Семинар сабағы. Қуанышбаева Ақбота. ҚТӘ-203 топ Сын есім, сан есімнің, есімдіктің синтетикалық сөзжасам. Жұрнақтар арқылы жасалған туынды сөздердің екіншілік мағынасы мен уәжділік сипаты



бет1/2
Дата09.02.2023
өлшемі19,04 Kb.
#66494
түріСеминар
  1   2
Байланысты:
9-апта. Сөзжасам


9-апта семинар сабағы. Қуанышбаева Ақбота. ҚТӘ-203 топ
Сын есім, сан есімнің, есімдіктің синтетикалық сөзжасам. Жұрнақтар арқылы жасалған туынды сөздердің екіншілік мағынасы мен уәжділік сипаты.
Сын есім туындылар есім сөздерден де, етістіктен де жасала береді. Мысалы, хабардар, мәдени, жолақ — зат есімнен; жетілік, үштік (шам) — сан есімнен, жақсылы-жаманды, ұзынды-қысқалы — сын есімнен жасалған сын есім туындылары. Сын есім туындыларға негіз болатын сөздер негізгі түбір, күрделі түбір, күрделі сөздерден де болады: сақалды, ақылды — негізгі түбірден, ерттеулі, жинаулы — туынды түбірден, адырақ көзді, кабырға қайысарлық, майда тілді — күрделі негізден жасалған сын есім туындылары.
Сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтары құрамы жағынан жалаң және құранды болып бөлінеді. Жалаң жұрнақтар бір ғана морфемадан тұрады, құрамын бөлуге болмайды. Мысалы, мұртты, күндік, батыл, қарыздар, тарихи, ызақор туынды түбірлеріндегі -ты, -дік, -ыл, -дар, -и, -қор жұрнақтары — дара жұрнақтар. Ал сұрампаз, жатыңқы, аумалы, жарасымды туынды түбірлеріндегі -мпаз, -ыңқы, -малы, -ымды жұрнақтары — құранды жұрнақтар. Бұл туынды түбірлерге сұра, жат, ау, жарас сөздері негіз болған, өйткені тілде сұрам, жатың, аума, жарасым сөздері осы қалыпта қолданылмайды. Ол -мпаз=м+паз, -ыңқы=ың+қы, -малы=ма+лы морфемаларының кірісуінен жасалған.
Сын есімнің туынды атаулары құрамы жағынан дара және күрделі болып бөлінеді. Дара туындыларға бір сөзден тұратын жұрнақ арқылы жасалған туынды түбір сын атаулары жатады. Мысалы, көктемгі, атақты, ақылсыз, инабатты, калалық, пікірлес, көйлекшең, ашушаң, т.б. Күрделі сын атаулары екі не одан да көп сыңарлардан жасалып, бір сындық белгінің атын білдіреді. Мысалы, қара көк, күрең қоңыр, теке сақалды, қара кер, қара шұбар, т.б.
Сын есімнің сөзжасамдык жұрнақтарының бір тобы есім сөздерден сындық туынды түбір атауларды жасайды. Сын есімнін сөзжасамдық жұрнактары сөзжасамдық кабілеті жағынан әр түрлі.
Есім сөздерден туынды түбір жасайтын сөзжасамдық жұрнақтар сөзжасамдық қабілеті жағынан өнімді және өнімсіз болып бөлінеді. Тілге көптеген туынды түбір сын есім қосқан жұрнақтар өнімді болып саналады. Өнімді сөзжасамдық жұрнақтардың ішінен -ды, -ді, -ты, -ті, -лы, -лі жұрнағы ерекше көзге түседі. Бұл жұрнақ арқылы жасалған туынды сын атаулары тілде көп, нақтылы саны белгісіз болса да, олар бірнеше жүздей болатыны анық. Мысалы, бетті, таулы, тасты, қамысты, шилі, балалы, өзенді (жер), қызылды-жасылды, білімді, ақылды, атақты, малды, жанды, т.б.
Сан есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы өнімсіз, өйткені сан есімде сөзжасам қосымшалары өте аз дегенбіз. Бұл тұрғыда сан есім зат есім, сын есім, етістік сияқты сөз таптарымен мүлдем таласа алмайды, ол үстеу сияқты жұрнаққа кедей сөз табымен де тең түсе алмайды. Сан есім сөзжасамының бұл ерекшелігі өте ерте калыптасқан. Алайда бірлі-жарым сандардың, құрамында жекелеген қосымша кездесетінін айта кеткен жөн. Бірлік сандардын. атауындағы -ты/-ті, -ыз/-із морфемаларының алты, жеті,сегіз, тоғыз сандарында қайталанып тұрғанына қарап, оларды осы сандарды жасаушы қосымша санау бар. Мұнымен бірге осы сандардын, жасалуьша негіз болып тұрған морфема, түбір алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан сандарының жасалуына да негіз болған. Тек бүл түбірлер қазіргі тілдерде жеке сөз ретінде қолданылмайды, бұл, әрине, -ты/-ті, ыз/-із қосымшаларынын. қандай мағыналы сөзден алты, жеті, сегіз, тоғыз сандарын жасағанын дәл айтуға мүмкіндік бермейді. Бірақ бұларды осы сан атауларын жасаған қосымша деп қараура кайшы емес. Сондықтан сан есімдегі нақтылы сан атауын жасаушы қосымша дегенде тек осыларды ғана атауға болады.
Ал сан есім сөзжасамындағы синтетикалық тәсіл негізінен сан есім семантикалық топтарын жасайтын қосымшалармен байланысты. Сондықтан сан есімнің, сөзжасам жұрнақтары мағына жағынан да басқа сөз таптарынан ерекшеленеді, өйткені олар мағына түрлендіруші қосымшаларға жатады. Сөзжасам теориясында түрленген мағына негіз сөзде (негіз сөз — туынды сөз жасауға негіз болған сөз) бар, негізді сөзде (негізді сөз — негіз сөзден жұрнақ арқылы жасалған туынды сөз) жоқ мағыналык компонент. Мұнда негіз сөз де, негізді сөз де бір сөз табына жатады. Сан есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуында негіз сөз де, негізді сөз де тек сан есімге жатады. Сонымен бірге сан есім жұрнағы арқылы жасалған негізді сөздің мағынасында негіз сөзде жоқ үстеме мағына болады. Мысалы: Олар төртеу-ақ, жетеудің кемтігіш жаба ала ма? (Ғ.Мұстафин). Келтірілген мысалдағьі синтетикалық тәсіл арқылы жасалған сан есімдер: төртеу, жетеу. Бұлардың жасалуына негіз болып тұрран сам есімдер: төрт және жеті. Төртеу, жетеу сандарының мағынасында негіз сөздердің (төрт, жеті) мағынасында жоқ жинақтық-заттық мағына бар. Бұл үстеме мағынаі негіз сөздегі төрт, жеті сандық ұғымының устіне қосылған. Сонда негізді сөздің мағынасы негіз сөздің мағынасынан кеңігені көрініп тұр. Сөзжасам теориясы бойынша қашанда текті негіздің (производная основа) мағынасы негіздің (производящая основа) мағынасынан кең болуға тиісті. Төртеу, жетеу сөздерінің мағынасы осы теорияны растап, оған сай келіп тұр. Реттік саннан мысал келтіріп көрейік: Қызым бірінші класта оқиды (С.Мұқанов). Осы мысалдағы бірінші деген реттік сан бір деген есептік саннан жасалған, негіз сөз де, негізді сөз де сан есімге, бір сөз табына жатады. Негіз сөздің (бір) мағынасына негізді сөзде (бірінші) реттік мағына қосылған. Негізді сөзде (бірінші) негіз сөздің мағынасы және реттік мағына бар. Реттік мағына — негіз сөзге үстелген, косылған мағына. Сөйтіп, негіз сөз бен негізді сөздің мағынасы тең емес болып шықты. Ол — заңды құбылыс. Туынды сан есімнің, яғни негізді сөздің мағынасы әр уақытта негіз сөздің мағынасынан кең болуға тиісті дегенбіз. Сол қағиданы бұл мысалдар да дәлелдеп тұр.
Басқа сөз таптарына қарағанда есімдіктердің жасалу жолдары тілімізде онша күрделі емес. Мұның өзі есімдік табиғатымен тығыз байланысты. Зерттеушілердің айтуынша, қазақ тіліндегі жалпы есімдіктердің саны 60-70 – тен аспайды екен.Демек, олардың жасалу жолдарындағы заңдылық осы аз мөлшерімен де байланысты болса керек. Дегенмен де есімдіктердің жасалу жолдарында басқа сөз таптары сияқты синтетикалық және аналитикалық тәсілдер орын алып отырады. Мұндай тәсілдер есімдіктердің әрбір жеке түрлерінде байқалып қалады. Солардың көрінісін өзара жинақтағанда, есімдіктердің жасалу жолдары сараланады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет