Семинар сабағының әдістемелік ұсынысы (барлық мамандық студенттері үшін)



бет26/85
Дата12.01.2022
өлшемі423,5 Kb.
#23956
түріСеминар
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   85
Негізгі ұғымдар: Жаңа экономикалық саясат, продналог, концессия, жер-су реформасы, ұлт-аумақтық межелеу, индустриализация. Кооперация, жайылымдық-шабындық жерлер, ұжымдастыру, халық наразылықтары, ұлт-азаттық қозғалыстар, аштықтың зардаптары, демографиялық ахуал, Фашистерден отанды қорғау соғысы, майдандағы ерліктер, тылдағы ерліктер, жеңістің әлемдік-тарихи маңызы.

Тақырыпты оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулықтар:

Қазақ шаруаларын меншігінен айыру және күштеп ұжымдастыру Қазақстан тарихында бұрыннан зерттеліп келе жатқан тақырып. Дегенмен, кеңестік заманда ұжымдастыру мәселесі, оның қазақ халқы үшін болған салдарлары мен нәтижелері туралы шынайы ғылыми тарихнама қалыптаспады. Аталған тақырыпты оқып-үйренуде тарихшы ғалымдар М.Қозыбаевтың (М.К. Қозыбаев.История и современность.-Алматы: Казахстан,1991), М.Қойгелдиев пен Т.Омарбековтің (М. Қойгелдиев, Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді?- Алматы: Санат, 1992), Б.Аяғанның (Буркитбай Аяған. Красные и черные (материалы Гуверского архива). - Алматы, 2005.) еңбектеріне назар аудару қажет. Қазақстандағы тәркілеу және ұжымдастыру туралы тарихнамалық зерттеулер 1960 жылдардың соңынан бастап қана жазыла бастады. Бұл ізденістер мақалалар, баяндамалар, арнайы ізденістер ретінде жарық көрді. Оған Г.Ф.Дахшлейгер, С.Л.Ковальский, Ә.Б.Тұрсынбаев, С.Т.Тұрғанбаев, Н.А.Алимбаев, М.Х.Шаумян, А.П.Кучкин, Б.А.Төлепбаевтың зерттеулерін атап айтуға болады. Атап айтқанда Б.А.Төлепбаевтың 1971 жылы жарияланған «Торжество ленинских идеи социалистического преобразования сельского хозяйства в Средней Азии и Казахстане», 1984 жылы жарыққа шыққан «Социалистические аграрные преобразования в Средней Азии и Казахстане» атты еңбектері назар аудартады. Бұл еңбектер теориялық жағынан ескіргенімен, Қазақстан мен Орта Азияның өмірінде болған кеңес өкіметі жылдарындағы аграрлық өзгерістерді өзара салыстырып қарауға мүмкіндік береді. Кеңінен баяндау бағытындағы еңбектер қатарында Г.Ф.Дахшлейгер мен К.Нұрпейісовтың «История крестьянства Советского Казахстана» еңбегі қомақты орын алады. Атаулы еңбек танымдық сипатымен маңызды болғанмен, кеңестік жүйе кезінде жарық көргендіктен, авторлар ұжымдастырудың тек жақсы жақтарына көп көңіл бөлген. 1920-30 жылдардың күрделі тарихын, қарама - қайшылыққа толы қоғамның саяси - әлеуметтік өзгерістерін жаңа теориялық тұрғыдан бұрын жабық болып келген деректерді ғылыми айналымға қосып, жан - жақты зерттеулер жүргізген белгілі ғалымдар М.Қозыбаевтың, К.Нұрпейісовтың, Т.Омарбековтың, М.Қойгелдиевтің, Қ.Алдажұмановтың, Ж.Әбілхожиннің еңбектерін айрықша атауға болады. Зерттеу еңбектерде ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихының қайшылықты кезеңдеріне, кеңестік тоталитарлық жүйе жүргізген төтенше саяси - шаруашылықтық науқандарға мұрағат деректері мен құжаттары негізінде талдау жасалынған.



1920-1930 жылдардағы ұжымдастыру мен ашаршылық туралы алғашқы еңбектер шетелдiк басылымдарда жарық көргенi белгiлi. Солардың ішінде британдық тарихшы Роберт Конквестiң 1986 жылы шыққан «Жатва скорби: советская коллективизация и террор голодом» (ағылш. Robert Conquest. The Harvest of Sorrow: Soviet Collectivisation and the Terror-Famine) еңбегi ерекше. Р.Конквест «Қазақ­стан­дағы ашаршылық қолдан жасалды, басқаша айтқанда 1921 жылғы тәсілмен қайталанғанын, таза идеологиялық қы­сыммен, ойластырылмай жүргізілген ұжым­дас­тыру саясатының нәти­же­сінде туындаған. Бірақ, Қазақстандағы ашар­шы­лық Украинамен салыс­тыр­ғанда әдейі ұйым­дастырылды деуге болмайды. Өйткені, Кеңес өкіметінің қоғамның барлық саласын­дағы әрекеті, өзара байланысты: кулактарды тәркілеу, ұжымдастыру және ауылдағы жасанды ашаршылық» деген тұжырым жасайды. Американдық сарапшы Марта Брилл Олкотт (Martha Brill Olcott) «Коллективизация в Казахстане» атты еңбегінде: «кеңестанушы үшін ең үлкен проблема, 1930-жылдардағы оқи­­ға­ларды түсіну және дұрыс түсіндіру» екен­дігіне назар аударады. Қазақтар да украин­дық­тар сияқты, Сталиннің аграрлық саясатын геноцид ретінде қарастыруына болады, өйткені ұжымдастыру­дың мақсаты ук­раин­дықтар мен қазақтарды ата-қоны­сынан аластату арқылы орыстарды қоныс­тандыру, сөйтіп егіншіліктің жаңа, ұжымдық түрін ұйым­дас­тыру болды. Дегенмен, автор зерттеу барысында Қазақ­стан­дағы ұжым­дас­­тыру сая­саты­ның, эт­ни­калық топ­тарды жою мақсатын көздеген КСРО-дағы кез келген басқа облыстармен тең келетін құ­жат­тарды ешқашан кездестір­мегенін» атап өтеді. «Годы голода: Советское сельское хозяйство 1931-1933гг.» атты кітаптың авторлары Р.У.Дэвис и С.Г.Уиткрофт (R.W.Davies and Stephen G.Wheatcroft) 1930 жылдардағы саяси оқиғаларды құжаттық деректер мен есте­ліктер негізінде КСРО-ның аграрлық сая­саты­ның топтамасын - егін егуден бастап 1931 жылғы жоспарлау кезеңіне дейін көрсетуге тырысады. Ұжымдастыру науқаны мен ашаршылық нәу­бетіне қатысты Николо Пианчиоло (Nicollo Pianciola) «Голод в степи. (Коллективизация сельс­кого хозяйства и казахские крестьяне)», француз тарихшысы Изабель Огайонның «Седентаризация казахов СССР при Сталине. Коллективизация и социальные изменения (1928-1945 г.г.)», Н.М.Ней­марктың (Norman M. Naimark) «Геноциды Сталина», Шейла Фицпатрик (Sheila Fitzpatrick) - «Сталинские крестьяне: социальная история Советской России в 30-е годы: деревня», Дана Далримплдің (Dana G.Dalrymple) «Советский голод 1932-1934 годов» зерттеу еңбектері мен мақалалары шықты.

Соғыс кезіндегі республика тарихын зер сала зерттеп, алғаш көлемді монографиялар жазған ғалымдар – Ғ.Әбішев пен М.Қ. Қозыбаевтар болды. Тарихшы-ғалымдардың зерттеулерінде Ұлы Отан соғысы кезіндегі елдің дамуы, қазақстандықтардың майдан мен тылдағы жеңіске қосқан үлестеріне лайықты баға беріліп [Абишев Г. Казахстан в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг. А.-А.: Казгосиздат, 1958.; Козыбаев М. Компартия Казахстана в период Великой Отечественной войны (1941-1945 гг.).- Алма-Ата: Казахстан, 1964.-363 с; Козыбаев М.К. Казахстан-арсенал фронта. Алма-Ата. Казахстан. 1970. 471 с., Ұлы ерлік.-Алматы: Қазақстан, 1980.156 с. Майдангер студенттер.-Алматы,1985.-105с.], «Қазақстан-майдан арсеналы» деген қорытынды жасалды. Алайда еңбектердің коммунистік идеология тұрғысынан жазылғандығы айқын көрінеді. Сонымен қатар осы кезеңде А. Нүсіпбековтың еңбектері, О. Малыбаев пен Ғ. Әбішевтің жұмыстары жаңаша ойларымен, пайымдауларымен көзге түседі [Нусупбеков А.Н. Могучий арсенал Великой Отечественной войны // Известия АН КазССР. Сер. историч. - 1947. - Вып.З.- С.73-84; Казахстанцы в битве под Москвой.- В кн.: Казахстан в Великой Отечественной войне: Очерки,- Алма-Ата, 1968, вып.1. Т.6.- С. 5-32; Малыбаев О. Дружба, испытанная в боях за Родину. А.-А., Казгосиздат,1955; Абишев Г. Работа партии большевиков по воспитанию чувства советского патриотизма у бойцов-казахов в годы Великой Отечественной войны (1941-1945 гг.). А.-А., Казгосиздат, 1950.]. Олардың арасында соғыс жылдарындағы республика еңбекшілерінің еңбегі мен қазақстандықтардың Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысуы академик А.Н. Нүсіпбековтің ғылыми еңбектерінде орын алды. Тарихшы-ғалым бұл еңбектерінде мерзімді баспасөз материалдарымен қатар мұрағат құжаттарын кең қолдана отырып, еліміздің майданға қосқан үлесі жөнінде пікірлер айтты. Қазақстанда жасақталған әскери құрамалар жөніндегі құжаттарды кеңінен жинақтап, жариялауда зерттеуші-ғалым П.С.Белан көп еңбек сіңірді. Ол өзінің ғылыми зерттеулерінде қазақстандықтардың Белоруссия, Прибалтика, Сталинград пен Волга түбіндегі шайқастарға қатысуы мен Москваны азат ету барысында Қазақстанда жасақталған дивизия, бригадалардың соғыс қимылдарын нақты түрде талдап, көрсете білді [Белан П.С. Казахстанцы в боях за освобождение Белоруссии и Советской Прибалтики (1941-1945 гг.). -Алма-Ата: Наука, 1988; Казахстанцы в битве на Волге. -Алма-Ата: Ғылым, 1990.; На всех фронтах: Казахстанцы в сражениях Великой Отечественной войны 1941-1945 гг.. - Алматы: Ғ Ғылым, 1995. -336 с.]. Соғыс ардагерлері Қ. Көпішев, Ә.Халимулдин, Ә.Нұршайықовтар соғыс күнделігі мен мұрағат қорындағы құжаттарға сүйене отырып, Алматы мен Ақтөбе қаласында жасақталған 100-ші және 101-ші ұлттық дербес атқыштар бригадаларының жауынгерлік жолдары, қарулас достарының ерлігі хақында құнды мәліметтер береді [Көпішев Қ. Қара бұлтты қақ жарған. -Алматы: Қазақстан, 1994; Халимульдина А., Халимульдин Ә. Мәншүктің жұлдызды сәті: Естеліктер. - Алматы: Балауса, 1992.- 445 б.; Нұршайықов Ә. Таңдамалы шығармаларының 10 томдығы. -Алматы: Қазығвдрт, 2005. - Т. 2; Роман, майдан жазбалары: Т. 3; Роман, хикая, әсселер, Т. 4. Очерктер; Т.5. Тоғыз толғау; Т. 10. Менің замандастарым.]. Соңғы жылдары жарық көрген еңбектерден публицист қаламгерлер В.Могильницкийдің, В.Суворовтың жалпы Ұлы Отан соғысына, екінші дүниежүзілік соғыс тарихына қатысты жаңаша көзқарастары, пайымдаулары жазылған соны еңбектерін атап өтуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет