Семинар сабағы. Қуанышбаева Ақбота. ҚТӘ-203 топ Сын есім, сан есімнің, есімдіктің синтетикалық сөзжасам. Жұрнақтар арқылы жасалған туынды сөздердің екіншілік мағынасы мен уәжділік сипаты


Синтетикалық жолмен жасалған есімдіктер



бет2/2
Дата09.02.2023
өлшемі19,04 Kb.
#66494
түріСеминар
1   2
Байланысты:
9-апта. Сөзжасам

Синтетикалық жолмен жасалған есімдіктер. Есімдіктердің бұл жасалу жолдарына бірқатар жұрнақтар қатысады.Сан жағынан онша көп те емес. Құранды – а+ у жұрнағы. Бұл жұрнақ негізінен алғанда, сілтеу есімдікті сөздерге жалғанып, сілтеу мағынасын одан сайын айқындайтын болады: ан + ау, мын + ау, сон + ау. Тарихи тұрғыдан қарағанда, бұл есімдіктердің түбірі ол, бұл, сол есімдіктері болса керек. Есімдіктерді арнайы зерттеген А.Ибатов анау, мынау есімдіктерін бірігу жолымен пайда болған деп түсіндіреді: Демек, мынау, анау сілтеу есімдіктері мына ( мын + а), ана (ан+ а) сілтеу есімдіктері мен бу ( ву ) сілтеу есімдігінің бірігуінен пайда болған деп таныған жөн». Ал проф. А.Ысқақов осы тәріздес есімдіктердің - у элементі арқылы жасалғанын айтады.
Біздіңше, осы сілтеу есімдіктерінің құрамындағы ау бөлшегін құранды жұрнақ деп қарастырған жөн тәрізді, өйткені бұл сөздер ана, мына түрінде де кездеседі.
- у жұрнағы.
- лық //- лік жұрнағы.
- сы// - сі жұрнағы.
-дай // - дей жұрнағы.
Есімдіктердің өздеріне жалғанып, олардың туынды түбірін жасауға қатынасады. Есімдіктер құрамында олардың қолданылу аясы да біркелкі емес.
Бір қай есімдігінің өзгеру тұлғасын қарасақ, әр түрлі боп келеді: қайсы, қайда, қайдан, қандай, қанша т.б.
Осы тәрізді не сұрау есімдігінің негізінде бірнеше туынды түбірлі есімдіктер туындайды: неше, нешеу, нешеме, нешік, немене, неге, нешінші.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет