Наным-сенімдерге /діни ұғымдар/ байланысты өлеңдер. Сөздің магиялық
қасиеті туралы ұғым. Құдайға табыну жəне оларға қатысты салт-ырымдар.
Бақсы сарыны. Арбау, жалбарыну өлеңдері. Бəдік. Қазақ халқының алғыс,
қарғыс, бата беру салтына байланысты өлең-жырлары. Жарапазан. Наным-
сенімдерге байланысты туған өлеңдердің композициясы мен стильдік өрнегі.
Отбасы салтына байланысты өлең түрлері. Үйленуге байланысты салт
жырларының қыз ұзату, келін түсіру, той өткізу ғұрпымен бірге орындалуы.
Сыңсу, жұбату, той бастар, жар-жар, беташар, той тарқар. Оларды
орындаушылар мен айтылу мезгілі. Мазмүны мен құрылысы. Өлген кісіге
байланысты айтылатын естірту, көңіл айту, жоқтау өлеңдерінің салтпен
байланысы.
Əдебиеттер: 1.4. бөлімдегі «Тұрмыс-салт жырлары» атты 1-2-дəрістердің
жоспарында көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: