Семинар сабағының әдістемелік ұсынысы (барлық мамандық студенттері үшін)


Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері



бет4/85
Дата12.01.2022
өлшемі423,5 Kb.
#23956
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Байланысты:
Семинар әдістемесі 2021

Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері

Білім алушылардың білімі, білігі, дағдысы мен шеберлігі бақылаудың барлық түрлері бойынша тікелей пропорционалдық қатынасы бар бағалаудың балдық-рейтингілік таңбалық жүйесі бойынша анықталады.

Пайыздық мөлшері 95-100% және 4,0 сандык баламасы бар «Өте жақсы» деген бағалауға А, пайыздық мөлшері 90-94% және 3,67 сандық баламасы болса А- бағалауына сәйкес келеді.

Бұл бағалар білім алушыға, егер ол дайындық материалдарын толық игеруін көрсеткен және қандай да бір қателіктерге бой алдырмай дұрыс орындаған семинарлық және зерттеулік түрдегі ізденіс жұмыстарын уақытылы әрі дұрыс орындаған және ол бойынша конспект тапсырған, бұған қоса өзіндік бірегей ойлау қабілетін танытқан, бақылау жұмысын орындауда қандай да бір қателіктер жібермеген және үй тапсырмаларын орындаған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, пәнді оқып-үйрену барысында өздігінше қосымша ғылыми әдебиеттерді пайдаланған, бағдарламалық оқу материалдарын өз еркімен жүйелей білген жағдайда қойылады.

Пайыздық мөлшері 85-89% және 3,33 сандық баламасы бар «жақсы» деген бағалауға В+ сәйкес келеді және осы бағалауда пайыздық мөлшері 80-84% және сандық баламасы 30 болса В,пайыздық мөлшері 75-79% және 2,67 сандық бағалауы В - ға сәйкес келеді.

Бұл бағалар студентке, егер ол дайындық материалдарын 75%-дан кем игермесе және бұған қоса жауап беру кезінде айтарлықтай қателіктер жібермеген, семинарлық және зерттеулік түрдегі ізденіс жұмыстарын уақытылы орындаған және оны тапсыруда негізсіз ескертулері болған, конспект жазу мен үй тапсырмаларын дұрыс әрі уақытында орындап негізсіз ескертулермен тапсырған, оқытушының нұскауы бойынша қосымша әдебиеттерді пайдаланған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуда немесе негізсіз ескертулер болған және елеулі қателіктері студенттің өздігімен түзетілген, бағдарламалық оқу материалдарын оқытушының көмегімен жүйелей білген жағдайда қойылады.

Пайыздық мөлшері 70-74% және 2,33 сандық баламасы бар «қанағаттанарлық» деген бағалауға С+ сәйкес келеді және осы бағалауда пайыздық мөлшері 65-69% және сандық баламасы 2,0 болса С, пайыздық мөлшері 60-64% және 1,67 сандық бағалауы С-% пайыздық мөлшері 55-59% және 1,33 сандық баламасы бар D+, пайыздық мөлшері 50-54% және сандық баламасы 1,0 болса D сәйкес келеді.

Бұл баға студентке егер ол дайындық материалдарының кем дегенде 50% игерген, бұған қоса семинарлық және зерттеулік түрдегі ізденіс жұмыстарын, үй тапсырмаларын орындау кезінде оқытушының көмегін қажет еткен, конспект жазу кезінде толымсыз жауаптары мен негізсіз ескертулері болған, зерттеу жұмыстарында белсенділік көрсете алмаған, тек қана оқытушы көрсеткен әдебиеттермен ғана шектелген, материалдарды жүйелеуде біршама қиыншылықтарға бой алдырған жағдайда қойылады.

Пайыздық мөлшері 0-49% және 0 сандық баламасы бар «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға Ғ бағалауы сәйкес келеді.

Бұл баға студентке, егер оның бағдарламада қарастырылған негізгі материалдарды оқуда кемшіліктері білінген, пән бағдарламасының жартысынан астамын игермеген, жауаптарында елеулі кателіктер жіберген, ағымдағы формалармен қарастырылған жеке және ағымдағы және қорытынды бақылауларды орындамаған, бағдарламада қарастырылған барлық негізгі әдебиеттермен жұмыс жасамаған жағдайда қойылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет