Семинар сабағының жоспары: «Жемқорлықтың»


тақырып: Жемқорлық әрекеттер үшін құқықтық жауапкершілік



бет7/10
Дата25.04.2023
өлшемі80,56 Kb.
#86676
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері пәні бойынша семинар сабақ тапсырмалары

7 тақырып: Жемқорлық әрекеттер үшін құқықтық жауапкершілік


Семинар сабағының жоспары:


1. Тәртіптік жауапкершілікке әкеп соғатын сыбайдас жемқорлық әрекеттері.
2. Әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатын сыбайдас жемқорлық әрекеттері.
3. Қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын сыбайдас жемқорлық әрекеттері


1 тапсырма


"Атамекен" бюджеттік ұйымының басшысы Жақсылықов М.С. аталған ұйым үшін компьютерлік техниканы жеткізу конкурсында ұтысты қамтамасыз етіп бергені үшін "өз үлесін" алды. Жеңімпаз "Самғау" ЖШҚ өкілі Шұғай А.Н. жеткізу шартының талаптарын толық орындамаған. Осы азаматтардың қалыптасқан жағдайдың себептерін анықтау мақсатындағы кезкеті кездесулерінде, құқық қорғау органдарының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен құрықтады.


Сұрақ:


1. Тәртіп сақшылары кімді ұстайды?
2. Қандай қызметтер мен органдар өкілдері құқық қорғау органдарының қызметкерлері болды?
3. Ұсталғандарға қандай құқық бұзушылықтар бойынша айып тағылды?
4. Сыбайлас жемқорлық қатерін қалай азайтуға болады:
а) бюджеттік ұйымдар басшылығының қызметінде?
б) конкурсқа қатысушы - шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметінде?


Ескерту: №1 тапсырманы орындау үшін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің жоғарыдағы баптарын оқып шығыңыз (кодексқа сілтеме берілген) және сұрақтарға жауап беріңіз.


2 тапсырма


2019 жылдың 15 желтоқсанында жазатайым оқиға болды. Lexus RX60 жүргізушісі А.Г. Мұсағалиев қарсы жолда келе жатқан ВАЗ2110 көлігімен соқтығысқан, Лексус көлігі жол жиегіне лақтырылып, нәтижесінде жол жиегінде болған жаяу жүргінші, оқиға орнында қайтыс болды.
Мұсағалиев өзінің досы областық полиция бөлім басшысының інісі М.Н.Мақсұтовқа ағасымен кездесуді ұйымдастыруды өтінді.
Мақсұтов өзінің ағасы А.. облыстық полиция бөлім басшысынан мәселені шешіп беруін сұрады. Облыстық полиция бөлім басшысы қажетті қорытынды жасайтын сарапшыға 10 мың доллар әкелуі керек екенін түсіндірді. Осы қиын мәселеде көмектескені үшін Мұсағалиев областық полиция бөлім басшысының өзіне жеке 50 мың доллар беруі қажет.
Мұсағалиев сарапшыға 10 мың доллар беруге келісіп, ал областық полиция бөлім басшысына әйелінің ақ Toyota Prado көлігін ұсынды.
Мәселені шешу үшін областық полиция бөлім басшысы сарапшыны шақырып, қажетті сараптама қорытындыларын жасауын өтінді. Және бұл қызметі үшін бөлім бастығының орынбасары лауазымына тағайындайтының айтты. Сарапшы бұл ұсыныстан бас тартты. Областық полиция бөлім бастығы сарапшының өзін де және күйеуін де жұмыстан босатамын деп қорқытты. Сарапшы келіспей, өз арызымен полицияға жүгінді.


Сұрақ:
1.Полиция бөлім басшысы қандай заң бұзушылық бойынша айыпталады?
2. А.Г.Мұсағалиев қандай заң бұзушылық бойынша айыпталады?
3. Мұсағалиевқа Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес қандай жаза тағайындалуы мүмкін?


Ескерту: №2 тапсырманы орындау үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің жоғарыдағы баптарын оқып шығыңыз (кодексқа сілтеме берілген ) және сұрақтарға жауап беріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет