Семинар өткізу туралы
Қобда аудандық білім бөлімінің 2020 жылғы жоспары негізінде БҰЙЫРАМЫН:
Талдысай орта мектебі базасында 2021 жылдың 2132 моритлд күні (сағат 9:00) аудандық балалар және спорт мектебімен бірлескен семинар – практикумға жалпы білім беретін мектептердегі дене шынықтыру пән мұғалімдері жіберілсін.
Семинар – практикумда Талдысай ОМ-нің дене шынықтыру пәні мұғалімі Ж.Досимовқа понарамалық сабақ өткізу міндеттелінсін.
Аталған шара бойынша барлық жағдайды жасау Талдысай ОМ-нің директоры К.Жубановаға тапсырылсын.
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім бөлімінің әдіскері Г.Абишевке жүктелсін.
Бөлім басшысы: Н.Айжарыков
Облыстық көшпелі семинарға қатысу туралы
«Ақтөбе - Дарын» ӨҒТ қосымша білім беру орталығының жұмыс жоспарын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:
«Білімді ұрпақ тәрбиелеудегі мұғалімнің рөлі» тақырыбындағы облыстық көшпелі семинарға Қобда гимназиясының мұғалімі Н.Мадетхан АӘД пәнінің жүргізілуі бойынша тәжірибемен бөлісу мақсатында қатыстырылсын.
Аталған шара бойынша барлық жағдайды жасау Қобда гимназиясының директоры Ж.Атамуратоваға тапсырылсын.
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім бөлімінің әдіскері Г.Абишевке жүктелсін.
Бөлім басшысы: Н.Айжарыков
Семинар өткізу туралы
Әдістемелік көмек көрсету және педагогтарды қолдау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Калиновка ОМ базасында 2021 жылдың 12 рпилоть күні (сағат 9:00) технология, «Технология, АӘД және өнер пәндері арқылы шығармашылықты дамыту» тақырыбындағы семинарға жалпы білім беретін мектептердегі аталған пән мұғалімдері қатыстырылсын.
Семинарда Калиновка ОМ-нің АӘД пәні мұғалімі Т.Қанатбаевқа понарамалық сабақ өткізу міндеттелінсін.
Аталған шара бойынша барлық жағдайды жасау Калиновка ОМ-нің директоры Т.Танибергеновке тапсырылсын.
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім бөлімінің әдіскері Г.Абишевке жүктелсін.
Бөлім басшысы: Н.Айжарыков
Семинар өткізу туралы
Қобда аудандық білім бөлімінің 2022 жылғы жоспары негізінде БҰЙЫРАМЫН:
И.Тайманов атындағы гимназиясы базасында 2022 жылдың 26-сәуір күні (сағат 9:00) «Дене тәрбиесі және алғашы әскери дайындықты жетілдірудің өзекті мәселелері мен бағыттары» тақырыбындаға семинарға жалпы білім беретін мектептердегі дене шынықтыру және АӘД пән мұғалімдері қатыстырылсын.
Аталған шара бойынша барлық жағдайды жасау И.Тайманов атындағы гимназиясының директоры Ж.Атамуратоваға тапсырылсын.
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім бөлімінің әдіскері Г.Абишевке жүктелсін.
Бөлім басшысы: Н.Айжарыков
Әдістемелік кеңес өткізу туралы
Қобда аудандық білім бөлімінің 2022 жылғы жоспары негізінде БҰЙЫРАМЫН:
Қобда қазақ орта мектебі базасында 2022 жылдың 9-желтоқсан күні (сағат 9:00) жалпы білім беретін мектептердегі дене шынықтыру және АӘД пән мұғалімдері арасында кезекті штаттан тыс әдістемелік кеңес өткізілсін.
Әдістемелік кеңеске жалпы білім беретін мектептердегі дене шынықтыру және АӘД пән мұғалімдері қатыстырылсын.
Аталған шара бойынша барлық жағдайды жасау Қобда қазақ орта мектебінің директоры С.Срымоваға тапсырылсын.
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім бөлімінің әдіскері Г.Абишевке жүктелсін.
Бөлім басшысы: Н.Айжарыков
Достарыңызбен бөлісу: |