Дәптермен жұмыс.
Деңгейлік тапсырмалар: а) Заттарды салыстыру б) Пішіндер құрастыру
Үй тапсырмасы
Қ қ дыбысы мен әрпі
Бағалау
«Екі жұлдыз, бір тілек» басбармақ арқылы бағалау
14
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Қызылорда қаласы, № 171 Ғани Мұратбаев атындағы
орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі
Кемелова Гүлжан Оралбайқызы
Сабақтың тақырыбы: Шеңбер. Дөңгелек
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: . «Шеңбер», «Радиус» және «диаметр»туралы түсініктерін қалыптастыру;берілген
радиусы және диаметрі бойынша шеңбер сызуды үйрету.
Дамытушылық:
Өтілген есептеу тәсілдерін бекіту, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік:
Өздігінен жұмыс жасауға,тазалыққа , мұқият тыңдау және шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ертегі
Сабақтың әдісі: жаңа сабақты меңгеру
Пәнаралық байланыс: геометрия,қазақ әдебиеті
Көрнекілігі: мат.плакаттар, слайдтар, математикалық құралдар
Сабақтың өтілу барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, сабаққа қатысуын тексеріп, құрал - жабдықтарының орналасуын қадағалау,
үй тапсырмасын сұрау.
Үй жұмысы: №336, № 340
ІІ. Өткен сабақты қорытындылау
1. Санды өрнек дегеніміз не? Амалдар таңбаларынан, жақшалардан(керек болған жағдайда) және
сандардан ғана құрастырылған жазу санды өрнек деп аталады.
2. Әріпті өрнек дегеніміз не? Құрамында әріптері бар өрнек әріпті өрнек деп аталады.
3.Тік төртбұрыштың периметірінің формуласы - Р= 2а + 2b
4. Тік төртбұрыштың ауданының формуласы - S=аb
5. Қандай цифрларды жұп цифрлар деп атайды? Екіге бөлінетін натурал сандар
6. Қандай цифрларды тақ цифрлар деп атайды? Екіге бөлінбейтін натурал сандар
7.Қандай сандар 2-ге бөлінеді? Жазылуы жұп цифрмен аяқталатын натурал сандар
8. Қандай сандар 5-ке бөлінеді?Жазылуы 0 және 5 цифрымен аяқталатын натурал сандар
9. Қандай сандар 10-ға бөлінеді? Жазылуы 0 цифрымен аяқталатын натурал сандар
10. Қандай сандар 3-ке және 9-ға бөлінеді? Цифрларының қосындысы 3-ке және 9-ға бөлінетін
натурал сандар:27=2+7=9 яғни 3-ке де 9-ғада бөлінеді.
ІІІ.Жаңа сабақты меңгеру
Бүгінгі жаңа сабағымызды бастамас бұрын барлығымыз білетін "Бауырсақ" ертегісін есімізге
түсірейікші. Барлығымыз интерактивті тақтадағы суретке қарайықшы. Суретте бейнеленген бұл
біздің бауырсағымыз.
- Балалар бауырсақ қандай екен- деп сұрақ қойғанда " оқушылардың барлығы домалақ, сары түсті "
деп жауап беріп жатты. Міне балалар бүгінгі тақырыбымыз "Шеңбер және дөңгелек" екен. (ертегі
желісі бойынша кездескен аңдардан құтқару үшін берілген есептерді шығаруы керек).
Циркульдің инесін қандай да бір О нүктесіне шаншып тұрып, қарындашы бар сирағымен осы О
нүктесін айналдыра сызық сызамыз. Сонда қарындашпен О нүктесінен бірдей қашықтықтағы
нүктелерден құралған ШЕҢБЕР деп аталатын тұйық сызық сызылады. О нүктесі шеңбердің центрі
деп аталады. Шеңбер жазықтықты ішкі және сыртқы аймақтарға бөледі.
ШЕҢБЕР - барлық нүктелері бір жазықтықта және центрден бірдей қашықтықта жататын
фигура.
Шеңбердің бойынан А нүктесін белгілейік. А және О (.)-рі ұштары болатын АО кесіндісін сызайық.
АО кесіндісі шеңбердің радиусы деп аталады. Радиусты R әріпімен белгілейміз. Егер радиус 13 см
тең болса, онда жазылуы R= 13см.
Шеңбердің центрін оның бойындағы кез келген нүктемен қосатын кесінді радиусы деп
аталады.
Егер шеңбердің бойындағы В және С нүктелерін қосатын ВС кесіндісі оның центрі арқылы өтсе, ВС
кесіндісін шеңбердің диаметрі деп атаймыз. ВС - диаметр. Диаметрді D әріпімен белгілейміз. Егер
шеңбердің диаметрі 26 тең болса , онда жазылу үлгісі D=26 мм.
Диаметр бойында (ОВ және ОС) радиус орналасады. D=2R
15
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
1- мысал.
Бер: шеңбер Формула Шешуі:
R=7 см D= 2 R D= 2·7=14
т/к: D-?
Жауабы: D=14см
Жазықтықтың шеңбердің ішіндегі бөлігі, шеңбердің өзімен қоса дөңгелек деп аталады.
Шеңбердің центрі дөңгелектіңде центрі болып табылады. Себебі дөңгелекте тек бір ғана центр
болады.
Шеңбердің бойында жатқан екі нүкте арасындағы бөлігі шеңбердің доғасы деп атайды.
Ж азылуы: АВ, ВС , АС.
ІV.Есептер шығару . K
№370 (ауызша)
а) шеңбердің бойындағы нүктелер: D , S . L
ә) дөңгелекте: Е, С, О, D , S . A
б) дөңгелектің сыртында жатқандар: А, L, K
№371-№376 (шартын құра отырып, жазбаша орындау)
№371
Бер: шеңбер Формула Шешуі:
R=3 см D= 2 R D= 2·3=6
т/к: D-?
Жауабы: D=6см
№374
Бер: шеңбер Формула Шешуі:
R=3 м D= 2 R D= 2·3=6
т/к: -?
Жауабы: D=6см
№376
Шеңбер бойындағы 8 нүктені екі-екіден неше кесіндімен қосуға болады?
Бер: шеңбер Шешуі:
АО,ВО,СВ,DО,ЕО,GО,FО,LО – радиустары 1) АВ + ВС = АС
т/к: екі-екіден неше кесіндімен қосуға болады-? 2) СD + DЕ = СЕ
3) ЕG + GF = ЕF
4) FL + LА = FА
V. Логикалық сұрақтар
*Екі адам шахматты 2 сағат ойнады.Бір адам неше сағат ойнайды?
*Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді.Бір ат неше шақырым жүрді?
*4 жұмыртқа 4 минут піссе ,бір жұмыртқа неше минут піседі?
*2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
*Алмұрт алмадан ауыр,ал алма шабдалыдан ауыр.Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
*Бір айда 5 жексенбі бола ма?
*Алдында 1, артында 2,алдында 2,біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып
келеді.Барлығы неше қаз?
*Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг,2 аяғымен тұрса неше кг болады?
*Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек7
VІ. Сергіту сәті
Оқушыларды 1-2 минут сергітіп, бой жазу.
VІІ. Бекіту сұрақтары. (сағат тілінде орналасқан сұрақтарға жауап беру)
1) Шеңбер дегеніміз не?
2) Шеңберді қандай құралмен сызамыз? Қалай сызамыз?
3) Шеңбердің радиусы дегеніміз не?
4) Шеңбердің радиусын қандай әріппен жазамыз?
5) Шеңбердің диаметрі дегеніміз не?
6) Шеңбердің диаметрін қандай әріппен белгілейміз және қалай сызамыз?
7) Шеңбердің диаметрінің формуласы
16
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
VІІІ. Бағалау (белсене араласқан оқушыларды бағалау)
ІХ. Қорытынды
Ал балалар бүгінгі өткен тақырыбымызды қорытындылай кетсек: шеңберді циркульдің көмегімен
сызамыз және сол циркульдің ұшы орналасқан нүктені шеңбердің центрі етіп алады екенбіз. Өтілген
тақырыпты үйден оқып, ереже дәптерімізге ережесін жазып, үй тапсырмасын орындаймыз.
Х. Үй жұмысы: № 373, №375
-------------------------------------------------------------------------------------------------
1-СЫНЫПТА АҒЫЛШЫН ТІЛІН
ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Қызылорда қаласы, №4 С.Сейфуллин атындағы орта мектебі
Ағылшын тілі пәні мұғалімі Рахманбергенова Анар
Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының ХІІ құрылтайында «Үш
тұғырлы тіл» туралы идеяны жария етті. Ал 2007 жылдың Жолдауында «Тілдердің үштұғырлылығы»
атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. «Үш тұғырлы тіл» идеясының үшінші
құрамдас бөлігі – ағылшын дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу
деген сөз. Қазіргі уақытта өркениетті ел ретінде көптеген шет елдермен қарым-қатынасымыз күннен-
күнге нығайып, беделіміз артып келеді. Бұл шетел тілін оқытуды жақсартуды, оны терең меңгертуді
талап етеді.
Ағылшын тілі – ХХІ ғасыр тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын
тіл. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін
шыңдай түседі. Ағылшын тілін біздің халқымыздың жаппай меңгеруі сол тілде жасалған, жасалатын
шексіз байлықты аудару машақатынан, артық шығыннан құтқарады. Демек, балаларымыздың
ағылшын тілін білуі – заман талабы. Осы мақсатта ағылшын тілін жетік меңгертудегі басты әрекет –
ерте жастан бастап ағылшын тілін оқыту. Қазіргі таңда ағылшын тілі біздің қаламызда да мектепке
дейінгі және 1-сыныптардан бастап оқытылып жатыр. Бұдан бастауыш сыныптарда тіл игеруге жаңа
әдістерді қолдану қажеттігі туып отыр, бірақ бұл бұрынғы әдістерді қолданбау керек деген пікір емес.
Қайта бұл жаңа методиканың, оқыту әдістерінің дамуына негіз салады.
Өз ана тілін енді ғана меңгеріп, әріп үйреніп келе жатқан балаға ағылшын тілін үйрету оңай жұмыс
емес. Бұл мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктеп, ерінбей еңбек етуді талап етеді. 1-сыныпта жоғары
сыныптардағыдай әр түрлі сөйлемдерді меңгерту, қайталау, бірнеше қайтара естеріне түсіру, тағы да
басқа жұмыс түрлері оқушыны жалықтырып шаршатады. Сондықтан да ағылшын тілін игеруде ерте
бастан жас деңгейіне сай ойын түрлерін пайдалану оқушының өзіне деген сенімсіздігін сейілтіп, тілді
үйренуге ынтасын арттырады. Өз тәжірибемде жиі кездесетін жағдай балалар сөзді дұрыс дыбыстай
алмаудан қысылып, ұялады. Бастауыш сыныптарда оқушының ойлау қабілеті төмен болады. Есте
сақтау қабілеті әлсіздеу болады. Сондықтан бала тез есте сақтап қалу үшін мұғалім өз сабақтарында
ойын элементтерін пайдалану, рольдік ойындар, жарыстар, түрлі - түсті суреттер, музыка, әр түрлі
қозғалыс жаттығуларын қолданып отыруы керек. Оқушының ағылшын тіліне деген қызығушылығын
арттырып, сабақты қызықты өткізіп, баланы шаршатып алмау керек. Сабақты жоспарлы түрде
дайындаған дұрыс. Үйретілетін материал бірінен кейін бірі жалғасып отыру керек. 1-сыныптарда
ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін пайдалану оқушының басқа тілді үйренуге деген ынтасын
арттырады. Ағылшын тілін үйретуде алғашқы кезде балалардың көздерімен көріп, құлақпен тыңдау
арқылы - тыңдау мен сөйлетуге үйрету керек. Бас кезде тек жеке сөздер ғана үйретілетін
болғандықтан, заттардың түрлі - түсті суреттерін іліп, ауызша оқылуын айтып бала әріпті танымаса
да суретінің астына оқылуын жазып қою керек. Бала сол суретке қарай отырып әріп танымаса да сол
сөздің қалай жазылатындығын көзбен көру арқылы есте сақтайды.
Мұғалім сыныптағы дарынды және үлгермеуші оқушыларды да анықтап, олармен де жекелеп
жұмыс жүргізіп отыруы қажет. Сондай-ақ, қосымша дәптер арнатып, бастапқы әріп элементтерін де
үйрете бастау қажет.
Ағылшын тілін оқытушы мұғалімнің мақсат-міндеті:
- Бала бойына тілге деген қызығушылықты, оны үйренуге деген құштарлықтарын арттыру;
- Оқушыларды сауаттылыққа баулу;
- Жеке тұлғаның заман талабына сай өмірге икемделуіне бағыт беру;
17
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
- Баланың сезімтал, шығармашыл, әлеуметтік, танымдық, тілдік қабілеттерінің дамуына ықпал жасай
отырып, оның жалпы дамуына едәуір үлес қосу;
- 1-сыныптан-ақ, оқушыларды шет елдік құрдастар өмірімен, әндерімен, тақпақтарымен, оқулық және
ертегі кейіпкерлерімен таныстыра отырып тілді тез және еркін меңгеруге көмек тигізу;
- Теориялық білімді практикалық жұмыспен ұштастыра білуді меңгерту;
- Оларды ұлттық үрдіске тәрбиелеу;
- Баланың білім деңгейін саралап, шығармашылық жұмысқа тарту;
- Оқушының жұмысына бақылау жасау, баға беру;
-Әр
оқушыға
жеке
әдіс
амал
қолдану.
Көрнекті педагог Ш. Амонашвилидің пікірінше сабақта ойын түрлерін көп қолдану өте тиімді.
Мысалы, мұғалім тақтаға бір сөзді қате жазады. Оқушы қатені түзейді. Оқушы жоқ әріпті орнына
қойып, сөзді ағылшын тілінде айтады.
Ойыншықтар аузы байланған қалтада. Ойынның мақсаты оқушылар қалтаның ішіндегі
ойыншықтарды қалтаның сыртынан сипау арқылы табу керек. Сол ойыншықтың суретін салуға
тапсырма берілсе де болады.
«What is missing?» Жоғалған ойыншықты тап. Өтілген ойыншықтардың суреттерін іліп, мұғалім бір
ойыншықты жасырады.
«Close your eyes, heads down! Heads up, open your eyes! What is missing?»
Фонетикалық дағдыны қалыптастыруға «Snake» ойыны және ағылшын тіліндегі жаңылтпаш,
тақпақтар жаттатуға болады. Әр сабақ басында тілді жаттықтырып сұрауға болады.
One, one, one
Little dogs run.
Two, two, two
Cats see you.
Three, three, three
Birds in the tree.
Four, four, four
Mouse on the floor.
Why do you cry, Willy?
Why do you cry?
Why, Willy?
Why, Willy?
WhyWilly?
Why?
Творчестволық ойындар, кроссворд, ребус, сканворд шешу ойындары. Оның ерекшелігі - баланың
ойлау қабілетін көзімен көру арқылы жетілдіру.
Сабақ ортасында сергіту сәттеріне ағылшын тіліндегі әуенді жаттығуларды орындатуға болады. «The
Skeleton Dance», «Crazy Hippo» т.б. Ағылшын тілін тез меңгерудің тағы бір жолы осы тілдегі
балаларға арналған әндер. Мәселен, «My Bonnie», «We can play», «May there always be sunshine», «If
you are happy and you know it» т.б. Қазіргі 1-сыныпқа арналған ағылшын тілі оқулығын игеру
алғашында оңай болғанмен, кейін тапсырмалар күрделеніп, қиындай түсті. Осы кезеңде оқушыларды
тек оқулық тапсырмасын орындаумен шектеп қоймай, сергіту жаттығулары мен әндерді және
балаларға арналған ағылшын тілін үйрететін мультсериалдардан үзінділер көрсете отырып оқыту өте
тиімді деп санаймын. Қорыта келе, ағылшын тілін 1-сынып оқушыларына өз деңгейінде игерту үшін,
мұғалім әрбір сабақта жүйелі түрде оз дәрежесінде, түрлі әдіс – тәсілдерді, ойындарды қолдану
арқылы өткізсе ғана үлкен жетістіктерге жете алады.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------
Пән мұғалімі: Қабылова Роза Жақсылыққызы.
Қызылорда қаласы №171 Ғ.Мұратбаев атындағы
орта мектептің физика пәнінің мүғалімі
Сабақтың тақырыбы: Атомдық құбылыстар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік - оқушыларға атомның құрылысы, фотоэффект құбылысы, рентген сәулелері мен
18
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
спектрлер турулы ұғымдарды меңгере алулары.
Дамытушылық - оқушылардың ойларын дамыта отырып, танымдық қабілеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік - оқушыларды физика пәніне деген қызығушылықтарын туғыза отырып, адамгершілікке,
жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Сұрақ-жауап. Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Оқыту технологиясы: Ауызша, жазбаша, сұрақ-жауап.
Оқыту құралдары мен көрнекіліктері: Электрондық оқулықтар, слайттар, компьютер, кодоскоп,
плакаттар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Оқушылардың назарын
сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбымен таныстыру, мақсаттарын айту. Тарау бойынша тақырыптарға
қысқаша шолу жасау.
Сабақтың өту тәртібі: атомдық құбылыстар тарауы бойынша тапсырмалар жасалды.
Класс екі топқа бөлінді.
Бірінші топқа қойылған сұрақтар:
1.
Жылулық сәулелену деген не?
2.
Радиоактивті элементтер деген не?
3.
Температуралары жоғары денелер қандай сәуле шығарады?
4.
Радиоактивтік деген не?
5.
Планк гипотезасы қалай оқылады?
6.
Атомның планетарлық моделі.
7.
Фотоэффект деген не?
8.
151-суретті түсіндір.
9.
Электронның шығу жұмысы деген не?
10.
146-суретті түсіндір.
11.
Фотоэффектің қызыл шекарасы.
12.
Сызықтық спектр деген не?
13.
Рентгендік сәулелер деген не?
14.
Сызықтық спектрлерді бір-бірімен қалай салыстырады?
Екінші топқа қойылған сұрақтар:
1. Абсолют қара дене деген не?
2. Радиоактивті сәулелену деген не?
3.
141-суретті түсіндір.
4. Протон, нейтрон саның қалай анықтайды?
5. Квант деп нені айтады?
6.
А=Z+N формуласын түсіндір?
7. 145-суретті түсіндір.
8. Изотоптар деп нені айтады?
9. Эйнштейн формуласын жаз.
10. Тұтас спектр деген не?
11. Спектр деген не?
12. Спектрлік анализ деген не?
13. Тежеулік рентгендік сәулелер деген не?
14. Спектрлік анализді не үшін қолданады?
Егер оқушы сұрақтарға жауап бере алмаған жағдайда, өз тобының мүшелері жауап беруге мүмкіндік
алып, қосымша тапсырма алады.
Қосымша тапсырмалар:
1.
Берілгені: 2) Берілгені: 3) Берілгені:
Ашығу=2*10
10
Дж U=5*10
2
B P=2Вт
= 0,5*10
-5
м e=1,6*10
-19
Кл =2*10
-6
м
Е
0
=? =? t=5c
п=?
4) Берілгені: 5) Күміс
47
107
Ag ядросының құрамы қандай?
Е=5*10
-10
Дж 6) Менделевий
101
258
Md ядросының құрамы қандай?
19
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
с=3*10
8
м/с
m=?
Топтардың жұмысың бағалау. Топ ішіндегі жауапты дұрыс берген оқушыларды ескеру.
Қорытындылау. Қойылған сұрақтар бойынша қысқаша анықтамалар беру.
Үйге тапсырма: §47-55 қайталау.
---------------------------------------------------------------------------------------------------
Қызылорда қаласы. №120 Жамбыл атындағы
орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Жалғасова Айткүл Сәкентайқызы
Математика
Тақырыбы: Есеп бойынша теңдеу құру
Мақсаты: 1. Білімділік-оқушыларды есепті шығарудың жаңа тәсілімен - теңдеу құру арқылы
шешумен таныстыру; теңдеу құру дағдыларын арттыру; құрылымы күрделірек теңдеулерді шешу
біліктіліктерін арттыру;
2.Дамытушылық-есептеу және есте сақтау, логикалық ой-өрістерін дамыту.
3.Тәрбиелік-жылдам, шапшаң ойлап есептей білуге үйрету өз ойын еркін айтуға баулу, пәнге
қызығушылығын арттыру. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа технологияға негізделген аралас сабақ
Әдісі: Репродуктивті (сұрақ-жауап) электронды оқулықпен,слайдтарды пайдалана отырып баяндау,
өздік жұмыс.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта.
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабақта бір – бірімізді тыңдаймыз.Математика пәні нақты ғылымдар болғандықтан,
нақты, дәл жауап береміз. Өзіміздің тапқырлығымызды, шапшаңдығымызды көрсетеміз.
Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
а) Сұрақ-жауап
ә) «Кім жылдам?» ойыны.
ІІІ. Жаңа сабақ. Сөзжұмбақ шешу.
Психологиялық дайындық
Мұғалім:Қара достым жан-жаққа, Оқушылар: Қарадық біз жан-жаққа,
Дайынсың ба, сабаққа? Дайындықты көрейік.
Орныңда ма, қараңдар, Орнында тұр барлығы,
Кітап, дәптер, қаламдар. Сабақты бастай берейік.
Топпен жұмыс 1-тапсырма
1.Көбейтудің заңдарын ата
2. Теңдеу дегеніміз не?
3.Тіктөртбұрышты параллелепипедтің көлемін қалай табамыз?
2- тапсырма
Көбейтінділерді көбейткіштердің квадратына, кубына ауыстыр.
3х3 6х6 8х8
6х6 5х5 4х4
2х2х2 5х5х5 3х3х3
3-тапсырма Сөзжұмбақ шешу «Теңдеу»
1. Көпбұрыштың қабырғаларының қосындысы.
2. Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай.
Еңку-еңку жер шалмай...
Деп жырлаған ақын кім?
3. 2 – жақ тәуелдік жалғау.
4. Ұзындық өлшем бірлігі.
20
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
5. Сандар мен амалдардан құрастырылған жазу.
6. Қазақстан қорығы.
IV. Кітаппен жұмыс. №1. Жауабын сандықшадан тап.
420:6= 630:90= 810:9=
220:2= 540:90= 14*3=
90:2= 32*4= 29*2=
23*3= 250*4= 70:2 =
№2. Теңдеулерді шешу
Х*30=1000-160 880:у=535-491 а-45=389-254
54+х=720:6 у-85=580:20 300+а=45*20
Сергіту сәті
№3 есеп Теңдеу құру арқылы шығару
Екі күнде -300 мм қар түскен
1-күні - 100мм
2-күні - ? мм
Шешуі: 100 + х = 300
№4 Топпен жұмыс
920:2= 42*20= 96*3=
960:30= 120*4= 50:2=
700:20= 210*2= 170*2=
№5 Есепті әр түрлі тәсілмен шығару
Түрлі түсті – 120ф
Ақ-қара – 210ф
Бөлінді –3 зал
Әр залға - ? Фотосурет Шешуі: (120+210):3=110
ҮІІІ.Шығармашылық жұмыс.
1. Әжесі немересіне 8 қолғап тоқыды. Немересі нешеу? ( Әр адам 2 қолғап киеді.Ендеше, 8
қолғапты 4 адам киеді.)
2. Менің ойлаған саныма 12-ні қоссақ, 36 шығады. Мен қандай сан ойладым? ( Ойлаған сан – 24.)
3.Камшат 7 жаста, ал оның әпкесі 10 жаста. Камшат 5 жылдан кейін әпкесінен неше жас кіші
болады?
Қорытынды. Бағалау. “5” болсын алар бағамыз, Білімнен бақыт табамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |