Семинар сабақ Пән атауы : Қазақ тілінің морфологиясы және оны оқыту Тақырыбы: «Тіліміздегі сөздерді таптастыру ұстанымдары»


Сөздерді сөз таптарына ажыратуда сөздің лексика-грамматикалық сипатына қарай семантикалық ұстану дегенді қалай түсінуге болады?



бет2/5
Дата18.03.2023
өлшемі79,14 Kb.
#75406
түріСеминар
1   2   3   4   5
Байланысты:
2-семинар сабак

2. Сөздерді сөз таптарына ажыратуда сөздің лексика-грамматикалық сипатына қарай семантикалық ұстану дегенді қалай түсінуге болады?
Сөздерді таптастыру қағидаттарына қатысты А. Ысқақовтың пікірін сараласақ, ғалым тілдегі барлық сөздерді таптастырғанда олардың лексика-семантикалық жəне грамматикалық жақтары бірдей ескерілуі керек деген тұжырым жасайды. Ал сөз табының аталған қырларын, яғни семантикалық, морфологиялық жəне синтаксистік жақтарын дұрыс анықтау үшін осы белгілерді толық қамту қажет. Тек сонда ғана сөз табына енетін сөздің мазмұны, морфологиялық формасы мен синтаксистік қызметі толық анықталады. Бұл белгілердің сөз таптарына енетін сөздердің барлығына тəн бола бермейтіндігін ескерсек, сөздерді таптастыру қағидаттарының сөз таптары жүйесіндегі қызметі мен сипаты да бірдей болмайды. Сондықтан кейбір сөз таптарында таптастыру қағидаттарының бірі негізгі болса, басқасы жанама болуы немесе ол сөз табына қатысы басқаша сипатта көрінуі де əбден мүмкін. Мысалы, одағай, еліктеу сөздер мен шылаулардың түрленбеуі олардың морфологиялық белгісі ретінде танылады. Соның негізінде оларды сөз табы ретінде анықтауда осы белгісі негізге алынады.


3. Сөздердің грамматикалық сипатына, түрлену жүйесіне қарай морфологиялық принципті ұстану деген не?

Сөздерді грамматикалық топтарға яғни сөз таптарына жіктеуде , топтастыруда ұсынылатын басты принцип – семантикалық принцип(грамматикалық-семантикалық). Екіншіден, осындай грамматикалық топтарға белгілі – белгілі өзіндік түрлену жүйесі, өзгеру, тұлғалық парадигмасы немесе бұған қарама-қайшы түрленбеу, тұлғалық өзгеріске түспеу тән болып келеді. Сондықтан түрлену жүйесіне негізделген категориялық грамматикалық мағына жүйесі мен грамматикалық категорияларының болу-болмауы сөздерді топтастырудың екінші негізгі морфологиялық принцип сөздердің түрлену жүйесі болып табылады. Мысалы: зат есім мен етістік түрленетін сөз табы болып есептелсе, сын есім мен үстеу түрленбейтін сөз табына жатады. Сөздерді топтастырудың үшінші синтаксистік принципі сөздердің сөйлемде өзіне тән белгілі қызмет атқаруымен және сол сөздермен тіркесу сипатымен яғни қандай топтағы сөздермен қалай тіркесе алуымен байланысты.Осы көрсетілген принциптер негізінде атаушы сөздерді мынадай сөз таптарына бөліп қарауға болады: зат атауын білдіретін – зат есім, заттың әр түрлі сынын , қатыстық белгісін білдіретін – сын есім , заттың сандық мөлшерін білдіретін – сан есім, сөздердің орнына жүретін орынбасар сөздер – есімдік, қимыл іс-әрекетті білдіретін – етістік, қимыл іс-әрекеттің әр түрлі сипатын (амал, мезгіл, мақсат, себеп) білдіретін – үстеу, дыбыстарға, қимыл-қозғалыстарға еліктеп аталатын – еліктеу сөздер болып бөлінеді. Осы атаушы сөздерден басқа көмекші сөздердің бір түрі шылау және одағай сөздер мен модаль сөздер де жеке-жеке сөз табы болып қаралады, өйткені олардың жеке лексикалық мағыналары болмаса да өзі қатысты сөзге я сөйлемге қосымша грамматикалық мән үстейді немесе ойға қатысты(көңіл-күй я модальдылық) мәндер қосады. Сөйтіп, қазақ тілінде А.Ысқақов, Қазақ тілі грамматикасында тоғыз сөз табы көрсетілсе, С.Исаев оныншы сөз табы ретінде модаль сөздерді қосады. Ғалым модаль сөздерді жеке сөз табы ретінде қатарға қосып отыр. 2002 жылғы Қазақ грамматикасында модаль сөздер жеке сөз табы ретінде қаралған.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет