Семинар (практикалық) сабақтар


Өздік жұмыс тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау және



бет4/6
Дата12.10.2022
өлшемі90 Kb.
#42675
түріСеминар
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
file-4278 (1)

Өздік жұмыс тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау және
тапсыру уақыты
Берілген тақырыпты конспектілеу.
Негізгі талаптар:
Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.
Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.
Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.
Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс.
Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.
Өздік жұмысты жазуда не ескеріледі?
Таңдап алған өздік жұмыс тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студент осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды.
Керек жағдайларда оқытушыдан керекті кеңестер алғаны абзал. Өздік жұмыс жазуда студент негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады.
Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.
Пайдаланылған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетілуі қажет.
Студенттің жазған өздік жұмыстары аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студент мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.
Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.


Өздік жұмысты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.
Өздік жұмысты талқылып, қорытындысын шығару – маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы өздік жұмыс жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.
Білімалушылардың өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)
Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.
Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет