2 тапсырма Жоғарыда көрсетілген баптар ішінен 2 бапты таңдап алыңыз, таңдалған бабыңыз бойынша қылмыс құрамын анықтаңыз.
Ескерту: Қылмыс құрамы 4 элементтен тұрады: 1.Қылмыстың объектісі - болып қылмыс нәтижесінде зиян шеккен әлеуметтік қатынастар табылады. Яғни, қылмыстан зардап шеккен нәрсе - объект. 2.Қылмыстың обьективті жағы - бұл қылмыстық әрекеттің қоршаған әлемдегі мазмұны, сыртқы көрінісі, яғни қылмыс әрекет немесе әрекетсіздік арқылы қалай жасалды. 3.Қылмыстың субьектісі - қылмыс жасаған адам. 4.Қылмыстың субьективті жағы - бұл адамның жасаған ісіне психикалық қатынасы, яғни адам абайсызда немесе қасақана қылмыс жасаған.
Жоғарыда аталған барлық баптардың субъективті жағы ҚАСАҚАНА болады, өйткені сыбайлас жемқорлық қылмыстары ешқашан абайсызда жасалмайды
Тапсырманы орындау үлгісі: 452-бап Биліктің әрекетсіздігі 1. Биліктің әрекетсіздігі, яғни бастықтың немесе лауазымды адамның өзіне немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында өзінің қызметтік міндеттерін орындамауы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқса.
Қылмыстың объектісі - егер бұл азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін немесе қоғамның немесе заңмен қорғалатын мемлекеттің мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкелсе, басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру болып табылады. Қылмыстың объективтік жағы- Биліктің әрекетсіздігі, яғни өзінің немесе басқа адамдар мен ұйымдардың пайдасы мен артықшылығын алу мақсатында қызметтік міндеттерін орындамауы Қылмыстың субъектісі - бастық немесе лауазымды тұлға Қылмыстың субъективті жағы - қасақана