Семинар сабағының Әдістемелік ұсынысы (барлық білім алушылар үшін)



Pdf көрінісі
бет12/56
Дата27.02.2023
өлшемі1,57 Mb.
#70147
түріСеминар
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   56
6.Семинарды жүргізу әдістемесі 
6.1. Семинардың басталуы. Кіріспе сөз. 
Семинар ұйымдастыру кезеңінен басталуы тиіс. Ол тек жоқ студенттерді белгілеу үшін 
ғана емес, ол сондай-ақ студенттердің көңіл күйін, басталғалы отырған сабаққа дайындығын білу 
үшін қажет. Ұйымдастыру көзеңін жақсы бастаған оқытушы студенттердің сұрақтарына алдын 
ала дайындалған іс қимылды көрсете отырып, семинарға деген студенттердің көзқарасын сезініп, 
студенттерді сергітіп, бүгінгі сабаққа, орындалатын жұмысқа көңілдерін аудартады. 
Бірінші сабақтан бастап-ақ студенттерден оқу тобы алдында жауап алғаннан кейін емес, 
алдын ала сабақ басында дайындалмауының себебін ашып айтуға дағдыландыру қажет, бұл сол 
оқу тобының өзінің әрбір мүшесінің мінез қүлқы үшін жауапкершілігін күшейтеді. Оқытушының 
ойластырылған, нақты құрастырылған, формасы жағынан ашық, мәнерлі бастамасы немесе 
"кіріспе сөзі" семинарда үлкен рөль атқарады. Осы кіріспе сөзі арқылы бүкіл сабақгың бағыты, 
өзектілігі және мәселенің түйіні анықталады. 
Зерттеліп отырған теориялық мәселелердің мағынасы мен мәнін әдетте лектор ашып 
береді. Сондықтан кіріспе сөзде тақырыптың мазмұнын кеңірек ашып, студенттердің зейінін 
күшейту, сұрақты білетіңдігіне сенімін арттыру, нығайту қажет. 
Түптеп келгенде кіріспе сөз идеялық жағынан толыққанды болып, талқыланатын 
мәселенің нұсқасын белгілеп көрсететін, оның жастарға өмірдегі алатын орнын, маңыздылығын 
сипаттап, тақырыптың келесі тақырыптармен байланысын ашып көрсету қажет. Формасы 
жағынан кіріспе сөз ықшамды, логикалық жағынан тартымды, сөзімдік-психологиялық тұрғыдан 
шындық пен ақиқатқа негізделуі тиіс. Бірінші сұрақты негіздей отырып, оқытушы сабақтың 
қандай да бір формасына сөйкес өз қалаулары бойынша бір студентті немесе алдын ала келісіп 
тапсырылған студентті немесе белсеңділік танытпаған, көп қысылатын немесе өзіне-өзі сенімсіз 
болып отырған студентті жауап беруге шақырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет