Семинар материалдары №1 45minut kz Республикалық ұстаздарға



жүктеу 5.03 Kb.

бет1/25
Дата22.12.2016
өлшемі5.03 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
«Болашақты бірге жасаймыз» 
ғылыми-практикалық семинар
материалдары
№ 1
45minut.kz Республикалық ұстаздарға
 арналған басылым редакциясы жинақтаған 
 шығармашылық еңбектердің
іс-тәжірибелік жинағы
             
Алматы - 2014
1

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Бастау сөз
   
    Қазіргі   таңда   дүниежүзілік   білім   жүйесі   деңгейіне   сәйкес   келетін,   сапалы   білім
беруге   жағдай   жасайтын,   жастардың   үйлесімді   дамуына   бағытталған   білім   беру
көзделіп отыр. 
Осы орайда 2014 жылдың наурыз айында Қызылорда облысының жалпы орта білім
беретін   мектептерінде   «Қазақстандық   жол   —   2050:   Бір   мақсат,   бір   мүдде,   бір
болашақ»   Қазақстан   Республикасының   Президенті   Н.   Ә.   Назарбаевтың   Қазақстан
халқына   жолдауын   қолдау   барысында   Республикалық   45minut.kz   басылымы   және
жергілікті білім бөлімдерінің қолдауымен «Болашақты бірге жасаймыз» тақырыбында
ғылыми практикалық семинарлар өткізілді.
Семинар жоспары

06.03.2014 ж – Қызылорда қаласы

11.03.2014 ж – Жалағаш ауданы 

27.03.2014 ж – Қазалы ауданы 

28.03.2014 ж – Тереңөзек ауданы 

29.03.2014 ж – Арал ауданы 
Семинар   мақсаты:  Педагогикалық   кадрлар   біліктілігін   көтерудегі   7   модулдік
бағдарламаның   негізгі   идеясын   жүзеге   асырып,   мұғалімдердің   кәсіби   тәжірибесіне
енгізу. Семинар барысында ІІ — ІІІ – деңгейлік курстардан өткен мұғалімдер мен
біліктілігін   арттырудың   негізгі   тұғырына   байланысты   тақырыптарында   шебер
кластарын ұйымдастыру. 
Педагогикалық   іс-   тәжірибені   насихаттау,   педагогтың   әдістемесін   және
шығармашылық байланысын кеңейту. Осы мақсатты жүзеге асыруда, белгілі бір білім
көзін   меңгерген   тұлға   ғана   емес,   сонымен   бірге   өзін-өзі   жетілдіруге,   таратуға,
дамытуға, қолдана білуге қабілетті шәкіртті тәрбиелеу – бүгінгі күннің қағидасы. Ал
мұндай тұлғаны  тәрбиелеу  үшін  мұғалім құзыретті болу  керек.  Педагогтың кәсіби
құзыреттілік ұғымы тұлғаның біртұтас құрылымындағы теориялық және практикалық
дайындығының бірлігі, кәсібилігі арқылы жүзеге асыру және тәжірибесін ортаға салу. 
Семинар жұмысы пленарлық және секциялық бөлімдер бойынша өткізілді. 
http://www.45minut.kz   арқылы   онлайн   түрде   басқа   да   облыстардан   қатысушылар
қатысуға мүмкіндік жасалған. 
Семинар   бағдарламасы   аясында   білім   мекемелерінің   көрмесі   ұйымдастырылып,
семинар   қатысушылары   және   онлайн   түрде   http://www.45minut.kz   (Күнделікті   40
мыңнан   астам   қолданушы)   Республика   ұстаздарына   ұсынылады.   Cеминардың
материалдары негізінде топтастырылған ұстаздар жинағы шығарылды. 
2

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Тәжірибе  алмасу бағытында  топтама  жинаққа Қызылорда облысы  ұстаздарының
материалдары   және   Батыс   Қазақстан,   Оңтүстік   Қазақстан,   Ақтөбе   т.б   облыс
ұстаздарының еңбектері қосылды.
Семинар   барысында   көңілге   түйгенім,   ұстаздар   арасында   тәжірибе   алмасу
бағытында   тақырыптық   семинарларға   сұраныс   бар.   Семинардың   мақсатына   сай
деңгейлік курстардан өткен ұстаздар деңгейлік курстарға оқуға талаптанып жүрген
әріптестеріне барынша қолдау көрсетіп, алған білімдерімен бөлісуге әзір екендіктерін
білдірді. 
Оқу   мен   оқытудағы   жаңа   әдіс   тәсілдерді   қолдану   арқылы   жоспарланған
сабақтарының   оқушылар   үшін   қызықты   да   пайдалы   екендігін   өз   тәжірибелерінде
дәлелдеп,   жаңашыл   көшбасшы   ретінде   әріптестеріне   тәжірибе   таратты.   Ал,
талаптанушы ұстаздар болса білім алуға деген құштарлығын көрсетті. 
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір
мүдде,   бір   болашақ»   атты   кезекті   Жолдауда   айтылғандай:   Біздің   болашаққа   барар
жолымыз   қазақстандықтардың   әлеуетін   ашатын   жаңа   мүмкіндіктер   жасауға
байланысты.   ХХІ   ғасырдағы   дамыған   ел   дегеніміз   –   белсенді,   білімді   және
денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек? 
Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық
білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр.
2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі
біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар
мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. 
Орта   білім   жүйесінде   жалпы   білім   беретін   мектептерді   Назарбаев   зияткерлік
мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және
ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау,
өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс.
                                                      
      
 Ізгілік Байдрахманұлы Нағиев
                            Республикалық 45minut.kz басылымы редакторы
3

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ БОЙЫНША 
ЖЕТІ МОДУЛЬГЕ КӨЗҚАРАС  (БАЯНДАМА)
Қызылорда қаласы. №176 орта мектебінің І санатты биология
 панінің  мұғалімі Мадиева Рыскүл Тұрғанбекқызы
Білім беру мен білім алудағы стратегия әдіс-тәсілдерді қарастыру, яғни таңдау,зерттеу,танысу т.б.
теориялық негіздемені қамтамасыз ету үшін қажет.     Сонымен қатар оқуға  арналған материалдар
тиісті сабақтарда қарастырылатын жеті модульге сараланған.Төменде аталған жеті модуль идеялары
өзара байланыста және оқыту барысында аралас түрде жүріп отырады.
       Модульдер:
       1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
       2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
       3.Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
       4.Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
       5.Талантты және дарынды балаларды оқыту.
       6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
       7.Білім берудегі басқару және көшбасшылық.
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерде оқушылар өз түсініктерін өзіндік зерттеулері мен
әлеуметтік   өзара   байланысқа   сәйкестеп   құратын   белсенді   білім   алушы   болып   табылса,ғылыми
зерттеу   нәтижелерінде  Мерсер (1995  ж)  мен  Александердің  (2008  ж)  «Диалог  негізінде  оқыту
және   оқу»,  Флейвелл   (1976   ж)     Выготскийдің   (1978ж)  «Қалай   оқу   керектігін   үйрету»  атты
педагогикалық   тәсілдері   әлеуметтік-сындарлылық   идеяларының   қазіргі   заманғы   маңызды
түсіндірмелері ретінде қолданылады.
Диалог   негізінде  білім   беру   мен   білім   алу   -   оқушылардың   өзара   сұхбаттасуын
дамытатын,мұғалім мен оқушы арасындағы өзіндік ой-пікірлерін жүйелейтін тәсіл. 
«Қалай   оқу   керектігін   үйрету»  немесе   метасана  –  оқушының   өз   деңгейі   арқылы     нәтижеге
жетіп,білім жинау жауапкершілігін түсінуге көмектесетін тәсіл .
Жалпы білім алу –  оқушы білімінің сандық ұлғаюы,есте сақтауы,ақпарат жинақтауы, мән –
мағынасын ұғынып- анықтауы,шынайылықты өзгеше түсініп-түсіндіруі. Ал  біздің қалай білім 
алатынымызды түсінуге бағытталған зерттеушілердің « теориялық экспедицияларында » әдеби 
негізгі үш топ анықталған: әлеуметтік психологтар, мотивациялық,аффективті теоретиктер 
және когнитивті психологтар.
Когнитивті психологтар адам санасында болып жатқан үдерісті зерттейді.
Когнитивті   психология әлемінде 1960 жылы  Жан Пиаженің ойлауды дамыту теориясы 
басымдыққа ие болды.Ол кеңістік,уақыт,сандық аспектілерді қамтитын дамудың жалпы 
кезеңдерін анықтады. 
Мотивациялық   және   аффективті   теорияда     «мен»   тұжырымдамасына   назар   аудара
отырып,түсінуді   дамытуда   жеке   еркіндік,таңдау,ынта   және   сезімдердің   мәнінің   де   зор   екені
айтылған.Ғалым Авраам Маслоу (1968ж) өз зерттеуінде ынтаның   бес       сатылы үлгісін ұсына
отырып,психологиялық   қажеттіліктерді   төменгі   деңгейге,өзін-өзі         көрсете,таныта   білуді
жоғарғы  деңгейге   орналастырды.Олар:  Биологиялық    және  физиологиялық  ,қауіпсіздікке   ,қарым-
қатынасқа   ,өзін-өзі   құрметтеуге,өз-өзін   таныта   білуге   деген   қажеттіліктер.   Мен
тұжырымдамасы   когнитивті   және   аффективті   компоненттердің   үйлесуі   болып   келеді.
Компоненттері: Когнитивті, аффективті, әлеуметтік.
Әлеуметтік –мәдени теорияда психолог Лев Выготский жұмыс жасаған.Теория жеке тұлғаның
дамуына қосатын қоғам үлесінің маңызын қарастырады.Маңызды ұғымы-     жақын арадағы даму
аумағы.  Выготскийдің   пікірінде   оқушылардың   ересек   ,көзі   ашық   зиялы   кісілермен   араласуы
нәтижесінде ойлау және сөйлеу дағдылары дамып,әлеуметтік        -жанама диалог орнатады деген.
Сабақ барысындағы әлеуметтік өзара іс-әрекеттер білім алуда маңызды рөл атқарады. «Мұғалім-
оқушы» және «оқушы-оқушы» қарым-қатынасы түсінікті дамыту мен мағынаны ашудың елеулі
бөлігін   құрайды.Яғни,адамдар         ассоциативті   оқытуда   нақты   мәліметті   жаңғыртады,есте
4

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
сақтайды.Зерттеулерде  дағдылардың ықпалдасуына,тереңірек түсінуге көмектеседі. Диалог әдісін
қолдануда  талқылауды,білімді бірлесе құруды,түсінік пен дағдыны қалыптастырады.Басты назар
аударылатын   әдістер   –   оқушының   белсенділігі,нәтижеге   сай   сындарлы   қызмет   бағыттарын
жүзеге   асыру,   жауап   әрекеттерінің   маңыздылығы,ықпалдасу   мүмкіндігі.   Мұғалімнің   оқушыға
«Білім алуды үйрету» құбылысына келсек,негізгі қозғаушы күші –метатану. Яғни оқушының қалай
ойлайтынын,оқитынын   қадағалау,бағалау,бақылау.   Сыныптағы   оқу   үдерісінің   негізгі
факторлары:балалардың   білім   алу   үдерісін   түсінуі,нені   оқу   керектігін   түсінуі,ұғымның
қалыптасуы,оқу   нәтижелігін  бағалау  мүмкіндігін  игеру.    Осыған  орай оқушылар әр сабақта  оқу
үдерісінің барлық аспектілеріне белсене қатысып отыру керек.Себебі: іздену барысында бір-біріне
кеңес береді,алдына мақсат қояды, шыққан нәтижені қадағалайды,жаңа идеялармен эксперимент
жасайды  және  қателер-    оқудың ажырамас бөлігі екенін түсінеді,тәуекелге барады.  Оқушылар
бір-бірімен  және мұғалім –оқушы арасында жүйелі түрде диалог жүретін болса, онда әрбір тұлға өз
ойларын   еркін   жеткізуге,   қорытып   шығаруға,   сонымен   қатар   мұғалімдер   оқушылардың   пікірін
тыңдай отырып өтілген тақырыпты қандай деңгейде түсінгенін аңғаруға болады екен.
Диалог сабақта маңызды рөл атқарады. Сабақты ұйымдастыру, жаңа материалды меңгерту, бекіту,
бағалау,   қорытынды   рефлексия   диалог   арқылы   жүзеге   асады.   Сонымен   қатар   диалог   сабақ
оқушылардың қызығушылығын арттырады, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады, сабақтың
белсенді өтуіне әсер етеді. Жалпы   диалог негізінде білім беру мен білім алу оқушылардың өзара
сұхбаттасуы   мен   мұғалім   және   оқушы   арасындағы   өзіндік   ой-пікірлерін   жүйелеуіне,   дамуына
көмектесетін әдіс.           2012 жылдың қазан айының 17-ші жұлдызында тәжірибелік практикамда 11
«А» сыныбына «Бейімделушілік –эволюция факторларының өзара әрекетінің нәтижесі» тақырыбында
сабақ   өткіздім.   Сабақтың   негізгі   мақсаты   тірі   организмдердің   тіршілік   ету   ортасына   түрліше
бейімделуінің   себептері   мен   бейімделушіліктің   түрлеріне   жеке-жеке   тоқталып,   мысалдар   арқылы
талдап, оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастырып, дамыту.
Сабақ мақсатына жету үшін жаңа технологияның тиімді әдістерін қолдана отырып тапсырмалар
берілді. Сабақ өту барысында сыныпты 3 топқа бөлдім. Санамақ бойынша 1,2,3 деп санатып, 1-лерді І
топқа,   2-лерді   ІІ   топқа,   3-терді   ІІІ   топқа   топтастырдым.   Оқушылар   өздері   білгендері   бойынша
рольдерге бөлінеді. Өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында 3 топқа сұрақтар
бердім.

Тіршілік үшін күрестің түрлерін ата?

Көбеюдің қарқындылығының организм үшін қандай пайдасы бар?

Түрлер неғұрлым көп қырылса, соғұрлым қарқынды дамиды, мұның себебін қалай 
түсіндіресіңдер?                                   
Қойылған сұрақтарға оқушылардан жүйелі түрде жауап алдым. Сонымен бірге үй тапсырмасын
бекітуде проблемалық жағдайларды қоя отырып шешкіздім7
 Екінші модуль - сыни тұрғыдан ойлау – болашақта әрекет жасауға негіз бола отырып, ойлауға,
бағалауға,   талдауға,   синтездеуге   бағытталған   пәндік   шешім.   Көбінесе   қарсы   пікір   айтуға,
баламалы шешімдерді қабылдауға, жаңа тәсілдерді енгізуге дайын болуға, қоғамдық әрекеттерге
сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.
 Дағдылары: бақылау, талдау, қорытынды, интерпретация.
 Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлау да дамуға оң әсерін берген. Александер (2004ж) диалогтік 
оқытуға сәйкес сынып зерттеуінде бес үлгіні анықтаған.Олар:механикалық есте 
сақтау,декламация,нұсқаулық-мазмұндама,талқылау,диалог. Нәтижесінде  балалардың  сыни 
тұрғыдан ойлау қабілеттерінен көргіміз келетін ерекшеліктер-ұтқырлық,пайым,тәртіп,өзіндік 
сана сезім.
          Үшінші модуль – оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау.
Бағалау – сананың қалыптасуына септігін тигізе отырып,оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде 
жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Білім беру 
әдістерінің мүмкіндіктерін жақсартуға,анықтауға бағытталған бағалау критериалды бағалау,
формативті немесе оқыту үшін бағалау болып табылады.Жиынтық бағалау-дәстүрлі бағалау.
Сыныпты бағалау тек қана  техникалық тәсіл емес.Сол себепті баланың әрбір істеген әрекетіне 
шаршамай , жалықпай,табандылық таныту керек.Мұғалімнің ұстанымы,әдіс-тәсілдері,іс-
әрекеттері,стратегиялық жоспары,табанды болмаса ,білім беру,білім алу нәтижесіз болады.  
Бағалаудың басты мақсаттары:
5

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
1.Оқытудың қиындықтарын анықтау
2.Кері байланыс
3.Уәж
4.Болжау мен сұрыптау
5.Стандартты бақылау және орындау
6.Оқыту бағдарламасының мазмұнын,білім беру стилін бақылау..
            Төртінші модуль - білім  беруде  ақпараттық –коммуникациялық технологияларды 
пайдалану (АКТ).
            Технологиялық білімдер – оқытудың қосалқы құралдары туралы білім.
Мектептегі технологияларға:теледидар бағдарламалары,сандық теледидар,интернет,ұялы 
телефон,ұтқыр қондырғылар,компьютер жатады. Білімдердің технологиялық аспектісі -      
технологиялық білімдер (ТБ) мен пәндік білімдердің (ПБ)өзара әрекеттесуінің тәсілін білу. Сабақта 
теориялық және тәжірибелік білімдерді қолданған кезде,анықтаушы фактор білім беру үрдісінің 
мазмұны,әдістемесі,технологиясы саласындағы білімнің қалыптасқандығы болып табылады.Пәндік
білімдер дегеніміз – оқытылатын пәннің өзекті білімдері,ал педагогикалық білімдер – білім берудің 
жалпы негіздерін,мақсаты мен міндеттерін білуге негізделетін оқу мен оқыту 
үдерістері,тәжірибесі мен әдістері жайындағы терең білімділік. 1986 жылғы Шульман 
зерттеуінде білімдердің педагогикалық аспектісі – оқу мазмұны мен педагогикалық білімдердің   
біртұтастығы деген.
           Бесінші модуль – талантты және дарынды балаларды оқыту.
  Балаларға білім беруде мұғалімдер жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта 
жасайды. Дарынды және талантты балалармен жұмыс күрделі мәселе ойлауды,талқылауды,
мұқият жоспарлауды талап етеді.Балалардың қабілеттіліктерін,біліктілігін,әлеуетті 
мүмкіндіктерін көрсету үшін  оларға жағдай туғызу қажет  және кеңейтілген тапсырмалардың да 
пайдасы мол.Себебі,кеңейтілген тапсырма нағыз құзыреттілікті қалыптастыруға,өзара 
әрекеттесуге,шешімі анықталмаған тапсырмаларды зерттеуге,қабілеттілігіне қарамастан 
кеңейтілген тапсырмаларға тең қол жеткізуге,қолдау ахуалы тұрақты қалыптасқан оқу үрдісіне 
қатысуға,сыни ойлау дағдыларын дамытуға,шығармашылық тәсілдерді қолдануға,неге қабілетті 
екенін көрсетуге мүмкіндік береді
             Алтыншы модуль – оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту –
баланың оқуға деген қабілеті,зейіні,сөз сөйлеу дағдысы,ойлауы,шығармашылық қабілетінің дамуы – 
когнитивтік даму теориясында сипатталады.Жас ерекшеліктеріне қарай оқудың бірнеше 
теориялары анықталған.Мысалы,психологиядағы бихевиористика- лық бағытта ортамен өзара 
байланыстағы мінез-құлықты зерделеу үшін эксперимент-
тік рәсімдер пайдаланылған.Бихевиоризмнің негізін салушы Джон. Б.Уотсон зертханалық  
экспериментінің нәтижесінде «түрткі-реакция» моделін әзірледі. Ал зерттеушілер  
Оқытудағы гуманистік тәсілде адамның өсуіне ерекше назар аударған.Бұл тәсілдің негізін 
қалаушылар-Абрахам Маслоу мен Карл Роджерс. Сондай – ақ  Хаген мен Хейл  (1973ж) 5 – 6 жасар 
балалардан суреттерді есте сақтауды сұрау арқылы зейіннің дамуын көрсетті.Тәжірибеде 5-6 
жастағы балаларға қарағанда,14-15 жастағылар аса маңызды суреттерді көбірек есте 
сақтаса,кіші жастағылар есте сақта деп сұрамаған суреттерді көбірек есте сақтаған.Сөйтіп,екі 
топтағы балалар үшін ақпараттың жалпы көлемі бірдей болған,бірақ ересек балалар зейіндерін 
тиімдірек шоғырландыра алған. 
 Жетінші модуль – білім берудегі басқару және көшбасшылық.
Білім берудегі көшбасшылық та адамның тұрақты дамуына әкелетін негізгі қабілеті.  Мұғалімнің
көшбасшылығын дамыту бағдарламасы «мұғалім – зерттеуші» түсінігінде   емес, «мұғалім – 
дамыту жұмысының көшбасшысы» деген ұғымда құрылған.
Мұғалімдер дамыту жұмыстарын жүргізу барысында рефлексияны,жоспар құруды, кеңес беруді
біртіндеп жүзеге асыру әдісі арқылы қолдау таба алады.Әрбір ұстаз үшін алғашқы қадам маңызды
шешімдерді   талап   ететін   құндылықтар   мен   мәселелерді   анықтау.Келесі   қадам   –   өзгерістер
бағдарламасы   жөніндегі   әріптестерінің   кеңестері.   Одан   кейін   мектеп   мәжілістерінде   қаралып
мақұлданса   мұғалім   өзінің   мәселесі   бойынша   нақты   жоспар   құрады.Мұғалімнің   сапалы   даму
жұмысына   –   жаңа   технологияларды   сынақтан   өткізу,бағалау,талқылау   және   шолу
жатады.Нәтижелерін практикада  көре аламыз. Іс – тәжірибеде жоба басынан нәтижелі болса,
6

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
әріптестерін қызықтыра алса,онда бұл өзгерістер мектепте кеңінен қолдау табады.
Қорытындылай келсек,адамдар тек білім арқылы ізгілікті бола алады.
Білім беру – адамдардың зерделеп үйренуіне қажет көмектердің жиынтығы. Жалпы алғанда ,
тек мұғалімдер ғана педагогикалық тәжірибені жақсарту жөніндегі шараларды қабылдай алады
деген   дәлелдерге   тоқтауға   болады   және   ол   мұғалім   көшбасшылығының   міндетті   қыры   болып
табылады.
Оқушылар бір-бірімен  және мұғалім –оқушы арасында жүйелі түрде диалог жүретін болса, онда
әрбір тұлға өз ойларын еркін жеткізуге, қорытып шығаруға, сонымен қатар мұғалімдер оқушылардың
пікірін тыңдай отырып өтілген тақырыпты қандай деңгейде түсінгенін аңғаруға болады екен.
Диалог сабақта маңызды рөл атқарады. Сабақты ұйымдастыру, жаңа материалды меңгерту, бекіту,
бағалау,   қорытынды   рефлексия   диалог   арқылы   жүзеге   асады.   Сонымен   қатар   диалог   сабақ
оқушылардың қызығушылығын арттырады, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады, сабақтың
белсенді өтуіне әсер етеді. Жалпы   диалог негізінде білім беру мен білім алу оқушылардың өзара
сұхбаттасуы   мен   мұғалім   және   оқушы   арасындағы   өзіндік   ой-пікірлерін   жүйелеуіне,   дамуына
көмектесетін әдіс.           2012 жылдың қазан айының 17-ші жұлдызында тәжірибелік практикамда 11
«А» сыныбына «Бейімделушілік –эволюция факторларының өзара әрекетінің нәтижесі» тақырыбында
сабақ   өткіздім.   Сабақтың   негізгі   мақсаты   тірі   организмдердің   тіршілік   ету   ортасына   түрліше
бейімделуінің   себептері   мен   бейімделушіліктің   түрлеріне   жеке-жеке   тоқталып,   мысалдар   арқылы
талдап, оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастырып, дамыту.
Сабақ мақсатына жету үшін жаңа технологияның тиімді әдістерін қолдана отырып тапсырмалар
берілді. Сабақ өту барысында сыныпты 3 топқа бөлдім. Санамақ бойынша 1,2,3 деп санатып, 1-лерді І
топқа,   2-лерді   ІІ   топқа,   3-терді   ІІІ   топқа   топтастырдым.   Оқушылар   өздері   білгендері   бойынша
рольдерге бөлінеді. Өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында 3 топқа сұрақтар
бердім.

Тіршілік үшін күрестің түрлерін ата?

Көбеюдің қарқындылығының организм үшін қандай пайдасы бар?

Түрлер неғұрлым көп қырылса, соғұрлым қарқынды дамиды, мұның себебін қалай 
түсіндіресіңдер?                                   
Қойылған сұрақтарға оқушылардан жүйелі түрде жауап алдым. Сонымен бірге үй тапсырмасын
бекітуде проблемалық жағдайларды қоя отырып шешкіздім7
2.Проблемалық жағдайларды шешу 
Құралайдың салқыны .Мамыр айының аяғында болатын суық жел.осы желге қарсы киік өз 
құралайларын аяқтандырып,жүгіртіп,өргізеді.Киік қанша көп болса да ,олар 2-3 күн ішінде 
түгелдей төлдеп болады.Киіктің тағы бір айта кетерлік ерекше қасиеті – оның енелігі кез келген 
құралайды емізіп,бауырына ала береді.Киік құралайының далада жетім,жалғыз қалмауы осыдан. 
Сұрақ:  Бұл халық болжамы тіршілік үшін күрестің қандай формасына келеді?
1 кг киік мүйізінің халық аралық құны 600 доллар.Бөкен мүйізі өкпе қабыну,жүрек сусамыр 
ауруларына таптырмайтын ем.Киік 300 түрлі дәрілік қасиеті бар шөппен азықтанады екен.Киік 
даламыздың көркі, табиғатымыздың байлығы,Еуразия материгінің жазық аймақтарында тіршілік 
еткен олардың біздің республика- мызда ғана сақталуы еліміздің ұлттық мақтанышы. 
Десекте,қазіргі таңда олардың саны жойылу алдында тұр.Сол себепті де мемлекет тарапынан 
қорғауға алынған жануар болып саналады.Қазақтың бетпақ даласын мекен еткен киіктің 
жүйріктігі арқасында жауынан қашып құтылады,алыс суатқа да әлділері жетіп, әлсіздері 
жыртқыштарға жем болады. 
 Сұрақ: Киіктердің тек біздің жерімізде сақталуы дарвинизм бойынша қалай аталады?
 Жаңа сабақты меңгерту мақсатында оқушыларға оқулықтағы мәтінді бөліп бердім.
Бүркеніш реңінің түрлерін  3 топқа бөліп бердім. Сол тапсырмалар бойынша топ мүшелері өз 
түсініктерін сурет бойынша айтып, топта диалогтық қарым-қатынас орнады. Ашық жерде тіршілік 
ететін организмдердің жауынан қорғану үшін қажетті бейімделушілік – бүркеніш рең, Улы, шағатын, 
күйдіретін жәндіктерге тән бүркеніш реңнің түрі – сақтандырғыш рең, Жауынан қорғану үшін айбар 
шегіп құтылу тәсілі – қауіп төндіруші рең екендігі туралы жеке – жеке талдау жасап, түсіндірді.
   Жаңа сабақты қаншалықты дәрежеде меңгергендігін ойтолғаныс яғни, жеке жұмыс ретінде 
сәйкестендіру тестін шешкіздім. Кітаппен жұмыс ретінде тапсырма – Келтірілген мысалдар бүркеніш 
реңнің қай түріне жататынын әр қайсысының тұсындағы тор көзге бас әріппен белгіледі. 
7

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың қызығушылығы оянып, өмірмен байланысты 
мысалдар келтірді. Жұмыс аяқталысымен оқушылар тапсырмаларды критерий бойынша бағалады.
Бақылаушы тобындағы мүшелердің жұмысын бағалап, баға қою себебін түсіндірді. Сабақта сәтті 
шыққан жерлерім оқушылар тапсырманы белсенділікпен орындап, үнемі сабаққа селқос қарап 
отыратын оқушы «С» сабаққа белсенді аралысып отырды.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал