Бақылау сұрақтары
1. Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер – ұлт-азаттық қозғалыстар жалғасы
2. Мәскеудегі Қазақстан әдебиеті мен өнерінің он күндігі – ұлт рухының өміршеңдігінің айқын көрінісі
3. Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен қатардағы жауынгерлердің ерліктері - ата-баба қаһармандығының дәстүрлі жалғасы.
4. «Түркістан» легионы. М.Шоқай соғыс жылдарындағы әрекеті.
Тақырыпты оқып-үйренуде студент нені білуі тиіс:
- дәстүрлі қазақ қоғамының құлдырауына әкеліп соққан қазақ ауылдарын кеңестендіру саясаты;
- күштеп ұжымдастыру науқаны кезінде ауылда әлеуметтік жіктеу саясаты өте жоғары қарқынмен жүргізілуі;
- Қазақстандағы өкімет орындарының саясатына деген наразылықтың алғашқы белгілері мен мемлекеттің күш қолдану саясатына шаруалардың табанды қарсылығы;
- Қазақстандағы ауыл шаруашылығын жүргізудегі солақай саясаты;
- Кеңес өкіметінің ауыл шаруашылығын жүргізу бағыттары мен қателіктері;
- қазақ халқына тигізген зардаптары, аштыққа ұшырау;
- елдің Қазақстаннан тыс аймақтарға көшіп кетуі;
- республиканың қоғамдық-саяси және мәдени өмірін;
- Қазақстандағы жаппай саяси қуғын-сүргін (репрессиялар) және оның кезеңдері.
- соғыс қарсаңындағы КСРО және Қазақстанның жағдайын;
- қазақстандықтардың соғыс майданындағы және тылдағы ерліктерін;
- күштеп көшірілген халықтардың Қазақстан экономикасы мен мәдениетіне қосқан үлесін.
Достарыңызбен бөлісу: |