Семинар сабағының Әдістемелік ұсынысы (барлық білім алушылар үшін)


 Оқу сабақтарының бір түрі ретінде семинардың өзгешелігі



Pdf көрінісі
бет4/56
Дата27.02.2023
өлшемі1,57 Mb.
#70147
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
2. Оқу сабақтарының бір түрі ретінде семинардың өзгешелігі 
Семинар сабақтары жоғары оқу орындарыңда білім берудің ең қызғылықты және жемісті 
формасы. "Жоғары мектеп жағдайында - деп жазды професор С.И. Зиновьев- семинар сабағы 
әрбір тақырыпта ғылыми зертеу жүргізуші және сол берілген мәселені немесе онымен 
айналысатын, ғылым саласын жетік білетін оқытушы арқылы жүргізілетін практикалық сабақгың 
бір формасы. Семинар сол және басқа пәңді тереңірек үйренуге және оқытылып отырған ғылым 
саласының ерекшеліктерін қамтуға қатысты ғылыми әдістерді меңгеруге арналады. 
Философия бойынша семинар алдын ала бағдарламаны өңдеу нәтижесінде мұғалім де, 
студент те, олардың тікелей және белсенді қатынасы жағдайында, студенттің тақырыптың 
сұрақтарына байланысты дайындығы, олардың арасында пайда болған пікірталас және 
сұрақтарды оқытушының талдап қорытындылауы, танымдық және тәрбиелік сипаттағы әртүрлі 
мәселелердің шешімі жоғары дәрежелі, білікті мамаңдардың қалыптасуына аса қажет әдістемелік 
және тәжірибелік дағдылардың пайда болуын қамтамасыз ететін сабақтың бір формасы болып 
табылады. 
Мұндай сабақтарда әдістемелік талаптар дұрыс қойылып өткізілген жағдайда, семинар 
мазмұнды, көп қырлы қызмет атқарады: танымдық процеске жағдай жасайды, монографиямен, 
әлеуметтік - саяси әдебиеттермен, Қазақстан Республикасында қабылданған алуан түрлі 
құжаттармен жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Семинарда лекция тындау нәтижесінде және 
негізгі әдебиеттермен өз бетінше жұмыс жасау арқылы қол жеткізген білімді қорытындылайды. 
Сабақ барысында сөйлей білу және қортынды жасау арқылы студенттің көзқарасын, білімі мен 
мағлұматын, таным деңгейін кеңейтеді, студентке игерген теориялық білімнің дұрыстығын, 
өзінің сол мәселе тұрғысында ойлауы мен талдауының қисыңдылығына көз жеткізіп, мәңді 
мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Лекция барысында, өз бетінше дайындалған көздеріндегі 
күмәндарының, ойының пікірталас арқылы нақтыланып, білімнің нақты өзінің жеке сөзімі мен 
пікіріне айналуына жол ашады, өз бетінше ойлау дағдыларын жетілдіреді, студенттерді 
әлеуметтік-саяси терминология мен философиялық ұғымдарды және түсініктерді еркін қолдану 
арқылы сабақ айтуға жетелейді, студенттердің өз бетінше жұмыс жасауына, олардың өз 
уақытында және лекцияны түсіну деңгейіне оқытушы тарапынан жүйелі бақылау жасауға 
мүмкіншілік береді және ең маңыздысы өткізіліп отырған семинар, лекция сабақтарының 
ғылыми тұрғыдан жоғары деңгейде өсуіне, сапалы болуына жол ашады. 
Оқу процесі сияқты, семинардың да толығымен алғанда негізгі және басты мақсаты 
тақырыптың толыққанды мазмұнын ашып көрсету. Егер сабақ жақсы дайындалған болса, нақты 
философиялық мәселелердің талқылану процесінде оның жаңа қырлары ашылып, оның 
маңыздылығы тереңдейді, бұрын студенттердің назарына алынбаған жаңа мәселелер алға 


тартылады. Тіпті білімнің тереңдеуінің өзі, ойдың жай мәселеден күрделіге қарай ауысуы, 
жастардың шығармашылық белсенділігінің оянуына итермелеп, мәселелерді талқыға салғанда 
негізгі, мазмұнды жерлерін бөліп көрсетіп, дұрыс бағыт беруді қажет етеді. Осыдан келіп, 
танымдық процестің өзі тәжірибедегі пікір таластың жұргізілуін ұғыну, мәнін түсінуге жұмылуда 
шығармашылық бағытты тудырады. Мұнда студенттің жеке тұлға ретіңде қалыптасуы мен 
дамуына ықпал ететін, оған өзінің ынтасымен шығармашылық бастауларын тексеруге беретін 
үлкен тәрбиелік негіз жолға қойылады. 
Ғылымның тәрбиелік мүмкіндіктері бірден емес, біртіндеп жүзеге асады. Ол 
мүмкіндіктерді семинарды мәнді әрі, мазмұнды, көп қырлы әдістемемен өткізу үшін 
студенттердің өз бетінше жасайтын жұмыстарын ұйымдастыруда шеберлікпен іске асыру қажет. 
Ең соңыңда, семинар, жоғарыда айтылған қызметтеріне қосымша, студенттердің өз бетінше 
жасаған жұмысының мазмұнының тереңдігі және жүйелілігін бақылау қызметін де атқарады. 
И.С. Зиновьев университеттерде өткізілетін семинар сабақтарының 3 түрін ажыратып 
көрсетеді: 
1. Нақты тақырыптық курсты тереңірек оқу, игеру мақсатындағы семинар. 
2.Курс тақырыптарының немесе тіпті жеке бір тақырыптың әдістемелік тұрғыдан ең 
маңыздыларын тереңірек талқылап, зерттеу мақсатындағы семинар. 
3.Ғылымға тән жеке мәселелердің терең өңделуіне негізделген зерттеу түріндегі семинар. 
Түрлі типтегі семинар сабақтарында есептеу мен бақылау жұмысы өзін түрлі деңгейде 
көрсетеді. Жеткіліксіз дайындалған топтарға арналған күрделі емес формадағы бақылау қызметі 
кең көлемде байқалады (мысалы: кең ауқымды, жан-жақты, кеңейтілген әңгіме), ал күрделірек 
формаларды қолданғанда (рефераттардың талқылануы) аз мөлшерде керінеді. Семинар 
сабағының әдістемесін өндеу, жетілдіру көзіңде семинар мен лекция арасындағы, семинар мен 
оған деген студенттердің өз бетінше дайындық жұмыстары арасындағы байланыстылықтың 
сипаты мен тәсілдері сияқты мәселелер маңызды орын алады. Әрине, семинар лекцияны 
қайталамауы керек деген пікір бар, дегенмен жетекші лекцияның негізгі принциптік жағдайлары 
мен семинардың мазмұны арасындағы байланысты сақтауға міндетті. Семинар сабағы лекциялық 
курсты және оның бағдарламасын формасы жағынан да, мәні жағынан да дәл қайталамауы керек 
дегенге қосылуға да болмайды. Сабақтың мәні мен негізі міндетті түрде лекцияға да семинарға
да ортақ болады, бірақ басқа тұрғыдағы байланыстылық болып, басқа аспектіде берілуі 
қажет. 
Ережеге сай семинар сабағының алдында дәл сол тақырыпта лекция сабағы өткізілуі тиіс. 
Әдістемелік әдебиетте бұлардың керісінше келуі де қарастырылған. Тақырыпты үйренуді 
тақырыптың негізгі мәселесін ашатын және тақырыппен жұмыс істеу тәсілін көрсететін, 15-20 
минуттық лекциямен басталады. Содан кейін, студенттердің өз бетінше жұмысынан соң, 
семинарды жалғастырып, артынша студенттер дұрыс меңгере алмаған сұрақтарды қамти отырып 
және ғылымның жаңа мәселелерін қарастыра отырып лекцияны аяқтау керек. Ғалымдардың 
ойынша, сабақтың бұл формасы лекцияның мазмұнын тым жұтаңдатып, оның оқу процесіндегі 
маңызын жоюы мүмкін.Дегенмен, сабақтың осындай бір түрін сыртқы оқу бөлімі студенттерімен 
жүргізуге болады. 
Семинардың ұтымды өтуінде оның лекциямен өзара байланыстылығы үлкен мәнге ие. 
Лектор лекцияның жоспарын беріп, әдебиеттерін көрсетеді. Әдістемелік жағынан күшті 
дайындықпен келген лектор әрдайым лекция мен семинар арасын жалғастырып тұратын "көпір" 
табуға мүмкіндік таба алады да, үлкен теориялық тұрғыдан сипаттауға келетін және тәжірибелік 
мәні бар бірнеше сұрақтарды атап, уақыттың тар екендігіне байланысты айтуға үлгермейтінін 
және ол мәселелер туралы келесі семинар сабағында тоқталатындығын айта кетеді. Осы жерде 
студенттің кандай сұрақтарды тереңірек ашып көрсету керектігіне назарын аударта білу керек. 
Лекцияда аталған әдебиеттер тұрасындағы мәселе ете күрделі. Оқу бағдарламасындағы 
көрсетілген әдебиеттер қайталанып келе ме немесе сол көрсетілген әдебиеттің бәрін қамту керек 
пе, жоқ әлде деректерді таңдау мәселесі басқаша бола ма? Ал енді лектор берген әдебиеттің бәрін 
түгел студент қарастыра алды ма, жоқ па, оны кім бақылап отырады? Осыған сәйкес В.П.Рожин: 
сабақ басыңда лекцияға сәйкес жоспарды ғана айтып қоймау керек, сондай-ақ семинарда міндетті 
түрде қарастырылуы қажет сұрақтарға студент өз бетінше дайындалуы керектігін, өздігінен 


оқуға келетін, оңайлау сұрақты да және сол сұрақтарға сәйкес келетін оқу құралдарын да атап 
ету керек дегенді айтады. 
В.П.Рожин одан бөлек тағы бір әдістемелік тәсілді алға тартты; яғни лекция соңыңда 
келесі лекцияның да тақырыбын айтып, соған сәйкес 1-2 деректерді келтіру керек, өйткені
келесі болатын лекцияға студент те дайындалады.
Гуманитарлық пәндер бойынша семинар сабағының өткізілу әдістемесі жоғары оқу 
орыңдарындағы оқу процесі мен тәрбиенің жалпы заңдылықтарына негізделген ортақ көптеген 
ұқсастықтар мен тәсілдерге ие. Сонымен қатар семинардың әдістемесінің әрқайсысы бойынша 
өзіндік ерекшеліктері мен артықшылықтары бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет