Жұмбақ арқылы сабақтың
тақырыбын ашамын
1.Тұтас затты бөледі
Ұсақтап турап береді
2. От басады табаны
Тек қана су тамағы
3. Ерінбей еңбек істеген
Онсыз тамақ ішпеген
4. Кесе – кесе мұқалды
Жөни – жөни жұқарды
5. Сабы бар, басы шатыр
Табысын өлшеп әкеп
Ауызына салып жатыр
6. Кесе – шыны пиала
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейді
Бәрінің атын не дейді?
иа
Жұмбақтар шешу
Пышақ
Шәйнек
қасық
пышақ
қасық
ыдыстар
Ұйымдастыру
ізденістік кезең
Ой қозғау
Ыдыс дегеніміз не?Оны не үшін
пайдаланады?Ыдыстарды қалай ұстау
керек?Ыдыс-аяқ қандай болады?
Ыдыстар болмаса тамақты қалай ішуге
болады?Үйге қонақтар келгенде қандай
ыдыс-аяқтар қоясыңдар?
Балалардың жауабы
Ағаш, әйнек, металл, қыш
Ең әдемі, ең жақсы
Д/о: «Кім тез табады» үлестірмелі
суреттер беріп, сөйлем құрату, суреттегі
не екенін атау.
Топтарға тапсырма беру
1-топ Қатынас
Ыдыс түрлерімен танысамыз. Кітаппен
жұмыс
2-топ Шығармашылық
Ермексаздан ыдыс түрлерін жасап,
оған өлең жолдарын шығаруға болады
Сергіту сәті
Оң қолымда бес қасық
Сол қолымда үш қасық
Қосып едім екеуін
Болып шықты сегіз қасық
Ыдыстар көрмесіне бару, ыдыстың
түрлерін ұстап көру, айырмашылығын
айту, неүшін, қандай тағамдар үшін
пайдаланатынын айту
Екі топ орындарын ауыстыру
Шығармашылық топтағы балалар өз
жасаған жұмыстары туралы айтып кетеді,
өлең шығарғандар оқиды
Көрініс.»Тырна мен түлкі»
Қасық, кесе сөздеріне
дыбыстық талдау жасайды
57
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Ертегі қалай басталады?
Түлкі тырнаны қалай атайды?
Ал тырна түлкіні?
Түлкі тырнаны не үшін шақыра-ды?
Түлкі тырнаға қандай тамақ бе-
реді және қандай ыдысқа сала-
ды?
Тырна түлкіге қандай ас береді?
Ертегінің соңында не болады?
Қойылым қояды, тыңдайды ,
талдайды, ойларын айтады
Түлкі мен тырна танысады
Тырнашым
Түлкішім
Тойға, мерекеге, тамақ ішуге
Тәрелкедегі ботқа
Құмырадағы сорпа
Тәрелке жайпақ, ал
құмыраның мойны тар.
Түкінің мойны қысқа, ал
тырнаның мойны ұзын
Ертегі басында түлкі мен
тырна дос. Ал соңында қас
Рефлексифтік
Зерттеуші кезең
Қортыныдылау.Бүгінгі оқу іс-
әрекетімізде не туралы айттық?
Қандай тапсырмалар орындадыңдар?
Бүгінгі іс-әрекет ұнады ма? Несімен
ұнады? Белсене қатысқан балаларды
мадақтау.
Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды
Сұрақ жауап және көрнекілік
әдістері арқылы сабақтың
тақырыбын пысықтайды.
Білу қажет: Ыдыс түрлерімен танысу.
Игеру керек: Сурет бойынша әңгіме құрастыруды үйрену.
Көрсете білу: Ыдыс түрлерін ажырату білу .
--------------------------------------------------------------------------------------------------
Қайсағалиева Рысты Жүнісқызы.
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы,
Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназиясы-
ның тарих, қоғамтану пәндерінің мұғалімі.
Тарих сабағында интерактивті технологияны пайдалана отырып
оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру,
шығармашылық қабілеттерін дамыту
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ғасыр мақсаты -қоғамның нарықтық қарым-
қатынасқа көшу кезіндегі саяси- экономикалық және рухани дағдарысты жеңіп шыға алатын,
ізгіленген, XXI ғасырды құрушы іскер,өмірге икемделген, жан- жақты мәдениетті жеке тұлға
қалыптастыру» деген тұжырым жасады.Тұлғаның жан -жақты ашылуына дұрыс ұйымдастырылған
оқыту мен тәрбиелеу септігін тигізуі тиіс.
Мектеп оқушыларының тірбие беру тұжырымдамасында «Жеке тұлғаның қалыптасуы үздіксіз
күрделі үдеріс. Ірбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән сапасы, еркі, өзіндік әрекет
жасай алатын қабілеті бар екенін ескеріп,баланың білімге,ғылымға ықыласын арттыру олардың ақыл
ой қабілетін, жеке бас қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай жүзеге асыруға көмектеседі»
делінген..
Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық – педагогикалық бағыттағы негізгі ой-
тұжырымдары төмендегідей сипатталды:
1.
Есте сақтауға негізделген оқып-білім алудан бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып,
ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу.
58
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
2.
Білімнің статистикалық үлгісімен ақыл-ой әрекеттерінің динамикалық құрылым жүйесіне
көшу.
3.
Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту
бағдарламасына көшу.
4.
Мұғалім мен оқушының бірігіп одақта қызмет істеуі. Мұғалім де, оқушы да субъект болуы.
Бұл міндеттеді жүзеге асыру үшін мектеп ұжымында әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық
жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Қазіргі білім беру
саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан-жақты сауатты маман болу
мүмкін емес.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік және көптеген
адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді
ұйымдастыруына көмектеседі.
Кез келген оқыту технологиясы оқытушыдан терең теориялық, психологиялық, педагогикалық,
әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп оны
ұғына білуді талап етеді.Оқыту технологиясынна белгілі ғалым В.П.Беспалько «Практикада іске
асатын нақты педагогикалық жүйе - жоба», деп анықтама берді.
Шын мәнінде педагогикалық технологиялар тарихын, оның пайда болуын, мақсат-міндеттерін,
қызмет ету үрдісін зерделеп талдау, олардың маңызды құрылымдық түрлерін айқындау ой елегінен
өткізу оқушыларға құнды педагогикалық іліммен қарулануға мүмкіндік береді. Оқыту барысында
жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың
білім сапасын жақсартады, ой-өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Жаңа
технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр ұстаз алдында отырған баланың жас
ерекшелігін ескеріп, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Балаларды сүйетін, өз пәнін жетік
меңгерген, психология, педагогиканы терең меңгерген нағыз мұғалімнің алдында білім алған
оқушысының бейнесі мынадай болуы тиіс:
Неміс педагогы А.Дистерверг өзінің әйгілі «Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық» атты
еңбегінде «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге
жетелейді, ойлауға үйретеді»-деген.
Міне, осындай оқытудың жаңа технологияларының бірі интерактивті оқыту әдісі.
Интерактивті әдісті пайдаланудың тиімділігі сол оқушының өз ойын еркін, жүйелі айтуына,
ұйымшылдыққа тәрбиелейді.Әсіресе табиғатынан тұйық, өз ойын жеткізе алмайтын, өздеріне
сенімсіздеу оқушыларға пайдасы зор. Оқушылардың шығармашылық қызметін дәстүрлі емес,
интерактивті әдістері арқылы белсендіруге болады. Интерактивтілік біреумен, бір нәрсемен өзара
қарым-қатынас жасау қабілеті немесе сұхбаттасу, диалог орнатуды білдіреді.
Интерактивті қатынастың негізгі мақсаттарының бірі – қолайлы байланыс орнату, яғни оқушының
өзін-өзі табысты сезінуі, өзінің интеллектуалдық әлеуетіне сенімінің артуы. Өзара қарым-қатынас
үрдісі практика жүзінде оған барлық қатысушылар жалпы таным мен талдауға атсалыса алатындай
етіп ұйымдастырылады. Олар өздерінің не білетіндері, нені түсінетіндері, не туралы ойлайтындары
жөнінде ортақ рефлексия жасауға мүмкіндік алады. Әрбір қатысушы берілген мәселені талдауға
өзінің жеке үлесін қоса алады, өз білімдерімен, идеяларымен, іс-әрекет әдістерімен алмасады, өз
әріптестерін тыңдайды. Бұл өзара түсіністік, өзара қолдау атмосферасында өтеді және оқушыларға
жаңа ақпарат алуға мүмкіндік береді.
«Интерактивті оқыту» терминдерінің ортақ түбірі интер ағылшын тілінің «inter» (между)
аралық «act» (действовать, действие) әрекет ету деген сөздерімен енген.
Интерактивті әдістер тіркесін оқушылардың өзара әрекет етуіне жағдай жасайтын әдістер деп
түсінуге болады.
Сондықтан олар сабақта ынтымастық педагогикасының жүзеге асуына, бірлесіп әрекет етуіне
сабақта жайлы да жағымды психологиялық жағдай орнауына мүмкіндік жасайды.
Интерактивті әдістерді қолдануда мұғалім кейбір ережелерді естен шығармауы абзал.
Бірінші ереже: Сынып оқушыларының барлығы сабаққа түгел қатыстырып, танымға
жұмылдыру.
Екінші ереже: Оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау. Оқушыларды жиі мақтап,
қолпаштап отыру.
Үшінші ереже: Сынып талапқа сай болуы қажет.
59
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Төртінші ереже: Әрбір қатысушы өз пікірін, көзқарасын білдіріп, дәлелдеп беруге мүмкіндік
жасалу қажет.
Бесінші ереже: Оқушыларды проблема шешу барысында топқа бөлуге мұқият қарау.
Үстіміздегі ғасыр – жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры.
Олай болса, мұғалімдердің алдында тұрған бірден-бір мақсат оқушылар алған білімдерін
пайдаға асырып, өзара әрекет ете алатын азаматтың ұлттық құндылықтарды меңгерген жеке тұлға
тәрбиелеу.
Интерактивті әдіс сыныптағы тыныштықты бұзады, ол тәртіпсіздікке алып барады деген пікір
айтылады. Интерактивті әдістің дәстүрлі әдістен ерекшелігі оқушыны қозғалысқа түсіру. Мысалы,
шетел тіпті орыс халқы мен қазақ балаларын салыстырмалы түрде қарасақ, екі ұлттың балаларына
қарағанда қазақ балалары жасқаншақ. Ал орыс, шетел балалары өз ойын ашық айтып, дәлел келтіріп,
белсенділік танытады.
Ендеше, неге қазақ балалары да осындай болмасқа. Бүгінгі таңда басты мәселе де
бәсекелестікке қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Қоғамның әрбір даму кезеңі ең алдымен, сол қоғамға
сәйкес жаңа адамды қалыптастыруды көздейтіні – ешқашан маңызы жоймайтын тарихи құбылыс.
Ұлы педагог М.Жұмабаев: «Баланы тәрбиелеу – тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін
адам шығару деген сөз. Қалса өзін, асса барлық адам баласын әділ жолмен өрге сүйрейтін ер шығару
деген сөз. Тұрмыста түйінді мәселелерді тез шеше білетін, тұрмыстың тұңғиық теңізін қайратымен
шеше білетін, адалдық жолға құрбан бола білетін, қысқасы адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола
алатын төрт жағы түгел адам етіп шығару. Баланы мұндай адам қыла алу үшін тәрбиені бар күшін,
бар білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білуі керек» деген болатын.
Интерактивті-оқыту әдістері және формалары
«Миға шабуыл», «Миды штурмдау»-бұл әдістер бойынша оқушылардың кез келген сұраққа берген
жауабы қабылданады. Мұнда ең маңыздысы айтылған көзқарас,пікірлерді бірден бағаламау,
барлығын да қабылдап, әрқайсысының пікірін тақтаға немесе бет қағазға жазып қою (4-5 минут).
«Миға шабуыл аяқталған соң барлық жауап нұсқаларын талдап, негізгілері мен қосалқыларын бөліп
алу. «Миға шабуыл» мына жағдайларда тиімді:
•
талас туғызатын және байыпты мәселелерді талқылағанда
•
өз-өздеріне сенімсіз оқушыларды талқыға қатысуға ынталандыру үшін
•
қысқа уақыттың ішінде көп идеяларды жинақтау үшін
•
аудиторияның ақпараттылық және дайындық деңгейін анықтау үшін
Шағын топтармен жұмыс
Оқушылар 4-5 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Қатысушыларды бөлу әдісі әртүрлі болуы
мүмкін. Мысалы, бірінші, екінші, үшінші, төртінші болып ретімен санақ жүргізіп, біріншілер-1 топ,
екіншілер,-2 топ т.б. Кіші топтармен жұмыс барлық қатысушыларды бірлескен жұмысқа белсенді
қатыстыруға, пікір алмастыруға, пікірталастыруға мүмкіндік береді.
Тапсырманы орындап болған соң топ өз арасынан жұмыс нәтижесі туралы баяндап беру үшін
лидер сайлайды.
Жұппен жұмыс
Бұл жұмыс формасының мақсаты-балаларды бір-бірін естуге және тыңдауға, әріптесінің
ерекшелігін, көңіл күйі мен жағдайын ескере отырып диалог жүргізуге, өздерінің жеке түсініктерін
ашық айтуға және қорытындыларын негіздей отырып, әріптесінің де пікірін ескере білуге үйрету.
4 адамнан тұратын топ
Бұл тренингформасының ерекшелігі- өз пікір, көзқарастарымен өзін қабылдайтын және түсінетін
шағын «компаниямен» бөлісуге мүмкіндік алады. Оқушылар қандай микротопқа кіретіндіктерін
өздері таңдайды. Алайда оқушыларға микротопты жиі өзгерту оларды мінез-құлықтары мен
дағдылары әртүрлі адамдармен жұмыс істеу тәжірибесін жинақтауға көмектесетінін ескертіп қою
қажет.
5-8 адамнан тұратын топ
Бұл тренингтің негізгі мақсаты: қарым-қатынастың әлеуметтік тәжірибесін кеңейту және
оқушының адамдардың үлкен тобында өзін-өзі көрсете білуіне мүмкіндік беру. Бұл көп оқушылар
үшін жұмыстың неғұрлым қиын формасы, себебі үлкен топта бізге ұнайтын адамдармен қатар
ұнамайтын адамдар да болуы мүмкін. Алайда әртүрлі адамдарды тыңдауға және өзін де тыңдатуға
әрбір оқушы үйрену қажет.
60
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Топқа біріктірудің бір әдісі бұрын құрылған жұптарды немесе 4 адамдық топтарды біріктіре қою.
Үлкен топтарды бөлменің әртүрлі бөлігіне орналастырған дұрыс.
ды. Ішкі және сыртқы шеңберде тұрғандарға тапсырманы (рөл) педагогтың өзі береді.
Бақылау беті және тест
Бұл әдіс қатысушылардың талқыланатын тақырыппен қаншалықты таныс екендіктерін және
олардың осы тақырыпқа қатынасын анықтауға көмектеседі. Қатысушылар өз жауап нұсқаларын тиісті
графаларға белгілейді: «дұрыс»-«дұрыс емес», «білмеймін», «келісемін»-«келіспеймін».
Осыдан кейін жауаптар жұппен, төрттікпен талқыланады. Қорытынды мұғаліммен бірлесе отырып
шығарылады.
Рөлдік ойын
Шағын топтармен өткізіледі (3-4 қатысушы). Қатысушылар тапсырмаларды топшамалармен
(тақтада, бет қағазда т.б ) беріледі, рөлдер бөлінеді, жағдаяттар топ алдында ойналып көрсетіледі.
Оқытушы балалардың мінез-құлқына орай рөлдерді өзі бөлуіне болады.
Бұл әдістің артықшылығы сол, барлық қатысушылар берілген жағдаятты өздерінің бастарынан
өткереді, өздері сезінеді, қайсыбір іс әрекеттің салдарын және шешім
қабылдайды.Ойын аяқталғаннан кейін жағдай бірлесе талданып, осы жағдайға неғұрлым тиімді
мінез-құлық стратегиялары шығарылады.
Құндылықтар, пікірлер және қарым-қатынастарды анықтауға арналған жаттығулар.
Бұл жұмыстың түрі қатысушылардың талданатынмәселе бойынша көзқарастарын, қарым-
қатынастарын, өмірлік ұстанымдарын анықтауға мүмкіндік береді.
№1 нұсқа. Бет қағазда, шкала бойынша өзінің көзқарасын берілген тапсырмалар диапазоны
аралығында білдіреді Әріқарай талдау жұппен, топпен жүргізіліп, өз ұстанымдарын қорғайды.
Топта пікірталас жүргізілуі мүмкін. Бұдан кейін тренер осы мәселеге қатысты кейбіреулерінің
пікірлері өзгеріске ұшырамағандығын анықтайды.
№2 нұсқа. Егер бөлме жеткілікті дәрежеде кең болса, бөлмені бойлай белдеу сызылады, оның бір
шетіне «келістім», екінші шетіне «келіспеймін», ортасына «күмәнданамын» деген сөзлер жазылады.
Қатысушылар таласты мәселеге қатысты өз тұжырымдарына сәйкес орынға барып тұрады. Одан әрі
құрылған топтарда мәселені талқылайды, пікір алмасады.
Бұл әдістің пайдасы тек пікір алмасу ғана емес, өз көзқарасына сенімділігін арттыруға да
көмектеседі. Қатысушыларға әркімнің өз пікіріне құқылы екендігін түсіндіру қажет.
Жобалар құру
Бұл әдіс қатысушыларға ойша мектеп аумағынан шығып, талқыланатын мәселе бойынша өздерінің
іс әрекетінің жобасын құрастыруға мүмкіндік береді.Ең бастысы, топ немесе жекелеген қатысушы өз
жобасын қорғауға, оның басқаларынан артықшылығын дәлелдеуге және басқалардың пікірін білуге
мүмкіндік береді. Газет мақалаларын, фотосуреттерді, газет тақырыптарын жинастыруға
тапсырма беріп, кейін осы материалдарды топта талқылауды ұсынуға болады.
Бейнефильмдер
Бейнефильмдерді тақырыпты толық игеру үшін пайдалануға болады. Фильмді көрсетпес бұрын
оқушылардың назарын төрт немесе бес маңызды мәселеге аудару қажет. Бұл соңынан мәсепені
талдағанда сүйенуге негіз болады. Фильмді алдын ала таңдап қойылған кадрларды тоқтатып,
пікірталас өткізуге де болады.
Оқытудың интерактивті әдістерінің артықшылығы
•
Материалды тиімді игеруге көмектеседі
•
Қызығушылықты оятады
•
Белсенділерді мадақтайды
•
Көп жақты әсер етеді, соның ішінде мінез-құлыққа да
•
Кері байланысты жүзеге асырады (аудиторияның жауап реакциясы)
•
Пікір мен қарым-қатынасты қалыптастырады
Тренингтік оқытудың міндеттері
•
Ақпарат беру
•
Жасөспірімдердің мінез-құлықтарын жақсы жағына қарай өзгертуге құлшындыру
•
Жауапкершілік дағдыларын қалыптастыру
Тренинг-оқытудың тиімді әдістерінің бірі.
Тренинг-ағылшынның «to train» - оқыту, жаттығу деген сөздерінен шыққан.
61
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Бұл оқытудың интерактивті әдістерін пайдалануды білдіреді. Тренинг кезінде оқушылар бір
мезгілде ақпарат ала отырып, түсініксіз мәселелерді өзара талдайды, сұрақтар қояды, алған білімдерін
бірден бекітеді, мінез-құлықтарын қалыптастырады.
Тренинг формасына сипаттама
Тренинг-оқушылардың өзара қатынасы үшін әдейі ұйымдастырылған әдіс, оның негізгі мақсаты-
тренинг тобы мүшелерінің тұлғалық дамуы. Бұндай сабақтарда оқушы сыныптың толық сеніміне ие
болады, өзі де айналасындағыларға сенуден қорықпайды. Трненинг сабақтары оқушыға өзін басқа
сыныптастарымен салыстыруға, өзара байланыстың тиімді әдістерін тезірек игеруге мүмкіндік
береді. Тренингтің өзегі қатысушылардың өзара сыйластығына , бір-біріне толық сеніміне,
сұқбаттасын тыңдауға дайындағына және оның өз пікірін білдіруге құқтылығын мойындауына
негізделген диалог болып табылады.
Тренинг өткізуге қойылатын талаптар.
1.
Кең бөлме, орындықтар шеңбер бойынша қойылады (тренинг шеңбері), қатысушылар бір-
біріне қарама-қарсы отырады.
2.
Тренинге қатысушылар 20-25 адамнан аспау керек.
3.
Тренинг барысында өзара сенім мен достастық атмосферасын тудыру және қолдау.
4.
Қатысушыларды мадақтап отыру және тренингке бәрінің түгел қатысуын қадағалау.
5.
Оқытушы-тренер басқаларының да пікірімен санасу қажеттігін есте сақтай отырып,
аудиторияны сабақтың қойылған мақсатына жетуге бағыттап отырады.
6.
Оқытушы –тренер әрбір жаттығудың уақыт шеңберін сақтап отыруы керек.
7.
Тренингтің бірінші сағатында «танысу» жаттығуы өтеді және «келісім» қабылданады (топтың
жұмыс ережесі).
8.
Теориялық материялдар интерактивті жаттығулармен және сергіту сәттерімен ұштастырылып
өткізілуі қажет.
9.
Кез келген тренинг сабағының алдында мақсат пен міндет оқылады, ал соңында қорытынды
шығарылады.
Тренинг кезінде педагог:
1.
Жұмыс Ережесін талқылауды және қабылдауды ұйымдастырады, оның әрбір сабақта
орындалуын қадағалайды, қажет болса Ереженің тиісті бөліктерін түсіндіреді.
2.
Өткізілетін жаттығудың мақсатын түсіндіреді, кезекті тапсырма немесе процедураға берілген
нұсқауды нақты түсіндіреді: қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап береді, сосын олардың
орындалу барысын және дұрыстығын бақылайды.
3.
Кезекті жаттығу мен этюдті талқылау барысында қалыптасқан жағдайда бірлесе талдау және
сараптауды ұйымдастырады, нақты тапсырманың мақсаты және міндетіне сәйкес өз пікірлерін
білдіруге барлық тілек білдірушілерге мүмкіндік береді.
4.
Барлық оқушылар мен сыныптың эмоционалдық жағдайын бақылайды, қажет болған
жағдайда психологиялық қолдау көрсетеді.
5.
Әрбір сабақтың қорытындысын шығарады.
Тренинг сабақтарының ережесі
1.
Пікірлерді персонификациялау
2.
Тұлғаның күшті жақтарын атап көрсету
Жаттығулар мен тапсырмаларды талдау барысында әрбір оқушы міндетті түрде сөйлеуші
тұлғасының жағымды жақтарын атап көрсетеді. Мысалы, «Жолдасымның дәлелдемесімен мен
келіспеймін, бірақ маған оның дәлелдей сөйлеу мәнері ұнады».
3.
Адамды тікелей бағалауға жол бермеу
Адамның өзін емес, оның іс әрекетін бағалауға үйрену. Бұл ережені әсіресе балалардың түсінуі
қиын, сондықтан оны өте жетік түсіндіру және оның орындалуын мұқият қадағалау қажет. Жиі
кездесетін дағдылы қателіктерге тоқталыңыз: Қарым-қатынас шынайылығы
Сабақ уақытында пікір ашықтығы мен шынайылығына көңіл бөлу керек, сондықтан нені қалай
сезінеміз солай айту керек. Әйтпесе үндемеген дұрыс. Басқа қатысушылардың іс әрекетіне қатысты өз
сезімдерімізді ашық жеткіземіз.
4.
«Осында және қазір» қарым-қатынасы.
«Психологиялық қорғану механизмі» алынып тасталады, яғни оқушыны тап қазір және осы жерде
толғандырып тұрған мәселені талқылаймыз, яғни жалпы ой-түсінік, басқа адамдардың басынан өткен
62
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
жағдайларды талдауға жол берілмейді.
5.
Сабақ үстінде болғанның барлығының құпиялылығын сақтау (конфеденциялылық)
Оқушы өзінің ең құпия сырын, қиыншылықтарын, проблемаларын, т.б біреумен немесе бүкіл
сыныппен бөліскенде ол туралы бүкіл мектепте сөз болмайтынына сенімді болуы керек.
Оқушылар үшін бұл ережелер егжей-тегжейлі түсіндіріледі, олар тарапынан туындаған
сұрақтарға байыпты жауаптар беріледі, сонымен қатар ережелерді өзгерту немесе толықтыру туралы
ұсыныстар талқыланады.
Қосымша ережелер:
1.
Қарым-қатынастың констуктивтілігі
Оқушыларға жүргізушінің рұқсатынсыз сөйлесуге және сабақ мазмұнынан ауытқуға, оның
тимділігін төмендететін сұрақтар беруге тиым салынады. Конструктивті сұрақтар бере алған
оқушылар педагог тарапынан мадақталады.
2.
Жарысушылығы
Тренинг сабақтары барысында әрбір оқушының жұмыс нәтижесінің есебі жүргізіледі және
лидерлер анықталып отырады. Есептеу жүйесін педагог белгілейді, кейбір жаттығуларда сынып
оқушылары немесе жекелеген оқушы жасауы мүмкін.
3.
Қорытындыны өз беттерінше шығара білулері
Ойындар технологиясы
Ойын – қоғам тәжірибесін қайта құруға және қабылдауға бағытталған, бір шартты жағдайдағы
қызметтің түрі. Сол бойынша өзін-өзі басқарады, тәрбиелеу жетіліп қалыптасады.
Мектепке дейінгі және мектептен тыс оқу мекемелерінде ойын – оқыту әдісі ретінде халық
педагогикасында кеңінен қолданылады.
Қазіргі мектептерде ойын – қызмет ретінде төмендегі жағдайларда қолданылады:
-
жеке технология ретінде ретінде;
-
оқу пәнінің бөлімін, тақырыбын ұғып меңгеру үшін;
-
кең көлемді технология бөлігі ретінде;
-
сабақ ретінде, не болмаса оның кезеңдері (кіріспе, түсіндіру, бекіту, жаттығу орындау,
бақылау);
Ойын түрлері оқу кезінде сабақтарда ойын тәсілдері мен жағдайлар туғызу арқылы құрылып,
оқушылардың оқуға деген қызметін ынталандырып талаптануына тәсіл ретінде қолданылады.
Ойын тәсілдері мен жағдайларын сабақ кезінде өткізу мына негізгі бағыттарда жүргізіледі:
-
дидактикалық мақсат оқушыларға ойын түрінде беріледі;
-
оқу қызметі ойын ережелеріне бағынады;
-
оқу материалы оның құралдары ретінде қолданылады, оқыту қызметіне жарыс ретінде
кіргізіліп, дидактикалық міндеттерді ойынға айналдырады;
-
дидактикалық тапсырмаларды орындау ойын қортындысымен байланыстырылады.
Ойындарды дене , ой-өрісі (ақыл-ой), еңбек, әлеуметтік және психологиялық қызметтер түрлеріне
бөлу керек. Ойындар ерекшеліктеріне қарай мына топтарға бөлінеді:
а) оқыту, жаттығу, бақылау және қортындылау;
ә) таным, тәрбие, даму;
б) еске алу, өнімділік, шығармашылық;
в) коммуникативтік, таным әдісі, кәсіпке бағдарлау және т.б.
Ойын әдістемесі: пән бойынша, сюжеттік, рольдік, іскерлік, еліктеушілік және драмалық
ойындар.
Пәндер бойынша ойындар барлық оқу пәндері саласына бөлінеді. Ойын ортасы ойындар
технологиясының ерекшелігін анықтайды: затпен және затсыз ойындар, стол үстінде, көшеде,
бөлмеде, компьютерде, оқу техникалық құралдармен және түрлі жүру техникасымен.
Топтағы жұмыстың пайдасы
Оқушы жалпы жұмысқа қосатын үлесін өзі анықтайды, сондықтан сабаққа бар ықыласымен
кіріседі.
Белгілі бір жүйеден шықпай, қатып қалған оқу тәсілі өзгереді.
Оқушылардың өздеріне деген сенімі нығаяды.
Бірлесе жұмыс істеу балалардың арасында ынтымақ бірлікті, әдептілік қасиеттерін
қалыптастырады.
63
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Әр топтың жұмыс нәтижесін бағалайтын нақты бір жүйе дайындап алу шарт. Оқушылар
жолдастарының жұмыстарын талдай отырып, ойларын ашық айтуға үйренеді.
Топтағы жұмыс оқушылардың бірге жұмыс істеуіне жеңілдетуге арналған әдіс. Оның өз
тәжірибемде тиімділігі мынадай болады.
«Қазақ хандығының құрылуы» деген сабақта(10- сынып) оқушылармен топтық жұмыс
жасаттым.Үй тапсырмасы сұрақ – жауап түрінді сұралды. Бұл жерде ұтқаным уақытты үнемдей
білдім. Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыруда өлең жолдары оқылып, өлеңнің мағынасы
ашылды. Сонымен қатар жаңа сабақ оқушыларға түсіндірілді. Яғни оқушының білім, білік дағдысын
тексеру мақсатында тапсырмалар орындау арқылы тақырыпты өздері аша білді.
1.
Бекіту кезеңінде.
Венн диаграммасы
«Хандар» тобы Керей мен Жәнібекті Н.Назарбаевпен салыстырады
«Батырлар» тобы Қазақ хандығын Қазақстан Республикасымен салыстырады
«Билер» тобы Қазақ хандығының аумағын ҚР территориясымен салыстырады
Қазіргі таңда әрбір педагог баланың ойынан шығып, қажеттілігін қанағаттандыра білуге
дайын болуы тиіс. Өйткені қазіргі мектеп жасындағы балалар қай сыныпта оқыса да, қай жаста болса
да өзінің кім болатынын, қандай адам болатынын армандайды және өмірден өз орнын табуды басты
мақсаты деп санайды, сондай-ақ өзіне айналасындағылардан дұрыс бағдар беретін ақыл-кеңес күтеді.
Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр,
өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен әр баланың үрдісінен
шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, жеке тұлғалы тек қана
жаңа тұрпатты педагог қалыптастыра алады.
Егер әр педагог өзі таңдаған әдістемелік жолын тың идеяларға негіздей білсе, жаңа
педагогтардың саны арта түсер еді.
,оқушылардың танымдық белсенділігін, шығармашылық қабілетін дамыту.
Оқытушының педагогикалық шеберлігінің негізгі өлшемдерінің бірі – оқушының өзіндік танымдық
жұмысын ұйымдастыру, ал екіншісі оқушының өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу, ғылыми
ізденіске жетелеу. Сондықтан мұғалімнің ең басты міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған дарынды
тұлға қалыптастыру. Мектеп қабырғасында оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мән
берілуі тиіс. Талантты дер кезінде танып, дарынды таңдап және олардың бойындағы ерекше қасиетті
бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесу қажет.
Интерактивтік оқыту технологиясы мен тәсілі интеракция (ағлш. Interaction – өзара әсер, бір-біріне
әсер ету) құбылысына негізделген. Оқыту барысынде жеке тұлғалар арасында танымдық қарым-
қатынас орнап, оның субъектілерінің бәрі өзара қатынасқа түседі. Әр оқушының жеке жұмысы мен
оның жеке тұлғасын дамыту адамдардың бір-бірімен сөйлесу және өзара пікіралмасу барысында
жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |