Тақырып № 4.Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы
Жоспары:
1. Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұны
2. Сталиндік «үлкен» қуғын-сүргін, оның ауқымы мен ауыр салдарлары
3. Фашистерден отанды қорғау соғысының басталуы
4. Екінші дүниежүзілік соғыстың ащы қорытындылары мен тағылымды сабақтары Мақсаты: Қазақстанның КСРО шикізат бөлігіне айналуын көрсету. XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси даму барысындағы тоталитарлық режим жүйесінің орнауының алғышарттарын анықтау. Қазақстандағы жайылымдық-шабындық жерлерді бөлу мен оның нәтижелері, ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның қайшылықтары мен қателіктерін, жергіліктің халық наразылықтарын тарихи деректер негізінде оқып-үйрету, қазақ қоғамындағы кеңестік саясаттың жүргізілуі мен ықпалындарына талдау жүргізу. Сонымен бірге 1931-1933 жылдардағы аштықтың зардабын, аштықпен күрес, қазақ зиялыларының рөлін, халықтың жаппай қоныс аударуын, демографиялық ахуалдың күрт төмендеуін тарихи зерттеулер мәліметтері арқылы жеткізу. Екінші дүниежүзілік соғыс пен Ұлы Отан соғысының басталуы және Қазақстанның біртұтас әскери лагердің құрамдас бөлігіне айналуы, жауға қарсы күшті жұмылдыру, экономиканы соғыс жағдайына қайта құру, КСРО-ның жауланған аудандарының эвакуацияланған тұрғындары мен кәсіпорындарын орналастыруды, майданда ерлік көрсеткен қазақстандықтарды, қазақ халқының тылдағы ерліктерін, соғыс жылдарындағы мәдениет пен ғылымның дамуын, жеңістің әлемдік-тарихи маңызын оқып-үйрену жаңа мәліметтерге назар аудару.