Семинар (практикалық) сабақтар



бет3/6
Дата12.10.2022
өлшемі90 Kb.
#42675
түріСеминар
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
file-4278 (1)

Өздік жұмыс – білім алушылардың жоспарланған жұмысы, ол оқытушының әдістемелік басшылығымен, алайда оның тікелей қатысуынсыз жүреді. Өздік жұмыс аудиториялықпен қатар оқу үрдісінің формаларының бірі болып, оның маңызды бөлігі болып табылады. Оның табысты және нәтижелі орындалуы үшін оқытушы жағынан жоспарлау және басқару қажет.
Жоғары мектеп оқытушысы білім алушылардың танымдық әрекеттерін тек қана ұйымдастырады. Білім алушылар танымды өздері жүзеге асырады. Онымен қатар өздік жұмыс тәрбиелік маңызға ие. Өздік жұмыс білімдерді тереңдетіп, кеңейтеді, танымдық әрекетке қызығушылық тудырады, танымдық қабілеттерді қалыптастырып дамытады. ЖОО-ғы сабақтардың барлық тұрлері өздік жұмыстардың түрлі формаларын ұйғарады.
Өздік жұмысты орындаудың нәтижелілігі тірек болатын дидактикалық материалдарды пайдалануға байланысты болады, ал ол кафедраның жұмысына байланысты:

  • өздік жұмыстарға арналған тапсырмалар жүйесі;

  • рефераттар мен докладтар тақырыптары;

  • лабораториялық жұмысты орындауға әдістемелік көрсетілімдер;

Өздік жұмысты өткізуге қажетті негізгі ұсыныстар:

  • аудиториялық жұмысты өткізу кезінде барлық студенттердің өздік жұмыс минимумын міндетті түрде орындауын қамтамасыз ету, ал озат білім алушылар үшін күрделенген тапсырмалар беру; педагогикалық қарым-қатынасты қамтамасыз ететін және үнемі басқаруды қалыпқа келтіретін оқытушының кеңесі қажет;

  • өздік жұмыстарды орындауға байланысты нақты әдістемелік ережелер, мерзімдерді және тексеру мен өзін-өзі тексерудің графиктерін орнату;

  • өздік жұмысқа арнаулы тапсырмалар екі бөлімнен тұруы мүмкін: міндетті бөлім мен факультативті бөлім, ақырғылары анағұрлым күшті студенттер үшін тапсырылып, қорытынды тексеру кезінде есепке алынады.

  • Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарында қатысуы;

Өздік жұмыстар әрекеттік сипатта жүреді, сондықтан оның нәтижелі орындалуын қамтамасыз ететін шарттарды бөліп шығаруға болады:

  1. Оқу тапсырмаларының мотивацияланғандығы;

  2. танымдық тапсырмалардың нақты берілуі;

  3. студенттердің жұмыстарды орындауларының алгоритмі;

  4. есеп жасаудың формаларын және оны өткізудің мерзімдерін анықтау;

  5. оқытушының кеңес беру көмегі;

  6. баға беру компоненті;

  7. тексерудің түрлері мен формалары (бақылау жұмысы, тест, семнар, коллоквиум).

Өзіндік жұмыс – білім алушылардың ғылыми іс-әрекеттерінің бір түрі немесе оқу жұмыстарының арнайы бір формасы болып табылады. ЖОО ерекше көңіл аударатын бір саласы – білім алушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары, ол оқу жоспарын, бағдарлама талаптарын орындауға тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет