Семинар сабақ Пән атауы : Қазақ тілінің морфологиясы және оны оқыту Тақырыбы: «Тіліміздегі сөздерді таптастыру ұстанымдары»



бет1/5
Дата18.03.2023
өлшемі79,14 Kb.
#75406
түріСеминар
  1   2   3   4   5
Байланысты:
2-семинар сабак


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология және көптілді білім беру институты

2 - СЕМИНАР САБАҚ


Пән атауы: Қазақ тілінің морфологиясы және оны оқыту
Тақырыбы: «Тіліміздегі сөздерді таптастыру ұстанымдары»


Орындаған: Әлімғожа Дастан
(ҚТӘ ЖОО 2-курс ДОТ)
Тексерген: Балабекова Катира
Алматы, 2022
2- семинар сабақтың тақырыбы:
«Тіліміздегі сөздерді таптастыру ұстанымдары»
Тақырыптың мазмұнын ашуға берілетін сұрақтар:

  1. Қазақ тіліндегі сөздердің лексикалық мағынасына қарай топтарға бөлінуі

Қазақ тілінде сөздерді таптастырудың негізгі принциптері мен басты критерийлерін меңгере отырып, сөздерді сөз таптарына бөле білу және әрбір сөз табының өзіне тән белгілерін ажырата білу, сөз таптарының шығуы, қалыптасуы мен даму процесін игеру, практикалық жағынан сөйлемдегі әрбір сөздің қай сөз табына жататынын, қандай грамматикалық, лексика-грамматикалық белгілері бар екенін талдап ажырату.
Қазақ тіліндегі барлық сөздер семантикалық және морфологиялық (формальдық) белгілеріне қарай, ең алдымен, үш үлкен топқа бөлінеді. Олар-атаушы сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер. Бірден айта кету керек, бұндай түсініктің қателігі-тілдегі грамматикалық құбылыс пен лексикалық құбылыстың өзара айырмашылығын, олар тілдің бөлек-бөлек деңгейі екенін ажырата алмау болып табылады. Сөздерді атаушы, көмекші және одағай сөздер деп бөлуде морфологиялық белгілердің (ол қандай екені де онша түсінікті емес, бәлкім формальдық дегені түрлену-түрленбеу сипаты яғни формалық шығар) ешбір қатысы жоқ, өйткені атаушы сөздердің де түрленетіндері (зат есім, есімдіктің біразы, етістік) бар, түрленбейтіндері (сын есім, сан есім, есімдіктің кейбірі, үстеу) бар, сол сияқты көмекші сөздердің де түрленетіндері (көмекші есім, көмекші етістік) бар, түрленбейтіндері (шылау, еліктеуіш сөздер) бар. Сондықтан морфологиялық белгі я белгілер сөздерді атаушы, көмекші, одағай сөздер деп бөліп жіктеуге негіз, тірек бола алмайды. Бұл – бір. Екіншіден, семантикалық белгі деген де нақты, дәл емес, өйткені лексикалық семантика бар да, олай болса ол лексикалық мағынаға негізделеді, онда лексикалық немесе лексика-семантикалық белгі деп нақтылаған жөн болар еді, сондай-ақ грамматикалық семантика бар, олай болса ол-грамматикалық мағынаға негізделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет