Семинар сабағЫ №8. Тақырыбы: «Шетелдік және отандық педагогикадағы дидактикалық идеялар мен тұжырымдамаларды зерттеу» «Оқу үдерісінің мәнін зерттеу. Дидактикалық тұжырымдамалар»
Тақырыбы: «Шетелдік және отандық педагогикадағы дидактикалық идеялар мен тұжырымдамаларды зерттеу» «Оқу үдерісінің мәнін зерттеу. Дидактикалықтұжырымдамалар» Қарастыратын сұрақтар: 1. Негізгі дидактикалық тұжырымдама
2. Педоцентристік тұжырымдама
3. Дәстүрлі (педагогоцентристік) тұжырымдама 4. Заманауи дидактикалық тұжырымдама
Тапсырмалар: 1. Дидактикалық тұжымдамалардың өкілдерін, негізгі идеяларын көрсететін кестені толтырыңыз.
Дидактикалық тұжымдама атауы
Тұжырымдама өкілдері
Тұжырымдаманың негізгі идеясы немесе мақсаты
Дәстүрлі
Коменский, Песталоцци, Гербарт
Бұл ұғымды педагогикалық орталық деп те атауға болады. Бұл жүйеде басты рөлді мұғалім атқарады. Осыған ұқсас доктринаны Коменский, Песталоцци, Гербарт сияқты мұғалімдер дамытқан. Бұл доктринаның принциптері көшбасшылық, басқару сияқты ұғымдар болып табылады. Оқыту үрдісі мұғалімнің оқушыға авторитарлық ықпалына және материалды түсіндіруге негізделген
Педоцентристік
Д.Дьюй
Педоцентристік тұжырымдама. Д.Дьюй оқыту процесін баланың қажеттіліктері, қызығушылығы қабілетіне қарай құруды ұсынды. Оқыту мақсаты - баланың жасы және ақыл-ой қабілетін, түрлі іскерліктерін дамыту. Оның тұжырымдауынша оқыту бұл дайын білімдерді айтып беру, жаттау және жаңғырту смес, оқушылардың алған білімдерін іс-әрекетте қолдануы. Оқыту процесі құрылымы: іс-әрекет процесінде қиындықты сезу, мәселені тұжырымдау, қиындықты жеңу, мәнін айту. Мәселені шешу үшін гипотеза ұсынып, оны тексеру, алған білімге сөйкес пікірлер айту және іс-әрекет зерттеушілік ойды туғызып, ғылыми ізденіске жол ашады. Әрине, мұндай тәсіл ақыл-ойды дамытуға, экологиялық мәселені шеше білуге көмектеседі. Бірақ мұндай дидактиканы шектен тыс барлық пәндерге және барлық деңгейге таратумен келісуге болмайды. Оқуда тек оқушылардың қызығушылығына сүйену жүйелілікті жоғалтып, материалдарды кездейсоқ іріктеуге әкеліп, оны терең талданады. Мұндай оқыту өнімсіз, уақыт көп кетеді.
Заманауи
Дж.Брунер
Қазіргі дидактикалық жүйе екі жақты - оқыту және оқу. Олар оқыту процесінде бірге жүреді, екеуімен де дидактика айналысады. Қазіргі дидактикалық тұжырымдама бағыттары: бағдарламалық, мәселелік, дамыта оқыту (П.Гальперин, В.Занков, В.Давыдов), когнитивтік психология (Дж.Брунер), педагогикалық технология, ынтымақтастық педагогикасы.