TYCIH1KТЕМЕ ХАТ
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне орай елімізде жүріп жатқан реформалау поцесі оның тек экономикалық саласынан ғана қамтып отырған жоқ, сонымен бірге әлеуметтік сала да өзгеріске ұшырауда. Қоғамдағы білім беру жүйесін реформалау, соның айғағы. Пәнді оқытуда теориялық, практикалық әдіс, түрлі материалдармен жұмыс, бақылау, салыстыру, көрнекілік әдіс, үлгі көрсету, түсіндіру т.б. әдіс-тәсілдер пайдаланылады.
Еңбекке баулуды оқыту әдістемесі-еңбекке баулуды оқытудың теориясы мен технологиясын зерттейтін ғылым. Әдістемеден терең білім беру – бастауыш сынып мұғалімдерін жоғары кәсіптік деңгейде дайындаудың қажетті шарты.
Осы қоғамдық ас маңызды міндетті шешуде «Бастауыш мектепте еңбекті оқыту теориясы мен технологиясы және практикумы» курсының атқаратын қызметі ерекше. Себебі, осы аталған оқу курсы педагогикалық оқу орындарының қайсыбірін алмасақ та, ондағы студенттерді болашақ мұғалімдік кәсіби мамандыққа даярлау жүйесінің негізі бір саласы болып есептеледі.
«Бастауыш мектепте еңбекті оқыту теориясы мен технологиясы және практикумы»пәнін меңгеруде студенттерді педагогикалық қызметке баулуды педагогикалық тәжірибеге бейімдеу, педагогикалық шеберлікті қолдану жолдарын ашып кәсіби дайындауды оқытады.Кәсіби білім біліктілікті қалыптастыру үшін педагогикалық қызметте педагогикалық техника элементтері қолданылады.
Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың негізі ретіндегі кәсіби-педагогикалық іс-әрекет теориясы туралы білімдерімен қамтамасыз ету.Болашақ мұғалімдерде өзіндік кәсіби іс-әрекетті жүйелі байқау біліктілігін қалыптастыру.Студенттерде өздігінен білім алу ,инновациялық және шығармашылық ғылыми-зерттеу іс-әрекеттеріне дайындығын дамыту. Осы курсының негізіне білім берудің қазіргі парадигмасына сәйкес жүйелілік ,тұлғалық-бағдарлық, тұлғалық іс-әректттік , құзыреттілік, сонымен бірге әлеуметтік –педагогикалық құбылыс ретінде тәрбие қарастырылған.
Түйінді құзыретттіліктер жиынтығын (коммуникативті, ақпарттық және т.б.)қалыптастыру.
-Жалпы педагогика негіздері пәнінен алған білімдерін оқыту мен тәрбиелеуде және жаңа педагогикалық технологияларын тәжірибеде өз бетімен қолдану;
- тәрбие мен оқыту үрдісінің заңдарын және ұстанымдарын, формалары мен әдістерін арасындағы өзара байланыстарын анықтау, құрамдас бөліктерге бөлу, жіктеу;
- жалпы педагогика негіздері пәнінен алған білімдерден, оқу материалының элементтерінен кесте, презентация, баяндама, жоспар құрастыру;
-жалпы педагогика негіздері пәнінен алған білімдердін маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру керек.
Пәннің мақсаты:Бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіптік деңгейде дайындауда бұл пәннің рөлі мен маңызы өте зор.Ол студенттердің пән бойынша теориялық білімді, практикалық білігі мен дағдысын меңгеруін, оның кәсіби іс-әрекетінде пайдалануды қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |