Негізгі ұғымдар: ҚР Конституциясы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы, экономикалық даму, әлеуметтік реформалар, этнодемографиялық үдерістер, ұлтаралық келісім.
Тақырыпты оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулықтар:
Келешек Қазақстан тарихнамасының өзекті мәселелерінің бірі – Тәуелсіз Қазақстан Республикасының пайда болу, қалыптасу және даму тарихы болары күмәнсіз. ХХ ғасыр соңында адамзат тарихындағы ең алып империялардың бірі – КСРО-ның күйреуі нәтижесінде, әлем картасының бетінде бірнеше жаңа мемлекеттердің пайда болып, тарих сахнасына шыққандығы белгілі. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы. Бұл бірнеше мыңжылдық тарихы бар қазақ халқының өміріндегі жаңа кезеңнің, яғни ең жаңа тарихының басталуы болды. Қазақ халқы, осы елді мекендеген басқа да ұлттар өкілдерімен бірге, өз мемлекетін қайта құру ісімен айналыса бастады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінде тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігін іс жүзінде қалыптастырудың жолдары мен өзіндік ерекшеліктері туралы айтып өтеді. Ол КСРО-ның, ойын картасынан тұрғызылған үй сияқты, көз алдымызда қирап қалуына байланысты туындаған қысылтаяң жағдайда ескі, әбден сынға ұшыраған мемлекттік аппраттың нәтижелі жұмыс істей алатындығын айта келе: «Қазақстан билік құрылымдарын революциялық жолмен күйрете салуға бой ұрған жоқ. Реформаның сипатына және даму барысына орай бірте-бірте өзгертіліп, жаңа сапаға көтерілді. Әсіресе мемлекеттілігімізді қалпына келтіруіміздің эволюциялық сипаты басым болғанын ең үлкен табысымыз деп білемін» - дейді. «Ғасырлар тоғысында» ұлттық мемлекет құрудың теориялық негіздерін жасап, оның жолдары мен ерекшеліктерін көрсетілсе, жаңа сипаттағы ұлттық мемлекет құрудың алғышарттары мен оны нығайту жолдары туралы ойлар «Тарих толқынында» атты кітабында одан әрі жалғастырылған. Ұлттық мемлекет құру сияқты істің, сол мемлекет құрушы ұлттың тарихымен, бүгінімен және болашағымен тығыз байланысты аса күрделі іс екендігін осы кітабында нақты деректерге сүйене отырып негіздеген.
Қазақстан мемлекеттігіне де жалпы заңдылақтар мен ортық қағидалар тән. Мысалы, жалпы мемлекеттіктің болмысы туралы мемлекеттанушы ғалымдар Е. Қ. Нұрпейісов, А. К. Котов: “Мемлекеттіктің болмысы өкіметтің саяси ұйымдасуы элементтерінің толық емес түрдегі жиынтығы бола отырып, адамдар қаблеттерінің табиғи теңсіздігі мен олардың жеке бастың бостандығына билік пен меншікке деген бірдей ұмтылысымен негізделеді. Осыған байланысты қоғам мүшелерін тең дәрежеде топтастыру үшін қоғамдық билікті орталықтандыру қажеттігі туады. Сондықтан мемлекеттік болмыс тарихта заңды түрде егемендіктің қалыптасуы немесе осы мемлекеттің қирауы, қайта құрылуы және оның басқа егемен мемлекеттің құрамында жұтылып кетуі түрінде көрінеді. Нақты бір форма мен мазмұнға ие егемендік болмыс бостандықтың мемлекет болып қалыптасу процесінің нәтижесі болумен қатар, бір мезгілде бостандықтың халықаралық құқық тәртібіндегі құқықтық мемлекет түріндегі құқық ретінде қалыптасуы болып табылады”-дейді. Мұның бәрі де бізде көрініс тапты.
Аталған тақырыпты оқып-үйренуде отандық тарих бойынша белгілі ғалымдар Б.Аяған, Х.Әбжанов, Ч.Мусин, Ж.Артықбаев (Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. Жоғары оқу орындарының тарихшы емес мамандықтарына (бакалавриат) арналған оқулық. – Алматы «Раритет», 2010, Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. – Алматы: «Қарасай», 2010, Мусин Ч. Қазақстан тарихы. - Алматы, 2008, Артықбаев Ж. Қазақстан тарихы. Оқулық-хрестоматия. - Астана, Фолиант, 2000, Ибраева А. Ғ. Қазақстанның жаңа заман тарихы: оқу-әдістемелік құрал. - Петропавл: М. Қозыбаев атындағы СҚМУ, 2015, Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-экономической истории Казахстана. XX век. - Алматы: ЮАТ. - 1997.) және т.б. баспадан жарияланған зерттеу еңбектерге басты назар аударған жөн.
Қазіргі таңда студенттер, оқытушылар мен зерттеушілердің тарихи веб-ресурстарды пайдалану тәжірибесі Интернетті маңызды ақпарат көзі ретінде қарастыруды көрсетті. Тәуелсіз Қазақстанның тарихы бойынша ақпараттар іздеу үшін студенттерге мынадай ресми сайттарды ұсынуға болады: http: //www. Akorda.kz/, http: //www. tarihibilim. kz/; http: //www.//қазақстанның ашық кітапханасы. http://ikitap. kz/ru/, http: //www.e-history.kz/; http: //www. president. kz/; http: //tarih. tor. kz/, http: //www. elim. kz/ және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |