Семинар. Қоршаған ортаға рұқсат етілген антропогендік жүктеме нормативтерін әзірлеу тәртібін сипаттау



Дата21.12.2023
өлшемі25,31 Kb.
#142168
түріСеминар
Байланысты:
Абдезім Досымжан 1 (


15 Семинар. Қоршаған ортаға рұқсат етілген антропогендік жүктеме нормативтерін әзірлеу тәртібін сипаттау




Тапсырма. Қоршаған ортаға рұқсат етілген антропогендік жүктеме нормативтерін әзірлеу процесін сипаттаңыз.


Әдістемелік ұсыныстар:

  1. Келесі терминдер бойынша глоссарий жасаңыз: антропогендік орта – адамның күнделікті тіршілік ету ортасын білдіретін жасанды жасалған жағдайлар мен антропогендік объектілердің жиынтығы антропогендік орта деп танылады. Қоршаған ортаға антропогендік әсер – адам қызметінің қоршаған ортағa антропогендік объектілерден босап шығатын парниктік газдардың атмосфералық ауаға түсуі, қалдықтарды көму, оларды жер бетінде заңсыз орналастыру немесе олардың су объектілеріне түсуі, табиғи ортаның табиғи ресурстары мен пайдалы қасиеттерін, оның ішінде оларды уақытша немесе қайтарымсыз алып қою арқылы пайдалану түріндегі тікелей немесе жанама ықпалы түсініледі. Қоршаған ортаға зиянды антропогендік әсер – осы аумақтық бірлік үшін ластағыш заттың жылына (тонна/жыл) ең жоғары жол берілетін массасы ретінде уәкілетті орган айқындаған жыл ішінде келіп түсетін ластағыш заттың массасы түсініледі. Төтенше экологиялық жағдай – айқындалған аумақтар (және/немесе акваториялар) үшін қоршаған ортаға жиынтық антропогендік жүктеме нормативтері белгіленбейді, оларды енгізу аумаққа (және/немесе акваторияға) антропогендік жүктемені төмендететін техникалық іс-шараларды әзірлеу талап етіледі.

  2. Рұқсат етілген жиынтық антропогендік жүктеме нормативтері белгіленген объектілер мен шаруашылық әрекеттерін көрсетіңіз. Объектілер: І және ІІ санаттағы кәсіпорындар үшін нормалау жүргізіледі.

  3. Рұқсат етілген жиынтық антропогендік жүктеме нормативтері белгіленетін көрсеткіштерді және қоршаған орта компоненттерін көрсетіңіз.

  4. Қоршаған орта компоненттері жай-күйінің химиялық көрсеткіштерінің нормативтерін келтіріңіз және анықтама беріңіз. Бұл нормативтер адам денсаулығына және табиғи ортаға (экожүйелер, жануарлар дүниесі және өсімдіктер әлемі) әсер ету тұрғысынан жеке белгіленеді. Олар: шығарындылар, төгінділер, қалдықтар болып табылады.

  5. Қоршаған орта компоненттері жай-күйінің физикалық көрсеткіштерінің нормативтерін келтіріңіз және анықтама беріңіз. Бұл нормативтер: шу, діріл, радиоактивті және иондаушы сәулелер.

  6. Қоршаған орта компоненттері жай-күйінің биологиялық көрсеткіштерінің нормативтерін келтіріңіз және анықтама беріңіз. Микроорганизмдерге пайдаланатын нормативтер. Олар көбіне ішек таяқшалары, су және топырақтағы микроорганизмдерге қойылатын нормативтер болып табылады.

  7. Жоспарланған шаруашылық қызметті жүзеге асыру шартын атаңыз.

  8. Қоршаған орта сапасының нормативтерін сақтау мүмкін болмаған жағдайда мүмкін болатын шешімдерді көрсетіңіз.



Бақылау сұрақтары:
1. Рұқсат етілген жиынтық антропогендік жүктеме нормативтері белгіленбейтін жағдайларды көрсетіңіз. Төтенше экологиялық жағдай кезінде айқындалған аумақтар (және/немесе акваториялар) үшін қоршаған ортаға жиынтық антропогендік жүктеме нормативтері белгіленбейді
2. Қоршаған ортаға рұқсат етілген жиынтық антропогендік жүктеме нормативтерін әзірлеу мақсатын атаңыз. Жиынтық антропогендік әсердің параметрлерін белгілеу қаралатын аумақта (акваторияда) қабылданатын басқарушылық және шаруашылық шешімдердің нұсқалары бойынша жиынтық антропогендік жүктемені айқындау, табиғи ортаның жай-күйін одан әрі мониторингтеу және қоршаған ортаның барлық объектілеріне және халықтың денсаулығына әсерді егжей-тегжейлі бағалауды жүргізу жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ табиғат қорғау іс-шаралары мен табиғатты ұтымды пайдалану жүйесін әзірлеу мақсатында жүргізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет