4. Ағартушылықтың негізгі саяси түсініктері
Ағартушылық — қоғамдық-саяси ағым. Оның өкілдері ізгілік, әділеттілік идеялары мен ғылыми таным-білім негіздерін тарату жолдары арқылы қоғам кемшіліктерін түзетуге, оның талғам-талаптарын, саясатын, тұрмысын өзгертуге күш салды. Ағартушылар қатарында Вольтер, Руссо, Монтескье, Гёрдер, Лессинг, Шиллер, Гёте, Десницкий, Козельский т.б. болды. Олар өз уағыздарын қоғамның барлық топтары мен жіктеріне, әсіресе билік иелеріне бағыштады. Қоғамдағы кертартпа көріністердің бәрі адамдардың надандығынан, олардың өз табиғатын өзі түсінбеуінен деп білді. Ағартушылық шіркеулік идеология ықпалына, діни догматтарға, схоластик ой ағымдарына қарсы болды. Ағартушылар қоғам дамуындағы сананың айқындаушы рөлі туралы түсініктерге ден қойды. Ағартушылық 18 ғасырда әлеуметтік көзқарастардың қалыптасуына едәуір ықпал етті. Шығыс елдерінде бұл ағым біршама өзіндік сипатта өркен жайды.
XVIII ғасырдағы Франция мемлекеті Еуропаның рухани өмірінің негізгі ошағына айналды. Француз халқының философиясында, әдебиетінде, өнерінде және т.б. жаңа леп, соны бағытгар аңғарыла бастады. Осы уақытқа дейін ездерін Францияның қарсыласымыз деп есептеп келген Испания, Германия, Польша, Ресей, тіші Англия сияқты өркениетгі елдер француз мәдениетін мойындауға мәжбүр болды.
Қоғамдық өмірдің қарама-қайшылықтары шиеленіскен Францияда «ағартушылық идеологиясы» 1789—1793 жылдары ұлы француз революциясының, ал одан кейін бүкіл Еуропаны жайлаған реформаторлық қозғалыстың теориялық және рухани алғышарттарына айналды. Дегенмен Францияда да ағартушылық идеялары біртектес болған жоқ, олар реформизмнен бастап, ашық революциялық қимылдарға дейін нағыз эволюцияны басынан кешірді. Егер ағартушылардың аға буынының өкілдері — Монтескье мен Вольтер конституциялық-монархиялық құрылыс орныққан көршілес Англияның үлгісімен феодалдық ағымды біртіндеп буржуазия- ландыру идеясын ұсынса, феодалдық құрылысқа жан-тәнімен қарсы келесі ұрпақтың өкілдері — Д. Дидро, К. Гельвеций, П. Гольбах басқа пікірде болған болатын. Олар помещиктік меншік пен сословиелік артықшылықтарды мүлде жойып, деспоттық өкіметті құлатуға шақырды.
Ағартушылық дәуірі Еуропаның мәдени дамуына үлкен ықпалын тигізді. Ағартушылық идеялары шенеуніктер мен буржуазияның санасында және ойында, әрекетінде берік сақталып қалды. Ағартушылық идеялары Батыс Еуропаның университеттерінің өміріндегі белсенділіктің артуына, неміс мәдениетінің жоғары өрлеуіне ықпалын тигізді.
Достарыңызбен бөлісу: |