Тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы жырларындағы күрескерлік, жауынгерлік, азаматтық әуендер. Махамбет шығармаларындағы халық тұлғасы және Исатай батыр бейнесінің жырлануы.
Сабақтың мақсаты: Махамбет Өтемісұлы шығармаларын білім алушыларға түсіндіру, саралау, талдау және бағалау әрекеттері арқылы өз пікірлерін, ұстанымдарын білдіруге дағдыландыру.
Негізгі сұрақтар және әдістемелік нұсқаулар: 1. Махамбет кім? «Ереуіл атқа ер салмай», «Ұлы арман», «Жайықтың бой көк шалғын» өлеңдерінің негізгі тақырыбын ашу. Махамбет күйлері. (6 топ).
2. Махамбет жырларындағы Исатай батыр бейнесі. «Тарланым», «Тайманның ұлы Исатай», «Исатай деген ағам бар» т.б. жырларына әдеби-теориялық талдау. (Әсірелеу, теңеу, эпитет, т.б. ) 2-топ. 7 минут.
3. Махамбет жырларының құрылысы, тілі. «Жалғыздық», «Қайда бар?» өлеңдеріндегі риторикалық сұрау. (3 топ) 7 минут.
4. Махамбет Өтемісұлы ұлттық классикалық мұрасының ұлттық танымдық ерекшелігі. Әдеби-теориялық сараптама. Сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асыру. 4 бет(жазбаша нұсқада). 5-7 минут. (4 топ).
5. Махамбет Өтемісұлының сыншыл-шыншыл толғаулары. Ақын жырларындағы күрескерлік, жауынгерлік, азаматтық әуендер. (Ұйымдастырушы топ) Слайд(заманауи форматта). (5 топ), 5 минут.
6. Махамбет туралы жазылған әдеби шығармалар. Ә.Кекілбай, М.Шаханов, М.Ниеталиев, Ф.Оңғарсынова, Т.Әлімқұлов т.б. Махамбет Өтемісұлы шығармашылығының ғылыми тұрғыда зерттелуі. Х.Досмұхамедұлы, С.Мұқанов, Қ.Өмірәлиев, Б.Омарұлы, Қ. Раев, Қ.Мәдібай, т.б. ғылыми-зерттеу еңбектері. Библиографиялық кесте ұсыну. (1 топ). 3 минут.