Дәріс 6 6 бөлім. WEB – бағдарламалау Курс тақырыбы: 6.3 тақырып. JAVA тілінін негізгі ұғымдары. Сабақтың тақырыбы: JAVAScript қолдану аумағы. Сценарий өңдеушілер.JAVA-скриптердің құрылымы мен принциптері.
Java тіліндегі бастапқы файл — ол өзінде бір немесе бірнеше класстардың сипаттамасын қамтитын мәтіндік файл. Java трансляторы, бағдарламаның бастапқы мәтіні кеңейтулері бар файлдарда сақталатынымен түсіндіріледі. Трансляция барысында әр класс үшін алынатын код, сәйкес ат, класс атымен және class кеңейтілуімен жеке шығу файлдарында жазылады.
Ең алдымен, бұл тарауда, біз трансляция жасап және канондық «Hello World» деген бағдарламаны жазып жүргіземіз. Бұдан әрі біз Java- трансляторы қабылдайтын барлық лексикалық элементтерді қарастырамыз: аралықтар, түсініктемелер, негізгі сөздер, идентификаторлар, литералдарды, операторлар және бөлгіштер. Тараудың соңына қарай сіздер Java- бағдарламасында өздігінен бағыттала алатындай жеткілікті мәлімет ала аласыздар.
Hello World Біздің бірінші Java-программамыз:
class HelloWorld { public static void main (String args []) { System. out. println («Hello World»); } } Қадамнан қадамға Әрине, HelloWorld — бұл тривиальды мысал. Алайда тіпті мынадай жай бағдарлама Java тіліндегі жаңа қолданушыға күрделі болып көрінеді, өйткені ол сендерді көптеген жаңа ұғымдар мен тіл синтаксисының бөлшегтерімен таныстырады.
class HelloWorld
1 қатар class HelloWorld{
Бұл қатарда сақталынған class сөзі пайдаланылады. Ол трансляторға біздің жаңа классты сипаттайтынымызды хабарлайды. Класстың толық сипаттамасы бірінші қатарда ашылған фигуралы жақша мен оған қос 5 қатардағы жабылатын фигуралы жақшалардың арасында орналасқан. Java-да қолданылатын фигуралы жақшалар С мен С++ тілдеріндегідей қолданылады.
2 қатар public static void main (String args []) {
Бір көзге қарағанда мысал қатарының тым қиын болуы, Java тілін өңдеуде қаланған маңызды талаптардың салдары болып табылады. Java-да ғаламдық атқаратын қызметтер болмайды. Осындай қатарлар бірінші тараудың көп бөлігінде кездескендіктен, екінші қатардың әрбір элементін қарастырайық.
Public Бұл қатарларды бөлек лексемаларға бөле отырып, public сөзімен кездесеміз. Бұл — бағдарламашыға көрінетін кез келген әдіс пен айнымалыларды басқаратын модификатордың мүмкіндігі. Бұл жағдайдағы public модификатордың мүмкіндігі, main әдісі кез келген класста көрінетіндігін және жетімділігін білдіреді. Мүмкіндіктің (доступ) тағы 2 сілтегіш деңгейі бар — private және protected бар.
static Бұл сөз арқылы класстың әдістері мен айнымалылар жарияланып, класстармен толық жұмыс жасау үшін пайдаланылады. Static сөзі қолданылатын әдістер, тек локальды және статистикалық айнымалылармен жұмыс жасайды.
void Сіздерде бір немесе басқа үлгінің мағынасын қайтаратын әдістерге жиі қажеттілік туады: мысалға, бағдарламашымен тағайындалатын int толық мағыналар үшін, float – заттай немесе деректер үлгілерінің класс атауы үшін. Біздің жағдайда экранға тек қатарды шығару керек, ал main әдісінен мағынасын қайтарудың керегі жоқ. Дәл осы себептен void модификаторы пайдаланылды.
main Енді main әдісін талқылайық. Бұл жерде ешқандай ерекшелік жоқ, тек барлығын Java- интерпретаторымен жүзеге асыру керек, классты интерпретациялау командасын алып, main әдісінің шақыруынан өзінің жұмысын бастайды. Java- транслятор main әдісі жоқ классты трансляторлай алады. Ал Java- интерпретатор классты main әдісінсіз жүргізе алмайды.
Әдіске жіберілетін барлық параметрлер, «;» символымен бөлінген элементтер тізбегі ретінде қос домалақ жақшада көрсетіледі. Параметрлер тізбегінің әрбір элементі, бөлшектенген қадам типі мен идентификатордан тұрады. Тіпті әдісте параметрлер болмаған жағдайда, оның артынан міндетті түрде бірнеше домалақ жақша қою керек. Қазір талқылап отырған мысалда, main әдісінде күрделендірілген типтегі тек бір параметр бар.
String args элементі[] args атымен аталатын параметрді жариялайды, ол String классты массивтер объектілерін жариялайды. args идентификаторынан кейін тұрған тік бұрышты жақшаларға назар аударыңыздар. Олар біздің көрсетілген типтің жеке элементімен емес, массивтермен жұмыс істеп жатқанымызды айтады.
3 қатар System. out. prlntln(«Hello World!»);
Осы қатарда out нысанының println әдісі орындалады. out нысаны OutputStream классында жарияланған және статикалық System классында инициализацияланады. Main әдісін хабарлау 4 қатардағы жабылмалы ирек жақшамен бітеді, ал HelloWorld классы 5 қатарда дәл осындай фигуралы жақшамен хабарлануымен аяқталады.