Нұрболат Альфина, Мадиева Таншолпан Мақсұт Жұлдыз, Нурхожаева Арайлым Махамбет жырларының құрылысы



бет1/4
Дата04.11.2023
өлшемі232,08 Kb.
#121894
  1   2   3   4

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Махамбет жырларының құрылысы, тілі. “Мұнар күн” өлеңіне концептуалды кесте жасаңыз. “Жалғыздық”, “Қайда бар?” өлеңдеріндегі риторикалық сұрау. Әдеби сараптама
Нұрболат Альфина, Мадиева Таншолпан
Мақсұт Жұлдыз, Нурхожаева Арайлым

Жоспар
М.Әуезов Махамбет поэзиясын «қимыл мен күрестің өзгеше жыры» дейді. Махамбет өлеңдерін үш кезеңге бөліп қарастыруды, яғни көтеріліс алдында, барысында, жеңілгеннен кейінгі деп қарастыруды ұсынады. Махамбет өлендері өзіне тән сипатымен көркемдік жағынан ерекше жанр жағынан тарихи шындықты, уақиғаны лирикалық сезімге негізделіп баяндалған.
Махамбет өлеңдері, көбіне жыр ағымымен келеді. 
Махамбеттің жыр еткен тақырыбы елдік, халықты ерлік қимылға үндеу.
Осындай үлгі лиро-эпикалық жанрға жатады. Махамбет өлеңдерінің тарихи жағы басым баяндалады. Ақынның өлеңдерінде эпостық баяндау сарыны да бар лирикамен араласып келеді («Баймағанбетке айтқаны»).
Махамбет өлеңдерінің көбі дерлік жоқтау сарынында айтылады. Әсіресе Исатай мерт болғаннан кейін туындаған. Оның жоқтауы халық ауыз әдебиеті жоқтаулары үлгісінде құрылады. Теңеу, эпитет, метафора қолданыстары сол мұрадан сусындайды. Мысалы, «Тарланым», «Тайманның ұлы Исатай».
Махамбетте өмірді философиялық бағытқа негіздеп өзінің түйіндеген ұғымын баяндайтын сәттері де бар. Олар риторикалық сұрақтармен айтылады. («Қоғалы көлдер, қом сулар», т.б.)
Шығармалары көбіне арпалыс кезеңнің жағдайына бейімделген.Сондық -тан оның өлендері 7 буынды, 7 және 8 буын аралас түрде жасалған. Ал 11 буынды тек бір ғана «Мінгені Исатайдың Актабан-ай» деген өлеңі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет