поэзияның фольклорға қатысы. Эпостық жырлар, ертегілер мен аңыз-
əңгімелер, шешендік сөздер, тарихи жырлар мен өлеңдердің қалыптасуы мен
дамуы.
Қазақстанның тəуелсіздігі үшін күрестің фольклордағы көріністері. Ауыз
əдебиетіндегі жаңа тақырыптар. Лирикалық өлеңдердің, ақындар айтысының
өркендеуі. Жұмысшы фольклоры. Қисса-хикая, дастан жанрының кең
таралуы. 1916 жыл оқиғаларына байланысты туған халықтық шығармалар.
Қазіргі дəуір фольклоры
. Фольклордағы өзгерістер, көне жанрлардың
тағдыры. Кеңес дəуірінде пайда болған ауыз əдебиетінің үлгілері. Төңкерістік
дүниетаным əсерімен туған өлеңдер. Жұмысшы, еңбек-кəсіп, колхоз
тақырыптарына байланысты өлең-жырлар. Байлардың мал-мүлкін зорлықпен
тəркілеу, асыра сілтеу кезеңінде туған мұң-шер өлеңдері. Репрессия
құрбандарының айдалу сүргінінде жəне түрмеде шығарған қасіретті
толғаныстары. Əн-өлеңдер мен термелер. Фашистік Германияға қарсы соғыс
кезіндегі фольклордың сипаты.
Отан қорғау, тылда еңбек ету тақырыбы. Патриоттық идеяның барлық
жанрларға өзек болуы. Жоқтау, арнау, көңіл айту өлеңдерінің жаңаруы.
Сəлем-хат, əн-өлендер, терме, мақал-мəтелдер, қанатты сөздер. Қазіргі
кездегі фольклордың жай-күйі. Дəстүрлілік пен даралық, көркемөнерпаздар
үйірмесі. Айтыстың дамуы. Беташар, той бастар, жар-жар өлендері. Мақал-
мəтелдердің өркендеуі. Қара өлеңнің сипаты. Фольклор мен көркемөнердің
/музыка, бейнелеу өнері, театр т.б./ байланысы. Əдеби шығармалардың
халық
шығармашылығына
ауысуы.
Қазіргі
халық
ақындарының
шығармашылығы. Жыршылық-жыраулық дəстүрдің жандануы. Балалар
фольклорының даму ерекшеліктері.
Əдебиеттер: 1.4. бөлімдегі «Фольклор – ауызша сөз өнері» атты 1-2 -
дəрістердің жоспарында көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: