13-тақырып: Фольклор мен əдебиет, олардың ауысымдық қарым- қатынасы. Мазмұны: Бұл тақырыпта фольклор мен əдебиеттің бір-бірімен тектес,
туыстас белгілері жəне бір-бірімен ауысымдық қатар даму үдерістері
қамтылады. Фольклордың халықтығы, идеясы, тақырыбы. Жанры, сюжеті,
мотиві, көркемдік құралдары жағынан дəстүрлі əдебиетке ұқсас жақтары
дараланады.
Фольклорлық
бастауларды
ежелгі
түркі
халықтарына
ортақ
мұралармен байланыстыра отырып, ІХ ғасырлардағы ислам дінінің əсері
тұсы жəне ХІ-ХІІ ғасырдағы ислам мəдениетімен суарылған төл əдебиетінің
көріністері, ХҮ-ХҮІ, одан кейінгі ХҮІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ əдебиетінің,
ХХ ғасырлардағы фольклордың əдебиеттегі көрінісі, яғни фольклорды əр
дəуірдегі əдеби сатыларда қолданудың жарқын үлгілерін қазақ əдебиеті
кеңістігіндегі адамдардың шығармашылықтары арқылы талдап дəлелдеу.
Фольклордың күллі əлемдік деңгейдегі ортақ белгілері мен туықан
елдер əдебиетіндегі тел тумаластығы немесе ұлттық фольклордың өзгеге
ұқсамайтын төл жетістіктеріне аса назар аударту.