Өткізу формасы: слайдта көрсету, талқылау
Әдістемелік нұсқау: тапсырманы орындау кезінде әр түрлі жұмыстар авторларының көзқарастарына көңіл аударып, оның негізгі идеясын көрсету керек. Қосымша әдебиеттер қолданылып, ұсынылса қошеметтеледі.
Тапсырма 2
«Әдеп пен әдептілік және олардың жеке адам өмірінде алатын орны» тақырыбына реферат жазу.
Өткізу формасы: рефераттың қысқаша мазмұнын слайдта көрсету, пікір-талас.
Әдістемелік нұсқау: тапсырманы орындау кезінде әдеп пен әдептілік ұғымдарын жан-жақты қарастырып, ашу керек. Әдептің жақсы қасиеттерімен оларға қарсы жағымсыз көріністерін тіркеп, өмірден алынған мысалдар келтірілсе, жағымсыз көріністерінің жою жолдары берілсе қошеметтеледі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Қазақстан білім зерттеушілерінің әдеп кодексі. Бірінші басылым. Нұр-Сұлтан: Білім беру саласындағы зерттеушілердің қазақстандық қоғамы, 2020. 68 б.
Орынбасарова Э.А. Педагог этикасы және қарым-қатынас мәдениеті: оқу құралы / Э.А.Орынбасарова/ Алматы: «Бастау», 2017.-216 бет.
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т., Берикханова А.Е. Педагогика. Оқулық. – Алматы: 2017.
СОӨЖ № 1
СОӨЖ 1. Болашақ мұғалімдердің кәсіби өзін-өзі дамытуындағы жаңа тәсілдер/Презентация дайындау.
Тақырып 2. Практикалық сабақ 2. Педагогикалық білім болмыстың әртүрлі формаларында: мифологиялық, діни, ғылыми. Формальды-қисынды модель жасау.
Тақырып 3. Практикалық сабақ 3. Action Research, Lesson Study, Learning Study әдістерін педагогикалық үдерісте қолдану тәжірибесі. Тақырыптық тезаурус құрастыру.
Тақырып 4. Практикалық сабақ 4. Мұғалім тәжірибесінде педагогикалық құбылыстарды зерттеудегі заманауи әдіснамалық тәсілдер. Мəтін жоспарын жасау.
Тақырып 5. Практикалық сабақ 5. Тұлға дамуының категориялық аппараты. Пікір беру.
Тақырып 6. Практикалық сабақ 6. Тұтас педагогикалық үдеріс интеграциялық және дамушы жүйе ретінде. Формальды –қисынды модель жасау.
Тақырып 7. Практикалық сабақ 7. Педагогика тарихында тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамыту тәрбиенің гуманистік мақсаты ретінде. Тақырыптық тезаурус құрастыру.
Тақырып 8. Практикалық сабақ 8. Заманауи дидактикалық жүйесінде және шетелдік, отандық білім беру тарихында дидактикалық идеялар мен тұжырымдамалардың дамуын зерттеу. Презентация дайындау.
Тақырып 9. Практикалық сабақ 9. Білім беру мазмұнын қалыптастырудың теориялары, дереккөздері, факторлары, критерийлері және негізгі принциптері. Тақырып бойынша кластер құрастыру.
Тақырып 10. Практикалық сабақ 10. Оқытудың құралдары, формалары мен әдістері оқыту процесін жүзеге асырудың технологиялық компоненті ретінде. Сауалнама құрастыру және өткізу.
Тақырып 11. Практикалық сабақ 11. Оқытудағы когнитивті тәсіл. Метатану. Формальды –қисынды модель жасау.
Тақырып 12. Практикалық сабақ 12. Сабақтарды жоспарлау және мұғалімнің сабаққа дайындығы. SWOT талдау жасау.
Тақырып 13. Практикалық сабақ 13. Оқытудың инновациялық әдістері мен технологиялары. Ақпарат көздерінің тізімін жасап, презентациялау.
Тақырып 14. Практикалық сабақ 14. Мектеп оқушыларының оқу нәтижелерін бағалаудың заманауи формалары мен әдістері. Интервью мәтінін келтіру және оны талдау.
Тақырып 15. Практикалық сабақ 15. Оқушылардың сабақта тиімді оқу-танымдық әрекетін ұйымдастырудың жаңа тәсілдердін енгізу. Семестрлік жоба дайындау.
Достарыңызбен бөлісу: |