Семинар, практика, зертханалық және студиялық сабақтардың атауы Сағаты көлемі 1



бет5/12
Дата25.11.2023
өлшемі129,62 Kb.
#126208
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Ñåìèíàð, ïðàêòèêà, çåðòõàíàëû? æ?íå ñòóäèÿëû? ñàáà?òàðäû? àòàóû

Тәжірибелік бөлім
Ерітіндіде өтетін реакция жылуын анықтау үшін қарапайым калориметрді пайдалануға болады. Калориметрдың принципиалды сызбасы оның мүшелерін көрсете отыра 1.1 суретте бейнеленген.

1.1. сурет Калориметрдің принципиалды сызбасы: 1 – сыртқы стақан; 2 – ішкі стақан; 3 – төсеніш; 4 – қақпақ; 5 – термометр; 6 – араластырғыш; 7 – сузгі.


Тұздардың еру реакцияларының жылу эффектілерін есептеу үшін калориметрді 1 °С қыздыру үшін қажетті жылу мөлшерін көрсететін калориметр тұрақтысын анықтау қажет (яғни оның барлық құраушы мүшелерінің қосынды жылусыйымдылығын).


–Δr = CкΔТ, (1.2)
Cк = –Δr Т, (1.3)
мұндағы ΔТ реакция барысындағы температураның өзгерісі.


Жұмыстың орындалу реті
1 сынақ. Калориметр тұрақтысын анықтау
Калоримтер тұрақтысын анықтау үшін еру жылуы шамасы белгілі заттың еруін жүргізуге және осы реакцияның жылу эффектісін 1.2 мен 1.3 теңдіктер бойынша өлшеуге болады.
Калориметрге ішкі стақанның шетіне дейін 1,5–2 см қалғанша дистилденген су құйыңыз. Осы суды өлшеуіш цилиндрге құып, оның көлемін өлшеңіз (V, л). Сізбен таңдалып алынған затты оның концентрациясы 0,1 моль/л құрайтындай өлшеңіз.
Өлшеуіш цилиндрдің көмегімен сізбен анықталған су мөлшерімен калориметрді толтырыңыз. Судың температурасын 0,1 °С дейінгі дәлдікпен өлшеңіз. Егер судың температурасы 5 мин ішінде өзгермесе, затты ерітуге кірісіңіз. Жылдам және абайлап зат өлшендісін суы бар калориметриялық ыдысқа құрғақ сүзгі арқылы енгізіңіз. Ерітіндіні араластырғышпен үздіксіз араластыра отыра, температураны әрбір 3 секунд сайын температураның тұрақты шамасына дейін өлшеңіз. Егер 5 мин ішінде температура өзгермесе, тәжірибені аяқтап, термометрдің көрсеткішін 1.2 кестеге енгізіңіз.
1.2кесте.

1

2

3

4

τ,c

T,°С

τ,c

T,°С

τ,c

T,°С

τ,c

T,°С

Ордината осі бойынша температураны, ал абсцисса осі бойынша – уақытты ала отыра T = f (τ) графигін тұрғызыңыз. Жылудың сіңірілуімен жүретін реакция үшін тәжірибелік тәуелділіктің мысалы 1.2 суретте көрсетілген.


1.2 сурет. Заттың еруі барысында температураның өзгеруі


Берілген тәжірибені өткізу нәтижесінде ΔТ1 – заттың еруі кезіндегі реакциялық қоспа температурасының өзгерісін анықтау қажет.
Эндотермиялық реакция үшін (ΔH>0) жүйенің температурасының уақытқа тәуелді графигі 1.2 суретте көрсетілгендей түрде болады. Араласудың бастапқы сәті ретінде реакциялық ортаның ең жоғары температурасы байқалған уақытты (tн) алады. tк мәні ретінде реакциялық ортаның ең төмен температурасы байқалған уақытты алады. Оны анықтау үшін, соңғы уақыт температурасының түзу сызықты жүрісінен реакцияның басталу сәтіне экстраполяция жүргіземіз (1.2 сурет).
Егер реакция экзотермиялық болса (ΔH<0), онда араласудың бастапқы сәті ретінде реакциялық ортаның ең төмен температурасы байқалған уақытты есептейміз, ал tк үшін, 1.2 суреттегідей табылғандай, реакциялық ортаның ең жоғары температурасы байқалған уақыт алынады.
ΔТ1 графиктің түзу сызықтарын араласу сәтіне сәйкес түзу сызыққа экстраполяциялап анықтайды.
ΔТ1 = tкtн.
Калориметр тұрақтысын реакцияға қатысатын моль сандарды ескере отыра есептейді:

мұндағы m1 – зат массасы, г;
М1 – молярлық массасы, г/моль;
Δsol – еріген заттың станд. энтальпиясы, кДж/моль.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет