жадында   ұзақ   сақталған.
Мысалы,   бүкіл   Қазақстанға   танымал   Құлагер,   Жетісуға   мәлім   болған   Көкбайтал,   Оңтүстік
Қазақстан мен Қырғызстанның біраз жеріне даңқы жеткен Қараат, 20 ғасырдың 60-жылдарындағы Б.
Кітапбаевтың Құланқарасы, Бұланқарасы, Желмаясы, т.б.
1.2. Жылқының түрлері
Қазақ халқы жылқы малын 3 топқа бөлген. Белгілі этнограф  М.Бабажановтың 1871 ж.  
Ресейдің   “Журнал охота” (ғ6, 7, 11, 12) және “Журнал коневодство и коннозаводство” (ғ4, 5, 6)
басылымдарында жарық көрген мақалаларында қазақ халқы өсіретін жылқыларды үш топқа бөледі:
күшті, еті тығыз аттар. Ауыр жұмыстарға, жүк тартуға, көші-қоңға пайдаланылған;
жүрдек аттар. Күші мығым ат пен бәйге атының арасындағы, салт жүріске жарамды жылқылар;
жүйрік аттар. Осы соңғы топтың өзін автор қарғыншыл ат (2, 4, 8 верст қашықтыққа ғана шабатын
ұшқыр   ат),   қашағаншыл   (бұл   да   аз   қашықтыққа,   асауды   қайыруға   пайдаланылады), шын   жүйрік
ат деп бөледі.
Зерттеушінің бұл пікірі қазақ халқының жылқы шаруашылығындағы белгілі бір жүйе болғандығын
қуаттайды. Қазақтар бәйгеге қосатын жүйрік жылқыларды тұлпар, арғымақ, сәйгүлік деп әлпештеп,
ерекше күтімге алған. Ал ауыр жүк артуға, алыс жолға төзімді жылқыны қазанат деп атап, оны да
ерекше бағалаған. Ал еті мен сүті үшін өсіретін қалған жылқылар жабы деп аталған. Қазақтың жабы
жылқысы жайылымда жақсы семіреді. Семіртіп сойған жабы жылқыдан 53 – 57%, кейде 60% ет
алынған (230 – 250 кг). Қазақ халқы жылқы етінен қазы, қарта, жал, жая, т.б. дәмді тағамдар әзірлеп,
терісі мен қылын да шаруашылыққа пайдаланған (қ. Тулақ, Жұн). Ал жабы жылқының биелерінен
тәулігіне 18 – 20 л сүт сауылған (қ. Қымыз). Сүті мол бие мама биедеп аталған. Бие желінінің сүтке
толып,   сауылатын   мезгілін сауым дейді.   Ол бас   сауым (күні   бойы   сауылатын   биенің   ең   алғашқы
сауымы), жебей   сауым (бас   сауымнан   жарты   сағат   өткеннен   кейін   биені   қайта   сауу), кенже
сауым (биені  өріске  ағытар алдындағы соңғы сауым), т.б. болып бөлінеді.  Ал құлындамай қалған
биелерді қысырақ деп атайды.
Мыңнан тұлпар. Мың құлында бір құлын 13 пар (пар – қазақ сөзі – пар ат жеккен, ол оған пара-пар
келеді   деген   сөз   тіркестері   бар)   қабырғамен,   яғни   екі   қанатымен   туады   екен.   Сондай   құлынды
қазақтар   ерекше   күтіп,   өсірген,   баптаған.   Ертегілерде,   аңыздарда,   жырларда   айтылатын,   қырық
күншілік жерді бір күнде алатын, небір биік қамалдардан секіріп өтетін, тағы басқа да кереметтер
жасайтын жылқылар осылар.
Жебе мініп жау алған. Өте ұшқыр, керемет жылдам, екпіні қатты, алысқа шабатын, төзімді «Жебе»
деген қазақи жылқы тұқымы болған. Тақымы бос адамдар үстінде шыдап отыра алмаған. Батырлар
жекпе-жекке осы тұқымның аттарын мініп шығатын болған. Бұндай аттар тұрған орнынан бірден
154

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
үлкен   жылдамдық   алып,   жекпе-жек   уақытында   өзінің   иесіне   оның   жауының   алдында   көптеген
артықшылық әперген.
Жауға мінбе Жабыны.  Қазір «Жәбе» немесе  орысша  «Жабэ» деп жүрген «Жабы» деген қазақи
жылқы тұқымы. Оның етті, сүтті, жұмысқа пайдаланатын түрлері болған. Сүті мол, қымызы дәмді
және   шипалы,   еті   көп,   қазысы  көзге   ерекше   көрініп  және   айландыруға   ыңғайлы  болып  тұратын,
мініс-тұрысқа   көнпіс,   мінезі   жайлы,   төзімді   жылқылар.   Сондықтан   бұл   жылқыларды   соғысқа
мінбеген,   тек   күнделікті   тұрмыста   пайдаланған.   Қазіргі   ғылым   тілімен   айтқанда
«Жабы»жылқысының   «Наймандық   типі»   деген   түрі   Шығыс   Қазақстан   облысының   таулы
аймақтарында сақталған. Осы облыстың Катон-Қарағай ауданында мал жейтін шөптер өте құнарлы,
нәрлі, емдік қасиеті және күші бар шипалы болып келеді. Осы ауданда өсетін қазақ жылқысының
қымызы дүние жүзіндегі ең керемет қымыз болып есептеледі. Өйткені, қымыздың қасиеті жылқының
тұқымына және шөптің сапасына байланысты болады. Ал, қазақ жылқысының сүтті тұқымдарының
кейбір түрлері қымыз өндіруге арнайы сұрыпталып шығарылған. Бұл ауданда өсетін маралдардың
мүйізінің қасиеті мен сапасы да әлемдегі ең жоғары болып есептеледі.
1.3. Жылқы атаулары
Жалпы қазақ   тілінде жылқы   өсіруге,   оның   мінез-құлқына,   жасына,   жүрісіне,   т.б.   байланысты
ұғымдар мен атаулар өте көп. Мысалы, жылқы төлдерін:
құлын (биенің жас төлі),
жабағы (6 айдан асқан құлын),
тай (1 жастан асқаны) деп атайды.
Ал бұдан әрі ұрғашы жылқыны яғни байталды:
құнажын байтал (2 жастан асқаны),
дөнежін шығар (3 жастағы байтал),
дөнежін байтал (3 жастан асқаны),
бесті бие (4 жастан асқаны),
қасабалы бие (7 – 8 жастағы бие),
кәртамыс бие (11 – 14 жастағы бие),
жасаған бие (20 жастан асқан бие), т.б. атайды.
Піштірілмеген еркек жылқының яғни айғырдың атаулары:
құнан айғыр (2 жастан асқаны),
дөнен айғыр (3 жастағысы),
сәурік айғыр (3 – 4 жастағы үйірге салынбағаны),
бесті айғыр (5 жастағысы),
сақа айғыр (11 – 12 жастағысы), т.б.
Қазақ   халқы   салт   мінуге   немесе   союға   арналған   еркек   жылқыларды   жас   кезінен   піштіріп
(тарттырып   деп   атайды)   жібереді.   Қазақ   тіліндегі   ат   ұғымы,   көбінесе,   осындай   жас   кезінен
піштірілген,   салт   мінуге   арналған   жылқыға   қатысты   айтылады.   Піштірілген   жылқылар   үйірге
қосылмай,   бөлек   жайылады.   Сондықтан   оларды саяқ   жылқылар деп   атайды.   Саяқ   жылқылар
атаулары:
ат (піштірілген еркек жылқы),
сақа ат (11 – 12 жастағысы),
шобыр (жүк артуға, ұзақ жолға төзімді ат),
тұғыр (салт мінуге қолайлысы),
мәстек (аш-тоқтығын білдірмейтін жуас ат),
азбан (кеш піштіріліп, айғырлық мінезін қоймайтыны), т.б.
1.4. Жылқы тұқымдары
22   наурыз   келді   дегенше,   бәйге,   көкпардың   дүбірлі   додасы   келді   дей   беріңіз.   Оған   себеп   бар.
Қаймана қазақтың жылқы десе, аузындағы асын тастайтыны бәріне аян. Оның ішінде "таза қанды"
жылқыларға деген ықыласын сөзбен жеткізу  тіптен қиын. 22 наурызда өтетін бәйгеге қазақ атын жыл
бойы баптаған. Күнделікті тірліктің өзінде жылқы десе, бес жасар баладан бастап, елу жасар қартқа
дейін құлағы елең ете қалады. Бұның бәрі бабалардан қалған қасиет. Ендеше, жылқы тұқымының
топтамасына назар салыңыз.
155

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Жылқы туризмі - адам үшін таптырмас демалыстың бір түрі. Және осылай болып қала береді де.
Ақылды, мықты, төзімді жылқыларды таңдай білу қажет. Жалпы жылқы малы адам бұйрығының
бәрін дерлік орындауға бейім. 
Қазірде  әлемде  екі  жүз  елуге  жуық  жылқы  тұқымы  бар.  Соның ішінде тоқталып өтуге тұрарлық
тұқымдар.
Ахалтеке   тұқымы. Әр   дәуірдің   әр   кезеңінде,   кез   келген   ұлттың   өз   алдына   сүйікті   жылқы
тұқымдары болған. Бірақ олардың бәрі бірдей уақыт сының көтере алмады. Көбісі жер бетінен мүлде
жоғалып кетті. Алайда, Ахалтеке тұқымына өзгеше тағдыр бұйырыпты. Бұл жылқы тұқымы түркмен
халқының   қазынасына   жатады.   Тіпті,   ең   ежелгі   жылқы   тұқымдастараның   санатында.   Шамамен
алатын болсақ, б.ғ.д. III-IY ғасырларда пайда болған.
Ахалтеке  жылқылары шапшаңдық жағынан дес бермейді.  1935 жыдары түрікмен  салт аттылары
Ашхабат пен Мәскеу арасындағы 4 мың 300 км-ді еңсеріп өткен. Бар-жоғы 84 күнде желіп отырып, ең
қиын өткел болып саналған Қарақұмды 3 күнде басып өткен.
Жәуміт тұқымы. Түркіменстанның оңтүстік бөлігінде пайда болған, ең ежелгі тұқым. Ахалтеке
тұқымына қарағанда жәуміт тұқымы қайырымды. Бастары дәу, мойындары төмен, аяқ қолы мығым
келеді.   Жүрісі   аса   жайлы.   Қиындықты   талғамай-ақ,   кез   келген   ауа   райына   төтеп   береді.   Олар
Ашхабад-Мәскеу аралығындағы жарыста 800 шақырым жерді 7 күнде тәмәмдап отырған.
Қарабайыр   тұқымы. Орталық   Азиядағы   ежелгі   тұқым.   Отаны   -   Өзбекстан.   Әдебиет
зертеушілерінің   айтуынша,   Өзбекстан   бір   кездері   «даван   арғымақтарымен»   алыс   шалғайларға
танымал болған. «Қарабайыр» сөзінің мағынасы «қолда туып өскен» дегенді білдіреді.  Екіншілердің
пікірінше - "жүк артылатын көлік", үшіншілер - "қарабайыр" -  "араб жылқыларының буданы" дейді. 
Қарабайыр   жылқыларының   болмыс   бітімі   бөлекше.   Бас   бөлігі   төмен,   қысқа   мойынды,   өнегелі
жылқылар қатарынан.  Арбаға жегуде таптырмас көлік ретінде саналады.
Араб тұқымы. Бұл тұқым үлкен атақтарға ие. Жаратылу табиғатының өзі мифтермен араласып
жатады.   Кезінде   еуропалықтар   бір   араб   жылқысының   құнының   өзін   өте   жоғары   бағалаған.   Жер
шарының  кез келген  елі  жылқы шаруашылығында  араб  жылқысын қажет қылған.  Ол  таза  қанды
ағылшын, американ, венгер жылқыларының пайда болуында біршама үлес атқарған.
Араб жылқыларын біздің елде де жоғары бағалайды. Париж көрмелерінде   араб жылқылары ең
таңдаулылар қатарында есептелген.
"Таза қанды" салт атты тұқымы. Бұл тұқымның жылқылары жүйріктік тұрғысында ешкімге дес
бермейді. Сол үшін де бұл тұқымның жылқылары алтыннан да қымбат келеді.
Аталған тұқым XYII ғасырда Англияда  пайда болған.  Басқа да тұқымдардың пайда болуына үлкен
ықпал   жасады:   Германияда   -   тракенен,   мекленбург,   ганновер,   Венгрияда   -   фуриозо,   нордстрад,
нониус, АҚШ-та - салт атты, Польшада - поляк, КСРО да - қостанай тұқымдары.
Салт атты тұқымның бойлары ұзын болады.  Қозғауыш күштері аса жоғары. Өте қуатты, сезімтал
саналады.   Кей   кезде   еркеліктері   шектен   шығады   екен.   КСРО-   ның,   Қазақстанның,   Грузияның,
Өзбекстанның ат зауыттарынан табылады.
Дон тұқымы. Дон өзенінің жанындағы аудан орталығында пайда болған. Бастау тарихы осы маңға
XV-XVI   ғасырларда   казактардың   қоныс   аударуынан   басталады.   Казак   шаруалары   Россияның
оңтүстік   бөлігін   қоргайтын   болғандықтан,   салт   атты   тұқымға   зәру   болатын.   Соғыс   алаңындағы
шешуші   жеңіске   аттың   да   қатысы   барын   казактар   жақсы   білетін.   Сол   себепті   де   олар   бар
жігерлерімен
 
жақсы
 
тұқымдар
 
шығаруға
 
талпынды.
Дон тұқымы өте қатаң ережелерге де құлақ асады. Олар жаздың аптабында да, қыстың суығында да 
төзімділік көрсете алады. Тамақтану  жағынан қолайсыздық алып келмейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет