бірден байкайды. Және сол сынды ескерту ретінде айтуға, баяңдамашының сөзін қақпайлай
сөйлеуге бағыттайды. Осы қақпайласа сөйлеу арқылы баяндамашыны тоқтатып, айтқан ойын
таддауына болады. Баяндамашы тарапынан айтылған ойға тікелей аудитория, яғни білім
алушылар тарапынан айтылған сын орынды деп есептелінеді.
Баяндамашының баяндау процесі барысында аудиториядағы жағдайды семинар жетекшісі
үнемі өз бақылауында ұстап тұрады. Кейде осындай жағдайларда білім алушылар басқа әдебиетті
немесе келесі болатын сабақтың кітаптарына көз жүгіртіп отырады, ал
кейбіреулері тыныш
отырғанымен ойлары басқа жақта болады. Бұл кезде, әрине баяндамашыны токтатып, зейін
салмай отырған білім алушылаға ескерту беріп немесе баяндамашының соңғы сөйлемін қайталап
немесе ойды талдауын талап етуге болады. Бірақ дәл мұндай жағдай семинар сабағының
шығармашылық бағытына кедергі келтіретіңдіктен, тек кана ары карай сабақ жүргізуге
мүмкіншілік болмай қалған жағдайда ғана қолдану қажет. Ең дұрысы сабақтың тәртібін бұзып
отырған студентке сөз беріп, аудитория алдында жауап бергізіп, ескерту жасау қажет.
Білім алушылардың баяндамашыға карай әбден назарын аудартып болып,
семинар
жетекшісі, алдын ала оларға баяндамаға мәңді, мазмұнды талдау жасай алған студентке
баяндамашымен бірдей жоғары бағалайтындығын айтып қоюы қажет.
Баяндамашыға сұрақты оқытушы емес, білім алушы қойғаны дұрыс. Мерзімінде сұрақты
қойып үлгеру, қызықты сұрақ қоя білу ж. т. б. студенттерді ынталандыра білу қажет. Білім алушы
қойған сұрақтың тақырыпқа байланысты болуын, әрі дұрыс, әрі нақты құрастырылуын талап ету
қажет.
Егер мәселе білім алушылардың шексіз қызығушылығын тудырып, бірақ дұрыс
қанағаттанарлықтай етіп меселе шешілмесе, онда сол мәселені келесі семинарға қалдырып, жаңа
әдебиеттер беріледі. Білім алушылардың ол туралы ойланып келуін талап етеді. Ал ең дұрысы
бұл мәселені оқытушы өз міндетіне алып, соңына шейін түсіңдіріп бергені абзал. Бұл жерде
студенттердің оқытушының теориялық жағынан жақсы
хабарлылығына көздері жетеді, ең
бастысы білім алушылардың қатты қызыққан мәселелері оқытушының дұрыс пайымдауы
арқылы шешіледі. Бұл жағдай қойылған мәселеге де, білім алушыларға де оқытушының
байыппен қарағандығын байқатып, әрі жауап беруден ешкім бас тартпау керектігіне көз
жеткізеді. Осы көріністің өзі білім алушылардың көз алдыңда оқытушының өз пәнінің мықты
маманы екені көрініп, білім алушы осы сұрақты "Мен неге білмеймін?"
деп ойлануына
итермелейді.
Оқытушы семинар сабақтарында туындаған сұрақтардың барлығын өзіне жүйелі түрде
белгілеп отыруы қажет. Бұл оқытушыға бүкіл оқу процесі барысында сабақтың жақсы немесе
әлсіз жағын көрсететін мәлімет ретінде жинақталып, берілген оқу тобының, жастарының түрлі
мүдделері туралы, ойлау қабілетінің тереңдігі және мәліметтің меңгерілу сапасын байқауға
мүмкіндік береді. Осының негізінде курстың меңгерілуінің лайықты нәтижелілігін көтеретін
үйлесімді шараларды белгілеп ойластырған жөн.
Осыдан кейін, яғни баяндамашыға сұрақ қою мәселесі аяқталғаннан кейін баяндаманың
теориялық және әдістемелік артыктықшылықтары мен кемшіліктерін, сондай-ақ қойылған
сұрақтарға берілген жауаптардың өзін талқыға салады.
Достарыңызбен бөлісу: