Семинар сабағы тақырыбы: Саясаттанудың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері



бет3/7
Дата07.01.2022
өлшемі56,23 Kb.
#16976
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Семинар 2 Политология. Саясаттанудың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері

2. Орта ғасырлардағы саяси идеялар
Саяси ой тарихында орта ғасырдағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артық созылды (V-XVI ғасырлар). Бұл дəуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті.

Феодалдық қоғамның көзқарасының өзегі біртұтас христиан мəдениетінің негізі болды. Осыған байланысты христиан патшалары шіркеу басшыларына бағыну керек деп уағыздады. Бұған ақсүйектер көнгісі келмей, билікті өз қолдарына алғысы келді. Осы заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин (354-430) еді. Ол христиан фəлсафасын зерттеп жетілдірді деп айтуға болады. Оның саяси көзқарастары «Құдай қаласы туралы» деген еңбегінде баяндалған.

Августин барлық əлеуметтік, мемлекеттік жəне құқықтық мекемелер мен заңдарды адамның күнəсінің нəтижесі деп санады. Оның ойынша, құдай еріктің еркіндігін берді, яғни ол өз бетімен күнəһар болып немесе құдай жолмен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Соған орай ол адамдарды құдай жолымен жəне адам жолымен өмір сүрушілер деп екі түрге бөлді. Біріншілері болашақта құдаймен мəңгілікке патшалық ететіндер, екіншілері жын-шайтандармен жапа шегіп, сазайын тартатындар деп түсіндірді.

Христиан дінінің саяси теориясын жасаған Фома Аквинский (1225-1274). Оның саяси көзқарастары «Билеушілердің басқаруы туралы», «Теологияның жиынтығы» деген еңбектерінде қаралды. Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімдегісі келді.

Фома Аквинскийдің ойынша, билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сондықтан, патшалық билік жоғары діни билікке бағынуы керек, оның түсіндіруінше, аспанда құдай, жерде Рим папасы билеуі тиіс. Осыған ұқсас саяси көзқарас мұсылман діндерінде де орын алады. Ислам саяси билік дін басыларының қолында болуын көздейді. Құранның талабы 20 бойынша қай мұсылман болмасын Аллаға, оның өкіліне жəне билік иесіне бағынуы тиіс. Бірақ 945 жылдан бастап имандар негізінен діни беделмен шектеліп, нағыз билік ақсүйек-сұлтандарға ауысты.

ХХ ғасырда феодализм ыдырап, капиталистік қатынастар пайда бола бастады. Жас буржуазияны жақтаушылар католик шіркеуіне қарсы шығып, адам құқығын, ар-намысын қорғауға шақырды. Адам мəселесі, оның мемлекетпен арақатынасы саяси ілімде маңызды орын алды. Қоғамдық санада «гуманизм» түсінігі орын алды. Қайта өрлеу дəуірінің көрнекті өкілі буржазиялық саяси ғылымының негізін салушы Никколо Макиавелли (1469 – 1527). Оның атақты шығармалары «Патша», «Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жөніндегі ойлар», «Флоренцияның тарихы». Макиавелли діни көзқарасқа қарсы болды. Шындықтың белгісі сенім емес, тəжірибе деп білді. Ол мемлекетті билік жүргізуші мен оған бағынштылардың қарым-қатынасы деп ұқты. Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, теңдікті қалады. Мемлекет ерікті болса ғана қуатты, абыройлы бола алады. Макиавелли əділдік пен адамгершілік емес, алға қойған саяси мақсат тұрғысынан қарады. Ол мақсатқа жету үшін, айланың қай түрін болса да қолдануға кеңес берді. Мемлекеттің басын қосып, жаңарту үшін сөзге түсінбейтін керітартпалармен күресте жауыздық пен күшті пайдалануға болады. Қаталдық өзіне бағыныштылардың пайдасы үшін бірақ рет қолданылуы керек. Бірақ Макиавеллидің бұл ескертпесі көп жағдайда еске алынбай «мақсат əдіс, тəсілді ақтайды» деген қағида кейін макиавеллизм деген атпен тарап кетті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет