Семинар сабағының тақырыбы: Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы



бет1/25
Дата14.10.2023
өлшемі69,42 Kb.
#113896
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

Семинар сабақтарының тақырыптары және әдістемелік нұсқаулар:


1 АПТА. 1 СЕМИНАР. 1 САҒАТ. 5 Б.
1 семинар сабағының тақырыбы: Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы.
Ежелгі Қазақстан аумағындағы алғашқы адамдардың пайда болуы, тұрмысы мен шаруашылығы, тарихи үдерістердің кезеңдері, homo sapіensтің қалыптасу ошақтары мен археологиялық ескерткіштердің маңызы және зерттелуі туралы жаңа көзқарастар туралы ауызша төменде түзілген сұрақтар бойынша жауап дайындау.
Семинар сабағының жоспары:
1. Тарихи үдерісті кезеңдерге бөлу.
2. Антропогенез, глоттогенез, культурогенез туралы түсінік.
3. Қазақстан аумағының тас дәуірінің археологиялық ескерткіштері.
Семинар сабағының мақсаты: Қазақстан аумағындағы ежелгі дәуір кезеңдерінің ерекшелігін көрсету. Қазақстан аумағының ландшафтық-климаттық өзгерістер, ежелгі адамдар және олардың даму кезеңдері мен тас дәуірі ескертекіштерінің тарихи маңызын айқындап, осы кезеңді зерттеген ғалымдардың негізгі көзқарастары мен тұжырымдарына кешенді түрде баға беру.
Әдістемелік нұсқаулар: Қазақстан аумағындағы ежелгі ескерткіштер мен тұрақтардан табылған археологиялық жәдігерлерді сипаттап, оларды зерттеген ғалымдардың еңбектеріне ауызша талдау жасалынады. Сонымен қатар алғашқы адамдардың пайда болуы туралы түрлі көзқарастарды сараптап, жазбаша дайындалуы қажет. Студенттер бірнеше топқа бөлініп, пікірталас, дисскусия жасайды.


1 АПТА. 2 СЕМИНАР.1 САҒАТ. 5 Б.
2 семинар сабағының тақырыбы: Қазақстан аумағындағы тарихқа дейінгі адамдардың мәдениеті.
Ежелгі палеолит, мезолит, неолит, энеолит пен қола дәуірі кезеңдеріндегі рухани және материалдық мәдениеттің ерекшеліктеріне, зерттелу мәселесіне жаңаша талдау жасап, өнер, білім, діни көзқарастардың қалыптасуы туралы ауызша баяндау, картамен жұмыс жасау.
Семинар сабағының жоспары:
1. Ежелгі кезеңдегі өнер мен діни түсініктердің қалыптасуы.
2. Ескерткіштердегі антропо және зооморфтық бейнелердің ерекшеліктері.
3. Жартасқа сурет салу өнері – петроглифтер.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет