10-жаттығу. Төмендегі сөздерді пайдалана отырып, мәтін құрастырыңыздар.
Ақын, балалың, даналық, қыран, қия, адам, дала, ақын бойы, ақын ойы, ақын жаны, жараланады, жазылады, ақын жүрегі, кек.
Өзіңіз жазған мәтінді Ғ.Мүсіреповтің «Кездеспей кеткен бір бейне» повесіндегі осы ойлар берілген бөлігімен салыстырыңыз.
11-жаттығу. Әр түрлі стиль түрлерінен 10 абзацты ала отырып, оған тақырып беріңіздер. Тақырыптың қойылу себебін түсіңдіріңіздер.
12-жаттығу. «Менің атым -Қожа» деген көркем мәтінге неліктеносы тақырып берілген? Мәтін мазмұнымен танысқаннан кейін түсіндіріңіздер
13- тапсырма. Мәтіннің тілдік және психологиялық құрылымын талдаңыз
Аяқталған сөйлеу бірлігіне тән қасиет-сапалар
|
Олардың психологиялық мәні
|
1
|
2
|
Тақырыптық тұтастық
|
Сөйлеудің логикасына нұқсанын келтірмейді, реципиенттің мәтінді қабылдауына оңтайлы жағдай туғызады.
|
Мағыналық тұтастық
|
Сөйлеудің негізгі (орталық) және қосалқы (перифериялық) компоненттерін және мәтіннің, сөздің маңызды бөліктерін ажыратуға мүмкіндік береді.
|
Композициялық тұтастық
|
Мәтінді түсінуді, қабылдауды жеңілдетеді, мәтіннен тыс, мәтіндегі және мәтінде астарлы берілген мән-мағыналарды жалпы композициялық
тұтастықта алып түсінуге мүмкіндік береді.
|
Грамматикалық байланыстылық
|
Мәтін мазмұны мен құрылымын тұтастықта ұғынықты және жеңіл қабылдауға әсер етеді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |