6-АПТА. 11-СЕМИНАР. 1 САҒАТ. 5 Б.
11-семинар сабағының тақырыбы: ХV –ХVІ ғғ. Қазақ хандығы.
Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы жәнеқазақ жеріндегі мемлекеттіліктің бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы туралы ауызша төменде түзілген сұрақтар бойынша пікір-талас, дискуссия.
Семинар сабағының жоспары: Қазақстан тарихы (Қазақ елі). 2 кітап. – Алматы: Қазақ университеті, 2016 – 458 б. https://elib.kaznu.kz/book/3850 Қазақ сөзінің мәні мен мазмұны туралы (152-157 бб)
Қазақ хандығы құрылуының барысы мен кезеңдері (169-183 бб)
XV ғ. алғашқы ширегіндегі Қазақ хандығының дамуы (Бұрындық, Қасым хандар) (192-199 бб)
XVI ғ. екінші ширегіндегі Қазақ хандығының уақытша әлсіреу кезеңідегі саяси тарихы (Мамаш, Тахир, Бұйдаш, Қожа-Ахмед, Тоғым хандар) (200-203 бб)
Сабақтың мақсаты: Қазақ хандығы дәуірінің кезеңделуі. Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы және негізгі оқиғалары, қазақ хандарының саяси қызметіне баға беру, Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын тойлануының тарихи маңызын ашып көрсету.
Әдістемелік нұсқаулар: Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы және Қазақ хандығы тарихына байланысты деректер мен зерттеу еңбектеріне ауызша талдау жасалынады. Сонымен қатар, студенттер қазақ хандарының ішкі және сыртқы саясаты, қызметіне байланысты кесте дайындауы қажет. Студенттер бірнеше топқа бөлініп, пікірталас, дискуссия жасайды.
6-АПТА.12-СЕМИНАР. 1 САҒАТ. 5 Б.
12-семинар сабағының тақырыбы: ХVІІ-ХVІІІ ғасырдың басындағы Қазақ хандығы.
XVII-XVIII ғғ. басындағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы бойынша төменде көрсетілген сұрақтар негізінде топқа бөлініп, пікірталас, дискуссия жасайды.
Семинар сабағының жоспары: Қазақстан тарихы (Қазақ елі). 2 кітап. – Алматы:Қазақ университеті, 2016 – 458 б. https://elib.kaznu.kz/book/3850 Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығының саяси дамуы (203-211 бб)
Шығай мен Тауекел хандар тұсындағы саяси өзгерістер (212-218 бб)
Есім хан тұсындағы Қазақ хандығының саяси тарихы (219-223 бб)
Жәңгір хан және қазақ-жоңғар қатынастары (223-228 бб)
Тәуке хан тұсындағы сыртқы саяси байланыстардың дамуы (232-237 бб)